«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

МАҚСАТТЫ ІСТЕР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі егіс науқанының барысымен және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жобалардың жүзеге асуымен танысты. Ауданда егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Сапар барысында аймақ басшысы «Нұрсен Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарына барып, жергілікті диқандармен кездесті. Қазір облыста көктемгі дала жұмыстары қызған шақ. Бұл – ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі …

МАҚСАТТЫ ІСТЕР Read More »

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА

Ұлт қайраткері, қаламгер Смағұл Сәдуақасұлының 125 жылдық мерейтойына орай елордада «1925 жыл: ұлт мұраты шыңдаған қайраткерлік» атты халықаралық конференция өтті. Шараға қатысушылар алдымен Астанада жерленген жалғыз Алаш қайраткерінің бейітіне барып, рухына тағзым етті. Бабалар қорымында Смағұл Сәдуақасұлы мен ұлт-азаттық қозғалыс жолында мерт болған Кенесары жасақтарына құран бағышталып, ескерткіш маңына тал егілді. Еуразия ұлттық университетінде өткен …

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА Read More »

АЛТЫ АУДАНДА СУҒА ТҮСЕТІН ОРЫН ЖОҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары айтылып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және шомылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Өткен төрт айда өңір экономикасы 6,2 пайызға өскен. Сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тұрғын үй және байланыс салаларында өсім бар. Әсіресе, құрылыс саласының нәтижелігі …

АЛТЫ АУДАНДА СУҒА ТҮСЕТІН ОРЫН ЖОҚ Read More »

ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗ БОЛУҒА ТИІС

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуы мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Тиісті министрлік басшылары дайындық шаралары туралы есеп берді. Биылғы оқу жылын 3,9 млн. оқушы аяқтағалы отыр. Бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті 364 мың бала тәмамдайды. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. Алтын белгіге үміткер саны 5%-ды …

ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗ БОЛУҒА ТИІС Read More »

БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Елімізде атқарылып жатқан ауқымды реформалық өзгерістер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын ортақ мақсат жолында біріктіру талабын қойып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиістігін айтқан болатын. Билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі Қоғамдық кеңестердің бәрін өз …

БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР Read More »

ЖАСТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА

Облыс орталығында «Қызылжар жастары» тұрғын-үй бағдарламасының іске қосылуына орай баспасөз мәслихаты өтіп, бағдарлама талаптары түсіндірілді. Шараға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов өңірде жастарға бағытталған жалпы құны 123 млн. теңге болатын 19 жоба жүзеге асырылатынын айтты. – «Қызылжар жастары» бағдарламасы өңір дамуына үлес қосып жүрген жастарды баспанамен қамтуға бағытталған. Өңірімізде бұрын-соңды болмаған …

ЖАСТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА Read More »

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Президент 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында су секторын реформалау бойынша бірқатар міндеттер қойған болатын. Оның ішінде су ресурстарын, трансшекаралық су көздерін ұтымды пайдалану, су қоймаларын жаңғырту, жаңа нысандар тұрғызу, озық технолоияларды енгізу, еріген қар суын жинақтау, цифрландыру және саланы білікті кадрмен күшейту жайына айрықша басымдық берілді. Мұның өзі елімізді сумен …

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР Read More »

МӘДЕНИЕТТІ МӘУЕЛЕТІП, ӨНЕРДІ ӨРІСТЕТКЕНДЕР

Қандай ұлт болсын өркениет биігіне өзінің сан ғасырлық мәдени қазынасына сүйеніп қана жете алмақ. Ал сол рухани мұрамыздың өміршең болып, ұзақ жасауы – бабалар аманатын арқалаған өнерпаздар мен мәдениет саласы қызметкерлерінің міндеті. Мамырдың мамыражай уағында аталып өтетін кәсіби мерекеде сала қызметкерлері құрметке бөленіп, құшағы гүлге толады. Биыл да Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай үздіктер …

МӘДЕНИЕТТІ МӘУЕЛЕТІП, ӨНЕРДІ ӨРІСТЕТКЕНДЕР Read More »

АУЛА СЫПЫРУШЫНЫ ЕМЕС, ӨЗ АЙЛЫҒЫН ҚЫСҚАРТСЫН

Облыстық «Soltustik Qazaqstan» газетінің 12 наурыздағы санында «Газет-журнал неге кешігіп жетеді?» деген тақырыппен жарық көрген сын мақалада жергілікті пошта жүйесінде қалыптасқан бірқатар түйткілдер қозғалған екен. Бәлкім, жағдай «Қазпошта» АҚ төрайымы Әсел Жанасова сипаттағандай жақсы шығар. Ал өңірлер мен ауылдар «шықпа жаным шықпаның» күйін кешіп отыр десем, артық айтқандық емес. Мен – кіндігім кесілгеннен ауылда ғұмыр …

АУЛА СЫПЫРУШЫНЫ ЕМЕС, ӨЗ АЙЛЫҒЫН ҚЫСҚАРТСЫН Read More »

СЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ – СЕГІЗ ЕДІ

Ұлытау облысына жолға шыққандағы мақсатымыз – белгілі өнер зерттеушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Серік Оспанмен атақты Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығы төңірегінде әңгімелесу еді. Сапарымызды Домбауыл, Жошы хан, Алаша хан мазарларына барып, тарихи тұлғаларға тағзым етуден бастадық. «Сегіз сері өмірі мен музыкалық мұрасы» кітабының авторы Серік Кәрібайұлының айтуынша, атақты әнші һәм батыр туралы осы уақытқа …

СЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ – СЕГІЗ ЕДІ Read More »

ЖАТ ЖЕРДЕ ЖЕРЛЕНГЕН ЖАУЫНГЕР

Кешегі сұм соғыста туған жерден бір уыс топырақ бұйырмай, басқа елде жер жастанған жауынгерлеріміз қаншама?! Әлдеқашан ұмытыла бастаған жерлеу орындарындағы майдангердердің сүйектерін анықтау осы күні де аяқталған жоқ. Менің нағашы ағам Базар Қасенов те көп боздақпен бірге Ресей жерінде мәңгілікке тыныстап жатыр. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында майдангердің жатқан жері анықталып, басына тағзым етудің мүмкіндігі туды. …

ЖАТ ЖЕРДЕ ЖЕРЛЕНГЕН ЖАУЫНГЕР Read More »

ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ел ардақтайтын абзал мамандықтың ақ жолына қажыр-қайратын, білім-қабілетін аямай, өмірінің салмақты жылдарын, бар асыл уақытын арнаған ұстаз, соғыс және еңбек ардагері Қали Хадесовтің есімін құрметпен атаймыз. Бұл кісінің ғұмырбаянының өзі кіршіксіз ұстаздықтың үлгісіндей. Бүкіл саналы ғұмырын білім беру ісіне жұмсап, 41 жыл мектеп директоры болды. Қали …

ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ Read More »

АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ

Атақты ғалым, академик Манаш Қозыбаев «Азамат деп ез болып отыра бермейтін, заман талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады» деп сипаттапты. Болат Мағазұлының өмір жолы, қажырлы еңбегі, қайраткерлігі теріскей өңірдің сан-салалы ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған еді. Бірнеше кеңшардағы, аудандық партия комитеттеріндегі қызметінде адамға, жеке тұлғаларға …

АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ Read More »

СМАҒҰЛДЫҢ АУЫЛЫНДА

Смағұл Сәдуақасұлының қазақ халқының есін жиып, іргесін бекіте бастаған аласапыран кезеңінде елге сіңірген ерен істерін негізінен ғалымдар жақсы біледі. Егер барлық халқымыз білсе, ел таныса, билік оны көрсе биылғы 125 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде аталып, оған орталық бюджеттен қаражат бөлініп, есімі лайықты құрметтелер еді. Еліміз тәуелсіздігін алған елең-алаң шақта ұлттық арыстарымыз керемет ұлықталды. Абылайдың, Қабанбайдың, …

