«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ЖАС МАМАНҒА ЖӘРДЕМ

Қызылжар ауданында мұ­ғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында жас педагогтардың слеті өтті. Дәстүрге айналған шараға өңірдің түкпір-түкпірінен 50 ұстаз келген. Шараға елімізге танымал 10-нан астам спикер қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлт­тық академияның аға ғылыми қызметкері Меруерт Өмірәлиева еңбек жолын енді бас­таған жастарды заман талабы­на сай ұстаз болуға, уақытты қалай үнемдеуге үйретті. – Жас мамандарға толып жатқан техникалардың …

ЖАС МАМАНҒА ЖӘРДЕМ Read More »

КІТАПҚА ҚҰШТАР ЖАС ӨРЕН

Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімнің киелі ордасы. Ал қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, наси­хаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – абыройлы мамандық иелері. Өскелең ұрпақты кі­тап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызығу­шылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген көзқарасын …

КІТАПҚА ҚҰШТАР ЖАС ӨРЕН Read More »

ҒАБЕҢНІҢ АУЫЛЫНДА

Жаңажол ауылы – ұлт тарихы мен әдебиетінің қос тұлғасын тоғыстырған қасиетті мекен. Бірі – елге елеулі, халық анасы атанған Ұлпан болса, екіншісі – қазақ әдебиетінің қаламгері Ғабит Мүсірепов. Жаңажол облыс орталығы Петро­павлдан 200 шақырымдай қашық жатыр. Жолдың сапасы нашар, сол себепті ауыл­ға жеңіл көлікпен үш сағат шамасында жетуге болады. Бүгінде мұнда 280 тұрғын, 71 үй …

ҒАБЕҢНІҢ АУЫЛЫНДА Read More »

ҚҰДІРЕТТІ ҚОС ІШЕК

Қазақтың бар қасиетін бойы­на жиып, осы күнге аман жеткіз­ген басты құндылығымыз – күй өнері. Он саусағынан өнер төгіл­ген күйшілердің арқасында са­йын даламыздың сан ғасырлық тарихы мен ұлтымыздың арман- мұраты әсем әуенге айналып, осы күнге жетіп отыр. Мың жылдық тарихы бар қасиетті қара домбыраның құдіретін ұр­паққа танытып, ұлттық өнерімізді жаңа заманға аманаттау – аға буынның міндеті. …

ҚҰДІРЕТТІ ҚОС ІШЕК Read More »

ШЕЖІРЕЛІ БІЛІМ ҰЯСЫ

Биыл талай қыранды қанаттандырып, талай ұланды ұясынан ұшырған қасиетті қарашаңырақ – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының құрылғанына 90 жыл толады. «Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақ­сы», – деп Ыбырай Алтынсарин айт­қандай, мұғалімдер еңбегінің жемісі шәкірттерінің қол жеткізген табыста­рына байланысты екені белгілі. Мен бұл мақалада мектебіміздің мәртебесін биіктетіп, іргесін бекіткен жандар тура­лы сөз …

ШЕЖІРЕЛІ БІЛІМ ҰЯСЫ Read More »

СОҒЫС ҰРЛАҒАН ТАҒДЫРЛАР

Екінші дүниежүзілік соғыста әкемнің екі ағасы мен анамның әкесі хабарсыз кетіп, жақындарының жүрегінде өшпес сағыныш пен қайғының ізін қалдырды. Хабарсыз кеткендердің қабірін көзбен көрмегендіктен өлдіге қимай, көңілге ауыр шер орнады. Жылдар бойы үш арысымыздың қай жерде көз жұмып, қай топыраққа жамбасы тигені беймәлім болып келген-тін. Тек соңғы жылдары ғана ізденістіру жалғасып, көпшіліктің көңілінде үміт оты …

СОҒЫС ҰРЛАҒАН ТАҒДЫРЛАР Read More »

ТҰТАС ТҮРКІНІҢ МАҚТАНЫ

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің биік шыңы Абай болса, өткен ғасырда сөз өнерінің асқарына шыққан тұлға – Мағжан Жұмабаев. Мағжан поэзиясы кешегі Алаш қозғалысының үні, әде­биеттегі ізі іспетті. Ол туралы ұлт кө­семі Әлихан Бөкейхан ағалық үміт күтіп, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жырларын ғылыми еңбегінде пайдала­нып, Алаштың «ақылы» саналған Жүсіпбек Аймауытов алғаш талдау жа­саған. Өз мақаласында Жүсіпбек …

ТҰТАС ТҮРКІНІҢ МАҚТАНЫ Read More »

ҚОС ТҰЛҒА ЖАЙЛЫ ҮЗІК СЫР

Атақты жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың қазақтың көптеген зиялы азаматтарымен етене араласып, дос, жолдас болғаны белгілі. Олардың арасында Алашорда қозғалысының көрнекті басшыларының бірі Міржақып Дулатов та бар. Мағжан 1905-1910 жылдары Қызылжар қаласындағы медре­седе білім алған. Қаланың орта­сында орналасқан медресені Стамбул университетінде оқы­ған, араб, парсы тілдерін емін- еркін меңгерген Мұхамеджан Бекішев ашқан. Мұнда араб, парсы, түрік, татар тілдерімен …

ҚОС ТҰЛҒА ЖАЙЛЫ ҮЗІК СЫР Read More »

«ЖОЛДЫҢ САПАСЫЗ САЛЫНУЫ – ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ»

Жол – ел экономикасының күретамыры ғана емес, әр отбасының күнделікті тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты сала. Ауыл мен қаланы, облыс пен орталықты байланыстыратын көлік инфрақұрылымының жай-күйі – бүгінгі таңда халықтың көп көтеретін, өзекті әрі өмірлік маңызы бар мәселелерінің бірі. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары редакциямызға жол сапасына қатысты көптеген сұрақтарын жолдады. Оқырман тарапынан түскен сауалдарға «Жол активтері сапасы …

«ЖОЛДЫҢ САПАСЫЗ САЛЫНУЫ – ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ» Read More »

ӘДІЛ СОТ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңын бекіткен соң ғана мемлекеттік билік институттарын жедел құруға кірісті. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атануы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге ұласып, сот жүйесін құруға себеп болды. Сот реформалары мемлекеттің дамуындағы негізгі мәселе ретінде қарастырылды. Қазақстанның әлемдік құқықтық ұйымдарға қосылуы заманға сай сот ор­гандарын құру үдерісін …

ӘДІЛ СОТ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ Read More »

ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

Облыста қайтарылған ак­тивтер есебінен жүзеге асыры­лып жатқан 33 әлеуметтік жоба облыс прокурорларының тұ­рақты бақылауында. Бұл туралы облыс прокурорының бірінші орынбасары Абу-Али Саттар мәлімдеді. Бас прокуратура Үкіметпен бірлесіп, қайтарылған қара­жатты ел игілігіне пайдалану бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Республика бойынша бүгінде 333 жоба қол­ға алынған. Бұл – өңірлерді да­мытудың және халықтың әл- ауқатын арттырудың нақты әрі …

ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ Read More »

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жасаған жұмыс сапары аясында заманауи спорт кешенінің ашылуында болды. Жобаны 374 млн. теңгеге Ерік Балапанов бастаған «KazFoodProducts» холдингі жүзеге асырған. «Бизнестің әлеуметтік ны­сандар салу бастамасы – әлеу­меттік жауапкершілік пен мем­лекет-жекеменшік әріптестіктің жарқын үлгісі. Бұл – ауыл тұрғындары мен балалардың саламатты өмір салтын ұста­нып, бос уақыттарын тиімді өткізуге қосқан үлес», …

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Read More »

ЕҢСЕСІ БИІК ЕҢБЕК АУЫЛЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл ауда­нына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар­дың жүзеге асырылу барысымен танысты. Әкімнің сапары Еңбек ауылындағы игі бастама­ларды қолдаудан басталып, бірнеше елді мекен­дегі маңызды нысандарды аралаумен жалғасты. Өңір басшысы алдымен «Ішімдіксіз ауыл» эс­тафетасына қосылған 18-ші елді мекен – Еңбек ауылына барды. Бұл бастама «Саламатты ауыл» акциясы аясында жүзеге …

