Өскеменде волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ойындары жалғасуда. Солтүстікқазақстандық “Есіл” волейбол клубының қоржынында 2 жеңіс пен 1 жеңіліс бар.
Ел кубогы үшін таласта жерлестеріміз “А” тобында өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы турда қызылжарлықтар атыраулық қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түсті. Екінші ойынды “Есіл” клубының ойыншылары өскемендік “Алтайға” қарсы өткізіп, дәл осындай есеппен есе жіберді. Үшінші кездесуде жерлестеріміз “Павлодар” командасының алдын орап кетті. Матч нәтижесі бұл жолы да 3:1.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.