МАЙДАНГЕР АУРУХАНАҒА ТҮСТІ
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Макиенко ойда-жоқта жарақат алып, ауруханаға түсті. Майдангердің туыстарының айтуынша, ол күнде саябаққа барып, құстарға жем шашуды әдет қылған. Ал кеше жолда оны 9 жасар қыз бала қағып кеткен. Ардагер «Жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға жеткізілді. – Василий Макиенко көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Медициналық тексеруден кейін оған …