«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда мас жүргізуші 17 жастағы қызды қағып кетті

Петропавлда 17 жастағы қызды жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде зардап шегуші қыз оны қағып кеткен жүргізуші тоқтамай, қашып кетуге тырысқанын жазды . Оның артынан еріп келе жатқан апаттың куәсі болған жүргізуші тоқтап, қызды көлігіне отырғызып алып, жол ережесін бұзған көлік иесін қуып жетеді.

Осы жағдайға қатысты полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Lada 21154» маркалы көлік құралының 63 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған қала тұрғынын қағып кеткен. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Кейіннен медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бойжеткен үйіне жіберілді. Алынған медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші мас болмаған. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Іс процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавлдың әкімшілік полиция бөлімшесіне берілді. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp