«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Mağjan”-ның жаңа саны

Журналдың үстіміздегі жылғы алғашқы санынан да ойлы оқырманға олжа біраз дүниелерді кездестіруге болады.

Кітапқа құмар, әдебиетке әуес жұртшылыққа жазушы Тұрысбек Сәукетаевты таныстырып жатудың өзі артық болар. Қаламгердің басы­лымның беташарынан орын алған “Мен жындымын” романынан үзін­дінің бүкіл оқиғасы Тәуелсіздік жылда­рында өтеді. Бас кейіпкердің бас­тан кешкендері мен санасында шар­пысқан ойлары, түрлі көңіл күйдегі пси­хологиясы арқы­лы бағаланатын бү­гінгі қоғамның қалтарыс-бұлтарысы ро­ман сюжетін тартымды ете түскен.
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың ие­гері Тыныштықбек Әбдікәкімовтің рухты жырларын төл поэзиямыздың белгілі өкілдері: “Қазақ өлеңіндегі құбылыс” деп бағаласа бағалағандай-ақ. “Көкірегінен ұлтымыздың иісі аңқитын өлеңді көшірген” қаламгердің жұпар жырларына да журнал бетінен орын беріліпті. Ал Мемлекеттік сыйлықтың иегері жазушы, драматург Роза Мұқанованың “Сарра” пьесасын оқып отырып, талас-тартыс үстінде ашыла түсетін характерлер, фи­налдың әр кез тосын түйінделуі, қаһармандардың қайталанбауы, формалық ізденіс, мазмұндылық сияқты қаламгер драматургиясына тән қасиеттерге қаныға түсеміз.
“Мағжан” журналының ұжымы жарық көрген күннен бастап ел деңге­йінде көрініп жүрген жас буын өкілдеріне, өңір қаламгерлеріне ерекше қам­қорлықпен қарап, жазған дүниелерін қалың оқырманға ұсынып келеді. Бұл жолы журнал бетінен жас ақын Файзулла Төлтайдың сырлы өлеңдері, облыстық “Soltústik Qazaqstan” газетінің бас редакторы Ербақыт Аман­тайұлының “Чемпион” атты эссесі, Сағындық Мауғазин­нің “Жолдыбай” әңгімесі орын алған.

Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Soltüstık Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp