«IPHONE» ГАЗЕТ ЖАНАШЫРЫНА БҰЙЫРДЫ
Облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газетінің 105 жылдығы мен 2026 жылға баспасөзге жазылу науқанына орай ұйымдастырылған «Газетке жазылып, iPhone ұтып ал!» акциясы өз мәресіне жетті. Шартқа сай газетке жазылған оқырман ұтысқа қатысуға мүмкіндік алды. Су жаңа «iPhone» иегері 31 желтоқсан күні тікелей эфирде анықталды. Жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменов жеңімпаздың есімін лототрон арқылы анықтады. Бәріміздің көкейімізде сыйлықты газеттің …