«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Облыста «Sincere Systems Group» атты қаржылық пирамида қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті хабарлады. Аталған ұйым 2022-2023 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз әрекет еткен. Қазіргі таңда «Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің құрылуы мен басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында компанияның Қазақстанда тіркелмегені, кәсіпкерлік және банк …

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ӘШКЕРЕЛЕНДІ Read More »

АЗАПТЫ ЖЫЛДАР ЕСКЕРТКІШІ

Өңірде ұлт тарихын түгендеуде маңызы бар бір шара өтті. Тимирязев ауданындағы Жарқын ауылынан үш шақырымдай жерде ескерткіш тас орнатылды. Бұл маңда 1929-1934 жылдары «Байқала» уақытша шоғырландыру лагері болған. Осыған дейін «АЛЖИР», «Карлаг» сынды жазалау лагерьлерінің қасіретін естіп келсек, енді мәлім болып жатқан «Байқаланың» да тартқызған азабы аз емес екен. Тарихтан тағылым берер шараның басы-қасында болған …

АЗАПТЫ ЖЫЛДАР ЕСКЕРТКІШІ Read More »

МЕХАНИЗАТОР ТАПШЫ

Облыстық еңбек мобильділігі орталығы өткен жылы 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған. Оның он мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал биыл 5 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапса, соның ішінде 3300-ге жуығы тұрақты жұмыс істеп жүр. Еңбек мобильділігі орталығы қызметкерлерінің айтуынша, өңірде дәрігерлер, мұғалімдер және жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие. Әсіресе дәнекерлеуші, электрик, механизаторлар …

МЕХАНИЗАТОР ТАПШЫ Read More »

АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

Облыс орталығында өңір кәсіпкерлері мен сот жүйесі өкілдерінің маңызды кездесуі өтті. Жиында кәсіпкерлер палатасының өкілдері облыстық соттың төрағасы Серікжан Габдулинмен кездесіп, алдағы ынтымақтастық туралы сөйлесті. Мақсат – бизнесті құқықтық жағынан қорғауды күшейту және сотпен өзара жұмысты жақсарту. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев жаңа төрағаны қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның тәжірибесі мен кәсібилігі өңірдегі сот жүйесінің …

АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ Read More »

МЫҚТЫ МӘСЛИХАТ – ЕЛ ТІРЕГІ

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өркендеу жолына үлес қосып келе жатқан аудандық мәслихаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенттің стратегиялық даму бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жұмыс істеуді мақсат етеді. Мәслихаттың сегізінші шақырылымына әр округтен сайланған 10 депутат бүгінгі күнде өздеріне жүктелген қоғамдық қызметтерін талапқа сай атқарып келеді. Депутаттар құрамы осы шақырылымда сапалық жағынан біршама жаңарды. Мәслихат өз өкілеттілігін …

МЫҚТЫ МӘСЛИХАТ – ЕЛ ТІРЕГІ Read More »

ЗАУЫТТАҒЫ ТӘЛІМГЕРЛЕР

«С.Киров атындағы зауыт» АҚ-ның бірнеше қызметкері облыстық кәсіпкерлер палатасында арнайы білім алып, сертификатталған тәлімгер атанды. Бұл кәсіпорын өңір колледждерімен дуалды оқыту бойынша бұрыннан тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастық орнатып келеді. Кадрлар даярлау сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында зауыт 11 маманын кәсіпкерлер палатасының тәлімгерлік мектебіне жіберді. Болашақ тәлімгерлерге палатаның адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы, мультипликатор Ирина Торопова …

ЗАУЫТТАҒЫ ТӘЛІМГЕРЛЕР Read More »

ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен жүздесті. Кездесуде солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қор денсаулық сақтау, білім беру, спорт және әлеуметтік қолдау салаларындағы басым міндеттерді шешуде айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Жуырда онкологиялық орталықта облыстағы алғашқы желілік үдеткіш іске қосылды. Балалар ауруханасында оңалту …

ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ Read More »

