«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ТІЛ МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

Уақыт қандай ұшқыр десеңші! «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына да 35 жыл көзді ашып жұмғандай өте шығыпты. Кеше ғана сияқты еді. Егемендігімізден екі жыл бұрын шаңырақ көтерген ұйымның маңайына өз еріктерімен, жүрек қалауымен топтаса отырып, өгей баланың күйін кешкен ана тілімізді тұғырына қондырып, мемлекеттік мәртебе алуына өлшеусіз үлес қосқан, еңбек сіңірген, уақыт өткен сайын есімдері ұмытылыңқырап …

ТІЛ МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ Read More »

ҚЫР ҚЫЗЫНЫҢ ЕРЛІГІ

Адамзат тарихындағы ең зұлмат қантөгіс – Екінші дүниежүзілік соғыста «Отан үшін, жер үшін!» деп қасық қаны қалғанша, ақтық демі таусылғанша шайқасқан отандастарымыздың ерлігі – бір-бір дастан. Ал елі барда ерен ерлер есімі ешқашан ұмытылмауға тиіс. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архив ұжымы жүйелі жұмыс атқарып келеді. Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында «Ұлы Отан соғысы Солтүстік …

ҚЫР ҚЫЗЫНЫҢ ЕРЛІГІ Read More »

«ЖАҒДАЙ ЖАСАЛСА, АУЫЛДАН ЕШКІМ КЕТПЕЙДІ»

Мамлют ауданында Бике деп аталатын ауылдық округ бар. Құрамындағы елді мекендер көзден тасада жатыр. Арнайы іздеп барып таныспасаң, ауылдың ахуалы жайлы көп айтыла бермейді. Округ тұрғындары қалай өмір сүріп жатқанын білу үшін әкімі Анаргүл Бакееваны ашық әңгімеге тарттық. – Анаргүл Нұрғалиқызы, әңгімемізді Бике ауылдық округінің бүгінгі тыныс-тіршілігінен бастасақ. Қалаға көшіп жатқандар көп пе? – Бике …

«ЖАҒДАЙ ЖАСАЛСА, АУЫЛДАН ЕШКІМ КЕТПЕЙДІ» Read More »

«БҰЗЫЛЫҚ» САЛЫНБАЙ, ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙДІ

Былтырғы су тасқынының зардабын ұмыта қоймаған жұртшылық әбден зәрезап болып қалған секілді, биылғы көктемді де үлкен қорқынышпен қарсы алды. Мамандардың өңірде 116 елді мекенді су басуы ықтимал деген жорамалы отқа май құйғандай әсер етіп және де бұрын-соңды болмаған, өң түгіл түске енбеген «үшінші толқын» күпті көңілдегі күдікті күшейтіп жібергендей. Кешенді қорғаныс шаралары дәйектілікпен жүзеге асырылса …

«БҰЗЫЛЫҚ» САЛЫНБАЙ, ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙДІ Read More »

ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРІСІ ӨРІСТЕЙДІ

Шетелдік инвесторлар өңірде тыңайтқыш шығаратын бірнеше зауыт салуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ресейлік «УА» компаниясының басқарушы директоры Елена Филиппова және «ГринДар» компаниясының директоры Евгений Усаченкомен кездесті. Облыс аудандарында органикалық тыңайтқыштар өндіретін бірнеше зауыт салу жоспарланған. Инвестициялық жоба жүзеге асқан жағдайда диқандар жергілікті сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз етіледі. «Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға жобаны қысқа мерзімде …

ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРІСІ ӨРІСТЕЙДІ Read More »

«ЖАС ӨРКЕНДЕ» МҰЗ САРАЙЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Өңір басшысы облыс орталығындағы әлеуметтік нысандардың және тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Биыл облыс бойынша 332 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта Петропавлда 1,9 мың пәтерлік 17 үй салынуда. «Нысандардың бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен тұрғызылуда. Мәселен, «Жас өркен» шағынауданында және Уәлиханов көшесінде Заречный кентінің тұрғындары үшін 90 және 72 пәтерлік үйлер салынып жатыр. …

«ЖАС ӨРКЕНДЕ» МҰЗ САРАЙЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР Read More »

АУЫЛ ЖОЛЫ СУДА ҚАЛДЫ

Биыл алғаш рет су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр. Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28-30 сәуірде болады деп болжанған. Қазір 1,5 мың тұрғыны бар Қызылжар ауданы Прибрежное елді мекені де су құрсауында қалған. Оған апарар жолды да су басып, қазір тұрғындар құтқарушылардың «арнайы» көлігімен ғана қатынап жатыр. Әзірге үйлерді су басу қаупі жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар …

АУЫЛ ЖОЛЫ СУДА ҚАЛДЫ Read More »

ҮШ АЙДАҒЫ ӨСІМ

Облыстық әкімдік отырысында өңірдің бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері қорытындыланып, бюджеттің орындалуы, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау жайы сөз болды. Үш айдың қорытындысы бойынша бірқатар салада өсім бар. Алайда шұғыл шешілуі тиіс мәселелер де аз емес. Осыған байланысты өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді. – Біздің алдымызда экономикалық өсімді 7 пайызға жеткізу …

ҮШ АЙДАҒЫ ӨСІМ Read More »

«ЭТНИКАЛЫҚ ӘРАЛУАНДЫЛЫҚ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНАМЫЗ»

 Қадірлі отандастар! Құрметті Ассамблея мүшелері! Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық …

«ЭТНИКАЛЫҚ ӘРАЛУАНДЫЛЫҚ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНАМЫЗ» Read More »

ШЕЖІРЕ-ҒҰМЫР

1967 жыл. Қаңтар айының алғашқы күндері КазГУ-дың үлкен акт залында елге әйгілі Сәбит Мұқановпен кездесу болды. Ертегідей шаһарды да, аңыз жазушыны да алғаш рет көргенім. Сәбең әзіл-оспаққа жүйрік, айтқыш ойнақы сөйлейді екен. Аудиторияны өз уысында ұстап, қызықты шығармашылық ойларымен бөлісті. Есімде қалғаны: он алты томдық таңдамалы шығармаларым шықпақшы, «Госплан» терлейді» дегені бар. Әсіресе Шоқан Уәлиханов …

ШЕЖІРЕ-ҒҰМЫР Read More »

ҚҰЛАҒЫМДА ҚОҢЫР ДАУСЫ

Алматыдағы Сәбит Мұқановтың әдеби-музей үйіне кіріп барған бетте магнитофонға жазылып алынған әйгілі жазушының майда қоңыр даусы құлаққа шалынған сайын сол бір әсерлі сәттер әп-сәтте көз алдыңа келіп, көңіл күйіңді еріксіз толқытар еді. Қазақ радиосының редакторы ретінде қадірмен жазушы Сәбит Мұқановпен бір мәселеге байланысты сөйлесуіме тура келді. Оған сол кездегі әдебиет бөлімінің бастығы, марқұм Әнуарбек Дүйсенбиевтің …

ҚҰЛАҒЫМДА ҚОҢЫР ДАУСЫ Read More »

ҚАЛАМГЕРДІҢ КӨЗІНДЕЙ

Жамбыл ауданындағы Сәбит ауылында орналасқан С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражай өңіріміздің киелі жерлерінің картасына енген. 35 жыл ішінде мұражайдағы жәдігерлерді Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ақ алыс-жақын шетелден келген мыңдаған мейман тамашалады. Музейге айналған ғимаратты 1959 жылы Сәбит Мұқановтың өзі мен оның немере ағасы Ш.Мұстафин Благовещенка ауылындағы бұрынғы ауыл көпесінің ағаштан тұрғызылған үйінен құрастырып, салған. 180 шаршы метрді …

ҚАЛАМГЕРДІҢ КӨЗІНДЕЙ Read More »

ЕЛ ҰМЫТПАС ЕСІМДЕР

Әке қадірін ерте күннен біліп өскен ұрпақпыз ғой. Жалғыз мен емес, Тайынша ауданына қарасты ынтымағы бұзылмаған Қарағаш ауылында туып-өскен, үлкендердің жақсы істерін жалғастырып келе жатқан буын бақилық болған азаматтарын еш ұмытпайды, олардың аманатына адал. – Шіркін, заман-ай, – дейтін елдегі көнекөз қарттардың бірі – соғыс және еңбек ардагері, марқұм Шайхислам ақсақал (Шайқы Уәлиев). – Осы …

ЕЛ ҰМЫТПАС ЕСІМДЕР Read More »

АНАЛАРДЫҢ САУЛЫҒЫНА – АЙРЫҚША НАЗАР

Үстіміздегі жылдан бастап Қазақстанда жасөспірімдердің және 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында «Аналар саулығы» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Айнагүл Дәулетшинаның айтуынша, қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін прегравидалды дайындық түрінде жүргізіледі. Прегравидалды дайындық – бұл әйелді …

АНАЛАРДЫҢ САУЛЫҒЫНА – АЙРЫҚША НАЗАР Read More »

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ

Әлемнің көптеген елдерінде кітап күнін атап өту дәстүрге айналған. Өркениет биігіне ұмтылған озық ойлы ұлттар әлдеқашан кітап оқудың пайдасын ұғынып, жастардың бойындағы әдебиетке деген ықыласын оятуға ден қойған. Елімізде де қоғам белсенділерінің осындай мереке жариялау идеясын көтеріп жүргендеріне көп болды. Бұл ұсыныс қолдау тауып, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітап мерекесі …

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ Read More »

ЕКІ ЕР АДАМ УЛАНДЫ

Петропавлда екі ер адам автомобиль қозғалтқышын жуатын сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Қатты уланған оларды дәрігерлер аман алып қалды. Петропавл қалалық көпбейінді аурухананың мәліметінше, уланған ер адамның біреуі – 62-де, екіншісі – 33-те. Олар бір-бірімен таныс емес, қаланың екі шағынауданында тұрады. Біріншісі химиялық сұйықтықтан бір жұтым, екіншісі екі жұтым ішкен екен. Осының салдарынан ауруханаға түскенде жағдайлары …

ЕКІ ЕР АДАМ УЛАНДЫ Read More »

ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР

Облыс орталығында іскер әйелдердің кездесуі өтті. Жиында қыз-келіншектердің қоғамдағы белсенділігі туралы сөз қозғалды. «Қазақстанның әйелдер күштері альянсы» облыстық филиалының ұжымы ауқымды жұмыс атқаруда. Өткен жылы өңірде «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» атты мектеп құрылған. Игі бастама аясында бір жылдың ішінде 60-қа жуық нәзік жан білім алды. Аталған ұйым қыз-келіншектердің жұмысқа орналасуына да септігін тигізіп отыр. – Қыз-келіншектерге …

ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР Read More »

ЖАУЫНГЕР ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған көрме Жеңістің 80 жылдығына арналды. Көрме сөресіне Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мол мәлімет, құжаттар, суреттер, майдангерлердің жеке заттары, қару-жарақ және фашистерден алынған бұйымдар қойылды. Жәдігерлердің басым көпшілігін музейге соғыс ардагерлерінің туған-туыстары әкеліп тапсырған. Көрмеге келушілер 858-ші артиллериялық полк батареясының командирі Иван Прядконың соғыста түскен суретін, тапанша қабын, сыйға алған қалта сағатын …

ЖАУЫНГЕР ЖӘДІГЕРЛЕРІ Read More »

КОНДУКТОР – АВТОБУСТЫҢ АЙНАСЫ

Таңалакеуімнен кеш қарайғанға дейін жолдан көз алмайтын қоғамдық көлік жүргізушілеріне кондукторлар – таптырмас көмекші. Олардан қырағылық пен шапшаңдық талап етіледі. Сырт көзге жеңіл болып көрінгенімен, өзіндік қиындығы жетіп артылатын жұмыстың қыр-сырына қанық болу мақсатында бір күнімізді №27 бағыт бойынша қатынайтын автобустың кондукторы Назгүл Жүкенованың жанында өткіздік. Алпыс орындық автобуста ине шаншар орын жоқ, 80 адам …

КОНДУКТОР – АВТОБУСТЫҢ АЙНАСЫ Read More »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҒЫМ КӨП

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі жайын талқылады. Басқосуда халық қалаулылары қаланың кейбір ықшамаудандарында қажетті маман, тіпті емхананың өзі болмаған жағдайда халықтың қай жерден қалай көмек ала алатынына жауап іздеді. Депутат Юлия Пронина халқы тығыз орналасқан шағынаудандарда тұрғындармен кездесу кезінде осындай мәселенің үнемі көтерілетінін тілге …

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҒЫМ КӨП Read More »