«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бескөлдегі экспромт кездесу

Халық қалаулылары қатарынан көрінгісі келетін азаматтардың тұрғындармен кездесу шаралары жалғасын табуда. Осы жолы Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Геннадий Зенченко, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ерлан Тоқшылық пен Елена Левина Қызылжар ауданында болып, алдағы сайлау жайында сөз қозғады.

Олар атап өткендей, келесі жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлау – тарихи оқиға. Егер де қызылжарлықтар “Nur Otan” партиясын қолдаса, онда алдағы 5 жылда барлық күш-жігер өмір сүру деңгейін арттыруға ба-ғытталады. Бұл дегеніңіз – тұрғындардың білім, денсаулық сақтау саласында сапалы қызметке ие болуы. Кандидаттардың жоспарымен таныс болған соң жиналғандар оларға сұрақ қойып, аудан өміріне қатысты уәждерін де ортаға салды.

“Сайлауалды бағдарламамызға сай елді мекендердің проблемаларын шешуге дайынбыз. Олардың қатарында төмен демография, жұмыссыздық және инженерлік тораптар мәселелері де бар”, – деді Ерлан Тоқшылық.

Кандидаттар Бескөлдегі сауда орталықтарының бірінде аудан тұрғындарымен экспромт кездесу өткізді. Бұл жерде денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер қозғалып, нұротандықтар оларды шешуге бағытталған өз жоспарларымен бөлісті. Байқағанымыздай, жергілікті тұрғындардың еліміздің бас партиясына деген сенімі зор.

Кездесу “Есіктен – есікке” акциясымен жалғасып, кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 бағыт туралы егжей-тегжейлі баяндады. Мысалы, олар ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрылатынын атап өтті. Жарықпен қамтамасыз ету және ауызсу тарту мәселесі де жоспарға енгізілген. “Nur Otan” партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халық бірлігін нығайту жолындағы жұмысын жалғастыратын болады”, – деген Геннадий Зенченко сайлауалды бағдарламадағы міндеттер 5 жыл ішінде жүзеге асатынын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp