
Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінде бірнеше жыл бақташы болып еңбек еткен Еділ Дүйсенбеков 2019 жылы Меңгесерде 600 сиырға арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы ашылған соң сонда сүт сауу цехының операторы болып жұмысқа орналасқан. Ол бұл жұмысты да тез меңгеріп әкетті.
– Ферма жұмысы компьютермен басқарылады. Мұнда Еуропа елдерінің соңғы үлгідегі қондырғылары қойылған. Күніне 56 тонна сүт сауылады. Біздің жұмысымыз барынша жеңілдетілген. Ең бастысы, еңбегіміз лайықты бағаланады, – дейді Еділ Дүйсенбеков.
Сүт сауу цехындағы барлық жұмысты 3-4 сауыншы ғана атқарады. Мұнда күніне 540 сиыр сауылады.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.