«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

БИЕ СҮТІН ӨНДІРЕТІН БІРЕГЕЙ ФЕРМА

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов сұлу табиғатымен сұқтандыратын Айыртау ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады, тұрғындармен кездесті.  Алдымен Бірлестік ауылын­да салынған мәдени-сауықтыру орталығының құрылысымен танысты. Нысанның жобалық құны – 156,6 млн. теңге. Бас мердігер – «Техноком» ЖШС директоры Хамзат Авхадовтың айтуынша, жалпы аумағы 300 шаршы метр алаңды алып жат­қан ғимарат жаңғыртылып, екі тренажер, теннис үстелі, …

БИЕ СҮТІН ӨНДІРЕТІН БІРЕГЕЙ ФЕРМА Read More »

ҮМІТТІ ҮЗГЕН ҮКІМ

Қылмыстық кодекстің 174-ші бабы, яғни «Ұлттық алауыздықты қоздыру» бойынша істі болған Жансұлу Дархамбаеваның тағдыры өңірдің ғана емес, тұтас елдің назарында болды. Шалғайдағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға қызмет бабымен келіп, Сокологоровка, Урожайное мектептерінде еңбек жолын жалғастырған мұғалімнің абақтыға қамалуына 2025 жылы «TikTok» әлеуметтік желісінде бейнежазбалар жариялауы, ұлтаралық араздықты қоздыруы негіз болды. Алайда аяғы ауыр келіншектің тағдыры …

ҮМІТТІ ҮЗГЕН ҮКІМ Read More »

ҚАЛДЫҚ ӨҢДЕЙТІНДЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

 Өңірге жасаған жұмыс сапары аясында экология министрі Ерлан Нысанбаев тұрғындармен кездесіп, облыстағы экологиялық ахуалға тоқталды. Кездесу барысында экология, орман шаруашылығын дамыту, елді мекендерді көгалдандыру, атмосфералық ауаның сапасын бақылау және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.  Кездесуде «Қызылжар» ор­ман шаруашылығы басшысы­ның міндетін атқарушы Конс­тантин Мурзаев ағаш ресурста­рын пайдалануға беру кезіндегі белгіленген бағаның тым қым­бат екенін, …

ҚАЛДЫҚ ӨҢДЕЙТІНДЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР Read More »

Талабы таудай Дидар

Қоғамның қозғаушы күші білімді де белсенді жастар екені даусыз. Егемен еліміздің ертеңі осындай жастардың қолында. Бүгінгі таңда ел болашағына сеніммен қарайтын жаңа буын өкілдері білім мен тәрбие, ғылым мен шығармашылық, еріктілік пен азаматтық белсенділік сияқты көптеген салада өздерін жан-жақты дамытып келеді. Солардың арасынан озық шыққан, ерекше білім мен жігер иелерін танытатын маңызды алаңдардың бірі – …

Талабы таудай Дидар Read More »

ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Алдағы уақытта облыс орталығында халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін мұз аренасы бой көтермек. Спорт нысаны Ж.Қизатов көшесінде орналасады. Мұз аренасында 400 метрлік конькимен жүгіру жолы, екі хоккей корты және керлинг алаңдары қарастырылған. Жанынан 50 метрлік олимпиадалық жүзу бассейні, жекпе-жек, көркем гимнастика, …

ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР Read More »

 АУЫЗСУСЫЗ АУЫЛ ҚАЙТІП КҮН КӨРЕР?

Жылдың алғашқы жартыжылдығында өңірде әлеуметтік-экономикалық даму оң серпін көрсетті. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында осы кезеңге қатысты негізгі көрсеткіштер мен жобалар талқыланды. Жарты жыл ішінде облыс экономикасы­ның өсімі 11,8 пайызды құрады. Бұл өңір экономикасының тұрақтылығын және даму әлеуетінің жоғары екенін көрсетті. Отырыста облыс әкімі инвестициялық жобалардың орындалуын қатаң бақылауға алуды, тұрғын үй-коммуналдық …

 АУЫЗСУСЫЗ АУЫЛ ҚАЙТІП КҮН КӨРЕР? Read More »

 БАЙЛАНЫС АЯСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ …

Интернет – ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келе жатқан байланыс түрі. «Қазір бәрінің қолынан телефон түспейді» дейтініміз де содан. Еңкейген қа­риядан бастап еңбектеген балаға дейін ғаламтордан өзіне керегін табады, алыстан жылдам хабар алады. Бірақ елімізде интернеттің игілігін көру барлығына бірдей бұйырмаған. Мә­селен, өңірде әлі де сол байланысқа мұқтаж, желі ұстамайтын …

 БАЙЛАНЫС АЯСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ … Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕГІ ДУМАН

Облыс орталығында қала күніне орайластырылған бір­қатар шаралар өтті. Соның бірі –«Ауылдың үздік мәде­ниет мекемесі – 2025» облыс­тық көркемөнерпаздар бай­қауының гала-концерті. Ауыл­дағы өнерпаздарды қолдау, демеу елді мекендерді дамы­туға қосқан зор үлес. Осыны мақсат тұтқан байқауға об­лыстың түкпір-түкпірінен келген үздік ауылдық өнер ұжымдары қатысып, вокал, хореография және аспаптық орындаушылық бойынша өз шеберліктерін көрсетті, жеңімпаздар анықталды. Байқау қорытындысы …

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕГІ ДУМАН Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМНІҢ САПАСЫ ЖОҒАРЫ

Облыс орталығында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жыл сайынғы көрме өтті. Биыл байқауға өңірімізден 32 кәсіпкер қатысқан. Кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен бас­талған жоба осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жоба жергілікті шикізатты өңдеуді дамыту, бәсекеге қабі­летті өңірлік брендтерді қалыптастыру үшін қажет. Көрмені об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те аралап көріп, жергілікті өнім­нен дәм татты. …

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМНІҢ САПАСЫ ЖОҒАРЫ Read More »

МӘРТЕБЕСІ ҚАЛА БОЛҒАНЫМЕН, МӘСЕЛЕСІ ШАШ-ЕТЕКТЕН

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде аудандық маңызы бар 48 шағын қала есепке алынған, бірақ олардың үштен бірі бұл өлшемге сәйкес келмейді. Өйткені мұндай мәртебеге ие болудың басты шарты – халық санының 10 мыңнан кем болмауы және де тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейі белгілі сапалық талаптарға жауап беруі тиіс. Өңірімізде …

МӘРТЕБЕСІ ҚАЛА БОЛҒАНЫМЕН, МӘСЕЛЕСІ ШАШ-ЕТЕКТЕН Read More »

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ

Тайынша қаласында өткен 45-ші облыстық жазғы «Ақбидай» спарта­киадасы биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар­ға ерекше әсер сыйлады. Ашылу салтанатындағы театрландырыл­ған көріністер мен өнер ұжымда­рының концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты. Ашылу рәсіміне облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, депутаттар, аудан әкімдері, ауылдықтар және спортшылар қатысты. «Ақбидай» – бұл жай ғана жарыс емес, достық пен бірліктің, отансүйгіштік пен жі­гердің …

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ Read More »

 БОТАЙ – АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ

Петропавл қаласында бірегей археологиялық ескерткіш – «Ботайға» арналған монументалды өнер нысанының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа монумент Ботай мәдениетінің Қазақстан мен бүкіл адамзат тарихындағы маңыздылығын бейнелейді. Бұл монумент тарихи-мәдени мұраны есте қалдырумен қатар, жұртшылықтың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыруға бағытталған. – Бүгін біз үшін тарихи маңызы зор айтулы күн. «Ботай» археологиялық ескерткішіне арналған монументалды өнер құрылысының …

 БОТАЙ – АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ Read More »

ЖАҢА ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА

 Биыл М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­тетін 1500 жас тамамдап, ере­сек өмірге жолдама алады. Об­лыс орталығында өткен салта­натты шара үздік диплом иегер­леріне арналды. Кешке облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, мәртебелі меймандар, универ­ситет оқытушылары мен түлек­тердің жақындары қатысты. Жаңа белеске қадам басқан жастарды айтулы күнмен өңір басшысы құттықтады. «Бүгінгі күн – сіздер үшін үлкен арман мен мақсаттарға жол …

ЖАҢА ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА Read More »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  АХУАЛ –  АЛАҢДАУҒА СЕБЕП

