«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тиісті шешімдер қабылданды

Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясы өтті.

Депутаттар жиынында “2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу”, “Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу”, “Өңірдің ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, тәртібі мен мөлшерін айқындау”, “Петропавл қаласы бас жоспарының жобасын мақұлдау”, “Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтары мен сайлауға қатысуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау”, “Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 6 қарашадағы облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамы туралы шешіміне өзгерістер енгізу” мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp