ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Қызылжар өңірінің делегациясы Ресей Федерациясының Омбы облысында жұмыс сапарымен болып, шекаралық аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғылыми және мәдени орталықтарын аралады. Қазақтың ағартушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, мемориалдық кешенде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға тағзым етілді. Сондай-ақ осындағы қазақ ұлттық мәдени ұйымының өкілдерімен жылы жүзді кездесу өтті. …