
Алматыда «Қазақстан мұғалімі 2020» ұлттық сыйлығының 10 лауреаты анықталды. Бас жүлдені – Нұр-Сұлтан қаласындағы «НЗМ» филиалының химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева жеңіп алды.
Динара Бейсембаева — химия пәнінің мұғалімі, экология магистрі, «Расширенное Эссе» жетекшісі, ғылыми мақалалар мен басылымдардың авторы, дарынды балалардың білім алу қажеттіліктеріне арналған бағдарламаның жасаушыларының бірі. Оның оқушылары — ғылыми сайыстардың және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
10 лауреат Қазақстанның атынан жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайтын «Әлем мұғалімі-2021» Жаһандық сыйлығына (Global Teacher Prize 2021) номинацияланатын болады.
Олардың қатарында сыйлық жеңімпазы — Динара Бейсембаева, және 9 финалға қатысушылар бар. Атап айтар болсақ: – Ольга Ким — Қарағанды қаласы, № 27 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тіл дамыту маманы;
–Ержан Жұмаділов — Тараз қаласы, дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мамандандырылған лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі;
Алма Маханова — Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы бастауыш сынып мұғалімі;
– Дина Құдабаева — Қызылжар қаласы, «Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалының физика пәнінің мұғалімі;
– Арнур Қазыбеков — Нұр-Сұлтан қаласы, NURORDA мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі;
– Мейрамгул Жанаспаева — Семей қаласы, № 3 жалпы орта білім беру мектеп-кешенінде орыс тілі және әдебиет мұғалімі;
–Елена Варганова — Теміртау қаласы, № 16 жалпы орта білім беру мектебінде экология және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі;
– Жанар Жақсылықова — Павлодар қаласы, № 16 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімі;
– Гүлнар Жақыпова — Нұр-Сұлтан қаласы, «Республикалық физика-математика мектебінің» математика мұғалімі. 2019 жылы Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Global Teacher Prize Жаһандық сыйлығының ресми өкілі атанып, 4 000 000 теңге жүлде қоры тағайындалған «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын бастады. Байқаудың мақсаты – озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, сондай-ақ елімізде педагог еңбегінің беделін арттыру. «Қазақстан мұғалімі-2020» Ұлттық сыйлығына еңбек өтілі үш жылдан кем емес, кез-келген бастауыш және орта білім беру (орта мектептер, гимназиялар, лицейлер) педагогтары қатысуға мүмкіндік алды.
https://www.inform.kz