ШЕГІРТКЕ ШЕКАРА ТАЛҒАМАЙДЫ

Соңғы жылдары шегіртке аграрлық сектор үшін күрделі экологиялық-экономикалық проблемаға айналып отыр. Әсіресе батыс пен оңтүстік өңірлерде зиянкестер жыл сайын егіс алқаптарын зақымдап, ауыл шаруашылығына елеулі шығын келтіруде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы шегірткелердің таралу алаңы 514 мың гектарды құраған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 626 мың гектарға, ал 2022 жылы 975 мың гектарға …

ШЕГІРТКЕ ШЕКАРА ТАЛҒАМАЙДЫ Read More »

КЕН ӨНДІРІСІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ

Елордада тау-кен конгресі өтуде. Еліміздің кен өндірісі саласындағы ең елеулі оқиғаға дүниежүзінің үздік 2 мыңнан астам кәсіпорнының өкілдері қатысуда. Іс-шара аясында меймандар іскерлік сессиялар мен талқылауларға қатысып, ірі компаниялардың тәжірибесін меңгеруде. Бұған қоса, барлау, кен өндіру, өңдеу қондырғыларының көрмесі де ұйымдастырылған. Шараға Солтүстік Қазақстан облысы аумағында кен өндірумен айналысуға ниетті компаниялар да қатысуда. Атап айтқанда, …

КЕН ӨНДІРІСІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ Read More »

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Аққайың ауданына жасаған сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов балалар лагерьлерінің жағдайымен танысты. Өңір басшысына демалыс орындарының дайындығы туралы баяндаған облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов тиісті жұмыстардың уақытылы аяқталғанын айтты. – Балаларға 10 лагерь әзірленіп, оларға 128 бейнебақылау камерасы қойылды. Бақылау құрылғыларының дұрыс жұмыс істеп тұрғаны тексеріліп, олқылықтардың орны толтырылды. Қазіргі уақытта екі нысан жұмысын …

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ Read More »

ЗАМАНАУИ МЕГАФЕРМА САЛЫНУДА

Облыс әкімі Ғауез Нұрмағамбетов Қызылжар ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым тарту бағытында жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды жобалармен танысты. Өңір басшысы сүтті мал шаруашылығы кешендерінің құрылысын, заманауи суару технологияларын енгізу барысын көріп, жергілікті диқандармен егіс науқанына қатысты пікір алмасты. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, тұрғындар үшін жасалып жатқан жағдайларға қанық …

ЗАМАНАУИ МЕГАФЕРМА САЛЫНУДА Read More »

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫ

Облыстық онкологиялық орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи құрылғымен толықты. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Қазақстан халқына« қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева оны салтанатты түрде іске қосты. Ол емдеу сапасын арттырып, медициналық мекемелердің жұмысын оңтайландырады және науқастарға жоғары деңгейдегі терапияны қолжетімді етеді. «Varian Halcyon« аппараты – заманауи медицинадағы технологиялық жаңалықтардың бірі. Қатерлі ісік ауруын емдеуге арналған …

ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫ Read More »

«ЖАСАНДЫ ДОФАМИН»: МИДАҒЫ ӨЗГЕРІС

Өмірімізді телефонсыз, планшетсіз, интернетсіз елестете алмайтын заман туды. Күніміз смартфонның экранына телмірумен өтіп жатқандай. Бұл, әсіресе, кішкентай балалардың денсаулығына қауіп төндіріп тұр. «Жасанды дофамин»-нің ағзаға зиянын көпшілік біле бермейді. Қазіргі таңда телефон сәбидің бесігіне дейін еніп алды. Ол ойыншықтың да, жұбататын ана әлдиінің де орнын басып барады. Бұл – жәй ғана қызығушылық, ермек емес, мидың …

«ЖАСАНДЫ ДОФАМИН»: МИДАҒЫ ӨЗГЕРІС Read More »

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН САНАТОРИЙ

Халықтың денсаулығын жақсарту және өңірлік туризмді дамыту бағытындағы ірі жобалардың бірі – ұзақ жылдар бойы қаңырап бос тұрған «Шалқар-су» санаторийі бүгінгі таңда қайта жаңартылып жатыр. Қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуға жақын, ал алғашқы нысандар биылғы тамызда пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жобаның …

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН САНАТОРИЙ Read More »

ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ӘЗІРЛІК

Қостанай облысында «Найза-Антитеррор-2025» деген атаумен терроризмге қарсы республикалық жедел-тактикалық оқу- жаттығудың қорытынды кезеңі өткізілді. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар, мәдениет және ақпарат, көлік министрліктері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Мүдделі мемлекеттік органдардың террористік сипаттағы «гибридті» қауіптердің алдын алудағы жауынгерлік әзірлік деңгейі тексерілді. Жауынгерлікке барынша жақын жағдайларда диверсиялық-террористік …

ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ӘЗІРЛІК Read More »

АРАҚ ІШПЕЙТІН АУЫЛ

Облыста спирттік ішімдіктен толықтай бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды. Бұл — Петропавл қаласынан шамамен 115 шақырым қашықтықта орналасқан Сулышоқ ауылы. Полицияның мәліметінше, мұнда мас күйінде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар мүлде тіркелмеген. Мағжан Жұмабаев ауданы Успен ауылдық округіне қарасты Сулышоқ ауылында 217 адам тұрады, 45 үй бар. Елді мекенде балабақша мен негізгі орта …

АРАҚ ІШПЕЙТІН АУЫЛ Read More »

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Елімізде жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіледі. Осы күні Қызылжарда да бірнеше іс-шара ұйымдастырылып, жастарға қастерлі құндылықтардың мән-маңызы түсіндірілді. Көпқабатты үйлердің тұрғындары көк байраққа құрметін көрсетіп, зәулім ғимараттардың қабырғасына Ту ілді. Жастар ұйымдары акциялар ұйымдастырып, патриоттық шараларға белсенді қатысуға шақырды. Спорт сүйер қауым жаппай жүгіруге қатысты. Ал орталық алаңға жиналған жұрт салтанатты …

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ Read More »

ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ІЗГІ АМАЛ

Қасиетті Құрбан айт – күллі мұсылман қауымының жүрегіне иман нұрын себелейтін, жанын тазартатын, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен бауырмалдықты арттыратын ұлы мейрам. Бұл тек діни рәсім емес, адамгершілік пен имандылықтың, қайырым мен қанағаттың, шүкір мен сабырдың салтанат құратын мерекесі. Құрбан айттың түп-төркіні Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың ұлы Исмаилды Алла жолында құрбан етуге даяр болғандығымен байланысты. Бұл …

ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ІЗГІ АМАЛ Read More »

«МЕН КАБИНЕТТЕ ОТЫРАТЫН ӘКІМ ЕМЕСПІН»

Бұл жолы Ақжар ауданына жолымыз түсті. Мақсат – облыс орталығынан шалғайда жатқан ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысу. Ондағы ағайынды не толғандыратынын білгіміз келеді. Жолдың жайы ушығып тұрғаны бірден аңғарылады. Жергілікті жерде тұрғындардың мүддесін қорғайтын бірден-бір адам – ауылдық округ әкімі екені белгілі. Талшық ауылдық округін басқарып отырған Ғалия Нұрпейісовамен кездесіп, қарамағындағы елді мекендердің ахуалы жайлы аз-кем сөйлестік. …

«МЕН КАБИНЕТТЕ ОТЫРАТЫН ӘКІМ ЕМЕСПІН» Read More »

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАНДАР

Ұлттық ұлан академиясының саптық алаңында облыс аумағында су тасқынына қарсы жүргізілген жұмыстарда табандылық, қайсарлықтың үлгісін көрсеткен курсанттарға, әскери қызметшілер және полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, қажырлы еңбектері үшін медальдар, грамоталар және Алғыс хаттар табысталды. Көктемде өңірдегі елді мекендерді үлкен судан аман алып қалу, бөгеттерді нығайту жұмыстарына Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен әскери қызметшілер, тәртіп сақшылары көмектескені …

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАНДАР Read More »