УЕФА ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖӨНДЕЛУДЕ
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысанды аралады. Өңір басшысы алдымен «Қарасай» стадионындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Стадионда өткен жылдың қазан айында ойын алаңының жабынын ауыстыру, оған жылыту қондырғыларын, автоматтандырылған суару жүйесін қою, матч-жарықтандыру, дизельді электр станциясын орнату жұмыстары басталған болатын. Осы мақсатқа 1 млрд. 282 млн. теңге бөлінген. Жоба …