ЕҢСЕСІ БИІК ЕҢБЕК АУЫЛЫ Read More »

 «АУЫЛДЫҢ» АУЫЛДЫҚТАРҒА ТАРТУЫ

Қызылжар ауданының орталығы – Бескөлде «Ауыл» халықтық-демократиялық атриоттық партиясының 25 жылдығына орай ерекше іс-шара өтті. Орталық алаңда тұрғындарға 1000-нан астам қаз балапаны тегін таратылды. Бұл акция ауыл тұрғындарына нақты кө­мек көрсету, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін ны­ғайту мақсатында ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қуа­нышпен қарсы алып, шараға белсене қатыс­ты. Ұйымдастырушылар тарапынан ауыл шаруашылығымен …

 «АУЫЛДЫҢ» АУЫЛДЫҚТАРҒА ТАРТУЫ Read More »

ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ

 Облысқа жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев келді. Іссапардың басты мақсаты – өңірлік медицинаның қазіргі жағдайын бағалау, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінде жүзеге асырылып жатқан басым бағыттар мен мемлекеттік жобалардың барысын бақылау, жергілікті деңгейдегі түйткілді мәселелерді талдау. Вице-министр алдымен Қы­зылжар ауданына қарасты Бес­көл ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ашық диалог форматында өткен бас­қосуда ауыл …

ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ Read More »

АРМАНҒА ҚАНАТ ҚАҚТЫ ЖАС ТҮЛЕКТЕР

 Солтүстік Қазақстан облысында биыл 3700-ге жуық оқушы мектеп бітірді. Олардың 124-і – «Алтын белгі» иегері. Түлектерді қаланың ор­талық алаңында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, аттестат­тарын табыстады. – Бұл – жылдар бойғы қажырлы еңбектің, ұстаздардың сапалы білімінің, ата-аналардың қолдауы­ның жарқын нәтижесі. Сіздердің ал­ған білімдеріңіз – өмір жолындағы берік іргетас. «Алтын белгі» – әр оқу­шы үшін үлкен …

АРМАНҒА ҚАНАТ ҚАҚТЫ ЖАС ТҮЛЕКТЕР Read More »

АҚИҚАТ ЖОЛЫНАН АУЫТҚЫМАҒАН

Менің қолыма қалам алуыма жан тазалығы мен көңіл адалдығын өмірлік мақсатына айналдырған Отанының нағыз патриоты, қазақ халқының біртуар ұлы Еркін Нұр­жанұлы Әуелбековтың 95 жылдық мерейтойы себеп бол­ды. Оның арамыздан кеткеніне 26 жыл өте шығыпты. Сену қиын. Бейне бір жанымызда жүргендей. Уақыт шіркін ешкімге бағынбайтын құдіретті күш болса да, ұлтына шексіз берілген адамдар бейнесін санамыздан өшіре …

АҚИҚАТ ЖОЛЫНАН АУЫТҚЫМАҒАН Read More »

АЛАШТАНУШЫ ҒАЛЫМ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 26-сессиясының күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Сессияда алдымен облыстық мәслихаттың «Солтүстік Қазақстан облысының 2025-2027 жылдарға арналған бюд­жетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы На­талья Дышкант бюджетті нақтылау туралы баяндама жаса­ды. Ол өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қа­ражатын тиімді бөлуге мүмкіндік беретін қажетті түзетулер­ге егжей-тегжейлі тоқталды. Содан …

АЛАШТАНУШЫ ҒАЛЫМ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ Read More »

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – ҚОҒАМҒА ПАНА

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Жиынға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов төрағалық етті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Кеңейтілген форматта өткен отырысқа құ­қық қорғау және атқарушы ор­гандардың басшыларымен бірге қоғам өкілдері, сарапшылар, екінші деңгейлі …

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – ҚОҒАМҒА ПАНА Read More »

ПОЛИЦИЯ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ

1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдаған болатын. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт. Ал 2007 жылы бұл дата – Полиция күні деп бекітілді.  Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, аза­маттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңыз­ды құрылымдардың бірі. Полицейлердің …

ПОЛИЦИЯ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ Read More »