«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Иманбек Зейкенов тағы бір марапатқа ие болды

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Billboard Awards жүлдесінің иегері болды. Бұл туралы музыкант Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін «Үздік электрон ән» номинациясында марапатқа ие болды.

«Billboard Awards марапатын алдым. Ол да Grammy сияқты, тағы бір сыйлық қанжығада», деп жазды музыкант.

Billboard Music Award – музыкалық чарттардағы үздік жетістіктері үшін америкалық музыкалық баспа Billboard басылымы беретін музыкалық сыйлық.

Айта кетейік, осы композиция үшін Иманбек Зейкенов Grammy алған болатын.

egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp