«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Beeline індет салдарымен күресуге 312 миллион теңге бөлді

Beeline Қазақстан төтенше жағдай кезінде құрылған «Birgemiz» қорына 312 миллион теңге жарна аударды. Бұл қаржы мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажет тауарлар мен медицина жабдықтарын сатып алуға жұмсалмақ.

«Beeline зейнеткерлер мен мүгедектерді тегін байланыспен қамтамасыз етті, барлық қазақстандыққа қазнетке, сондай-ақ негізгі білім ресурстарына шексіз қосылу мүмкіндігін ұсындық. 16000-нан астам дәрігер тегін минуттар мен гигабайттар топтамасын пайдалануда. Біздің компания төтенше жағдай жарияланған бірінші күннен бері, осы бір қиын-қыстау кезеңде отандастарымызды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Республикалық қорға жарна аудару – мұқтаж жандарды бірінші кезекте қажет тауарлармен қолдаудың қисынды жолы», – деді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

«Қор Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыстық әкімдіктердің ұсынуы бойынша азаматтардың 7 санатына көмек көрсетеді. Бұл – аз қамтылған көп балалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз тобына жататын жандар, жетім балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, оларға теңестірілгендер, сондай-ақ тыл еңбеккерлері. Бұған қоса коронавируспен күресте індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медицина қызметкерлері де назарымызда. Қосқан үлесі мен қолдауы үшін Beeline компаниясына қордың атынан алғыс айтамын», – деді «Birgemiz» қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеев.
*«Birgemiz» қоғамдық қоры 2020 жылы 20 наурызда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен, COVID-19 індеті кезінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек қолын созу үшін құрылған. Қордың қамқоршылық кеңесінің шешімімен еліміздің 23 қаласындағы 150 мыңнан астам мұқтаж жанға көмек көрсетіледі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp