42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алу үшін салық төлемдері жоқ адамдар бірыңғай жиынтық төлем төлеуі тиіс. Сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар да бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылады. Бұл қызмет енді Beeline компаниясы арқылы да қолжетімді. Ұялы байланыс операторының абоненттері төлемді «Менің Beeline-ым» қосымшасы және SMS-хабарлама арқылы төлей алады.
Оның көлемі қалалықтар үшін – 2 651 теңге, ал ауыл тұрғындарына – 1 325 теңге. Бұл соманы төлеу үшін «Менің Beeline-ым» қосымшасында «Төлемдер» бөліміне, содан соң «Басқа» қосымша бөліміне өтіп, Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) табу керек. Одан соң 5505 нөміріне қала және ауыл тұрғындары сәйкесінше GORODESP ЖСН нөмірі немесе SELOESP ЖСН нөмірі мәтіні жазылған SMS жіберуі тиіс. Төлем аяқталған соң, 2020 нөмірінен SMS-чек келеді. Сондай-ақ, қосымшаны қолданушылар төлемді төлем тарихынан тексере алады. Бұл қызмет үшін комиссия ұсталмайды.
«Қазір адамдардың үйде отырғаны қажет. Сондықтан біз тұтынушыларымыз қаржы операцияларын қашықтан орындай алуы үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Олар қолма-қол ақша ұстамай және қоғамдық орындарда басқа адамдармен байланыспай, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі үшін «Менің Beeline»-ым қосымшасы орнатылған смартфоны болса жеткілікті», – деді Beeline Қазақстанның цифрлы қаржы сервистер қызметінің директоры Сергей Головань.
Сурет: https://cabinethelp.kz/