СМАҒҰЛДЫҢ АУЫЛЫНДА Read More »

МЕКТЕППЕН ҚОШТАСАТЫН СӘТ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтті. Онда облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова оқу жылының қорытындысымен таныстырып, алда болатын іс-шаралар жөнінде жан- жақты ақпарат берді. Биылғы оқу жылында облыс бойынша 444 мектеп жұмыс істеді. Бұл білім беру ұйымдарында 1-11 сыныптар аралығында шамамен 74 мың оқушы оқыды. Оның ішінде 1-сыныпты 6 930 оқушы тамамдаған. Оқу 1-11 …

МЕКТЕППЕН ҚОШТАСАТЫН СӘТ Read More »

«ЖАЛАҢ УӘДЕ ЕМЕС, НАҚТЫ ІС КЕРЕК»

Самат Қосжанов – Айыртау аудандық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша депутаты. Халықтың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет, жастар ісі, адам құқықтары және заңдылықты сақтау, депутаттың өкілдігі және этикасы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның мүшесі. «КLYUCHI GCK» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. «Ауыл» партиясының мүшесі. Не үшін депутат болдым? Мен …

«ЖАЛАҢ УӘДЕ ЕМЕС, НАҚТЫ ІС КЕРЕК» Read More »

«ДЕГЕНДЕ АТЫМ МАЙРА»

Қазақтың әншілік өнерін дамытып, белгілі композиторлардың ізбасарына айналған өнерпаздардың бірі – Майра Уәлиқызы. Жастық шағы қиындықпен өткен әншінің артында елге белгілі мол мұрасы қалды. Ал оның шығармашылығының шоқтығы саналатын ең құнды туындысы жұрт арасында «Майраның әні» деген атпен тараған ән екені белгілі. Майра Уәлиқызы 1896 жылы Кереку қаласында дүниеге келген. Бала тұрақтамаған Уәли мен Қатира …

«ДЕГЕНДЕ АТЫМ МАЙРА» Read More »

ШАРШЫ ТАҚТАДАҒЫ «ШАЙҚАС»

Петропавлда шахматтан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ашық кубогы өтті. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл турнирге мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық шахматты дамыту және оны кеңінен насихаттау. Оқушылар сарайында өткен сайысқа облыстың түкпір-түкпірінен келген 80-ге жуық әуесқой шахматшы қатысты. Олардың арасында жасы 80-ге таяған Бейсен …

ШАРШЫ ТАҚТАДАҒЫ «ШАЙҚАС» Read More »

ҰЛТТЫҚ ӨНІМ АЛАҢЫ

Өткен аптада, яғни 16-18 мамыр аралығында Астана қаласындағы Халықаралық EXPO көрме орталығында VIII дәстүрлі ULTTYQ Ó NIM республикалық көрмесі өтті. Көрмеде Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынды. Көрменің ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қатысып, отандық өндірушілердің жаңа жобаларымен және инновациялық шешімдерімен танысты. Биылғы көрмеге еліміздің барлық өңірлерінен 350-ге жуық кәсіпорын жиналды. Біздің өңірден …

ҰЛТТЫҚ ӨНІМ АЛАҢЫ Read More »

КӨБЕНСАЙДАҒЫ САЯБАҚ

Уәлиханов ауданындағы Көбенсай ауылында Тың игерушілер саябағы ашылды. Бір гектарға жуық аумақты алып жатқан бұл саябақ елді мекен тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Айналасына жасыл желек отырғызылып, гүлмен көмкерілді, орындықтар қойылды. Жүргіншілер жолы салынып, балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы орнатылған. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бұл жоба Уәлиханов ауданының құрметті азаматы, меценат Виктор Вовктың қолдауымен жүзеге асырылған. …

КӨБЕНСАЙДАҒЫ САЯБАҚ Read More »