Тұрғындардың мәселесі ескерусіз қалмайды
Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Олар өңір басшысына жерді тиімді пайдалану, инвестиция тарту, жеке шаруашылықтарды дамыту, жайылымдық жерлерге қатысты мәселелері мен ұсыныстарын айтты. Есіл ауданының тұрғыны Алмагүл Қожахметова ауыл шаруашылығымен айналысады. Кәсіпкердің фермасында 135 бас ірі қара бар. Бұдан бөлек, 119 гектар егістік және 50 гектар шабындық алқапқа ие. Кәсіпкер былтыр …