Жуырда “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен “Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау” қоры отандық дизайнерлер арасында “Altyn oimaq” байқауын жариялаған болатын. Петропавл қаласына жұмыс сапарымен келген жобаның жетекшісі Диана Ботаева жергілікті тігіншілірмен кездесіп, байқаудың шарттарын түсіндірді.
– Елімізде ине-жіпке икемді әрі білікті дизайнерлер аз емес. Алайда, жасаған бұйымдарын көпшілік арасында насихаттау әркімнің қолынан келе бермейді. Өйткені, ол үшін білім, қаржы қажет. Байқаудың мақсаты – ұлттық брендтегі киім-кешектер мен әшекейлерді жарнамалау және жаңа есімдерді таныстыру. Енді кез келген қолөнерші байқауға өз жұмысын ұсына алады, – дейді Диана Ботаева.