«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТАЗА ЖАҒАЛАУ”

Солтүстік Қазақстан облысы жас­тар мәслихатының бастамасымен Петропавлдағы арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері “Таза жағалау” акциясын өткізді. Бұл шараға қатысқан облыс орталығындағы 9 колледждің оқушылары Пестрое көлі мен Есіл өзенінің жағасын қоқыстан тазартты. Жай сенбілік емес, жарыс түрінде өткізілген акция барысында Солтүстік Қазақстан педа­гогикалық колледжінің студенттері 546 келі қоқыс жинады. Екінші орын Машина жасау колледжі өкілдерінде, ал үшінші орын Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары педагогикалық колледждің еншісінде. Шараға қатысқан 165 студент 2 тоннаға жуық қоқыс жинап, қаламыздың тазалығына үлес қосты.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp