«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сиыр және балық өнімдерінен коронавирус табылды

Ухань қаласының (ҚХР) билігі Бразилия мен Вьетнамнан импортталған сиыр және балық өнімдерінің сыртқы қаптамаларынан пакеттерінде COVID-19 табылуына байланысты эпидемиологиялық тергеу бастады.

Ухань қаласының Аурулардың жаппай таралуының алдын-алу орталығының мамандарының айтуынша, коронавирусы бар өнімдер дүкен сөрелеріне жетіп үлгермеген.
Қазіргі уақытта індет табылған жерде жұмыс істеген жүздеген қойма қызметкерлері коронавирусқа қарсы тестілеуден өткен. Қызметкерлердің барлығының сынақ қорытындылары теріс нәтиже көрсеткен. Бразилия мен Вьетнамнан жеткізілген өнімдердің барлық партиясы тексеруден өтіп жатыр.

 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp