ТЕЛЕМЕДИЦИНА — АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ТИІМДІ
Өңірімізге жұмыс сапарымен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният келді. Елордалық мейман мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен өңірде телемедицинаның ашылу салтанаты өтті. Қанатқақты жобаны жүзеге асыруға Франция үкіметі 650 мың еуро грант бөлген. Осылайша ауыл тұрғындары облыстық көпбейінді аурухананың медицина мамандарымен тікелей онлайн байланысқа шығуға мүмкіндік алды. “C3Medical” және “HopiMedical” компанияларының демеуі арқасында екі облыстық аурухана …