Өңір тұрғындарын облыстың экологиялық және инфрақұрылымдық ахуалы алаңдатып отыр. Заңсыз пайда болған қоқыс полигондары, кәріздік тазарту жүйелерінің жаңғыртылмауы, Петропавл қаласының аумағына күкіртсутек иісінің жайылатыны бұл мәселені одан сайын күрделендіре түсуде.  РҰҚСАТСЫЗ САЛЫНҒАН ПОЛИГОНДАР Облыстағы қатты тұрмыстық қал­дықтар полигондарының басым бөлігін­де заңды рұқсат құжаттары жоқ. Эколо­гия және табиғи ресурстар министрлігі берген ресми ақпаратқа сүйенсек, облыс аумағында …

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  АХУАЛ –  АЛАҢДАУҒА СЕБЕП Read More »

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТТЫ

Петропавл қаласына жұмыс сапарымен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов келді. Сапар барысында министр өңірлік бөлімшелерге 11 арнайы көліктің кілтін табыстады. Сонымен қатар көктемгі су тасқынымен күрес кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттады, еліміздегі алғашқы модульдік құтқару стансасының тұсауын кесті. Солтүстікқазақстандық құтқарушы­ларға табысталған жаңа техникалар апат­тық-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізу­ге мүмкіндік береді. Ішінде жедел ден қою және …

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ МҮМКІНДІГІ АРТТЫ Read More »

БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ – БАПКЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Қазақ күресі – ешқандай да күрес түріне ұқсамайтын төл спортымыз. Зерттеулер қазіргі самбо, дзюдо, еркін күрестегі негізгі айла-тәсілдер қазақ күрес өнерінен алынғанын дәлелдеуде. Ұлттық күрес Балуан Шолақ белдескен, Қажымұқанның табаны тиген Қызылжарда да өркендеп келеді. Боз кілемде атой салған балуандарымыздың артында білікті бапкерлер тұрғанымен, олар көбіне жеңімпаздың көлеңкесінде қалып жатады. Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы …

БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ – БАПКЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ Read More »

Жанат АЙТБАЕВ: «ДОМБЫРА ҮНІ РУХТАНДЫРАДЫ»

– Жанат Хамитұлы, Қызыл­жар өңіріне келгеніңізге ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. Соң­ғы кезде қазақтың ұлттық өнерін дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, күні ертең аталып өтетін ұлттық домбыра күні – осы сөзіміздің айғағы. «Руха­ният қоғамды тәрбиелейді» деп жатамыз. Олай болса, қазағы­нан қонағы басым өңірдің дом­быраға, дәстүрлі әнге деген көз­қарасы қалай өзгерді? – Бұрын мектептерге ба­рып, концерт …

Жанат АЙТБАЕВ: «ДОМБЫРА ҮНІ РУХТАНДЫРАДЫ» Read More »

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗАУЫТ

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Ол – жарма және түрлі дән өнімдерін өндіретін жоғары технологиялық зауыт. Жобаны «Қазақстан бида­йы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаның жалпы құны 3 миллиард теңгеден асады. Ал қажетті инфрақұры­лымды тарту үшін облыстық бюджеттен 291 миллион теңге бөлін­ген. Зауыт құрылысы 2024 …

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗАУЫТ Read More »

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап еліміз тарихи дамудың жаңа кезеңіне өтті. Егемен Қазақстанның алдында жаңа асулар тұрды. Әлемдік аренада ұлт бо­лып қалу үшін атқарылар жұмыс көп еді. Соның бірі – алты алашқа алтын тұғыр болатын жаңа астананың орнын айқындау. Бұл мәселе тоқсаныншы жылдардың басында көтеріле бастады. Ал 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңес елорданы ауыстыру туралы …

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН Read More »

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ӘРІПТЕСТІК

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайлық «Beijing Guancheng Shenghua Investment» компаниясының басқарма төрағасы Ма Юнхумен жүздесті. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуеті талқыланды. Аталған корпорация өнеркәсіптік және тұрғын үй нысанда­рын салу, сондай-ақ ауыл шаруа­шылығын дамыту саласына ма­манданған. Инвестор облыста элеватор мен құрамажем зауытын салуға қызығушылық білдірді. Өңірде «Qyzyljar» арнайы эко­номикалық аймағын кеңейту …

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ӘРІПТЕСТІК Read More »