«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ТАУАРЛЫ-СҮТ ФЕРМАСЫ – ТАБЫС КӨЗІ

Тайынша ауданындағы Макашевка елді мекенінде жаңа тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. «Солтүстік» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданында орналасқан жаңа кешен 600 басқа арналған. Қажетті ірі қараның 400-ге жуығын сатып алды. Олардың 220-сы – сүтті симменталь сиырлары. Шаруашылық тайыншаларды Германиядан әкелді. Күзге қарай үшінші нысанды іске қосқанда тағы 200 бас әкелінеді деп …

ТАУАРЛЫ-СҮТ ФЕРМАСЫ – ТАБЫС КӨЗІ Read More »

Ғалия ӨМІРБЕКОВА: «ОРАМАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН»

– Өмірбаяныңызға көз жүгіртсек, сіздің бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған жан екендігіңізді аңғарамыз. Әр баланың тұлға болып қалыптасуы үшін олардың бойына алдымен қандай қасиеттерді сіңірген абзал? – Адамдық борыш деген тіркес бар. Ол – адам бойынан табылатын рухани байлық, адами құндылық. Адамның адам болып қалыптасуы отбасында алған тәрбиесі мен жақсы ұстазынан. Сондықтан отбасын тәрбиенің алтын …

Ғалия ӨМІРБЕКОВА: «ОРАМАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН» Read More »

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде еңбек ететін Виталий Савинкин – 120-дан астам ғылыми еңбектің авторы, өнертабыстарына оннан астам патент алған ғалым. Техника ғылымдарының докторы «Көлік және машина жасау» кафедрасында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Оқытушының жетекшілігімен 20-ға жуық магистр мен PhD доктор даярланды. Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарымен белсенді айналысады, көлік техникасы мен технологиялары саласындағы …

ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР Read More »

БЕКЗАТ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ЕДІ

Топырағы құнарлы Қызылжар өңірінен есімдері елге белгілі небір тұлғалар түлеп ұшқан. Солардың қатарында жаны жайсаң, жүрегі мейірімге толы, бекзат болмысты ардақтыларымыздың бірі – Мәркен Ахметбекұлының есімі айрықша мақтанышпен аталады. Оның кіндік қаны тамған, туып-өскен мекені –Шал ақын ауданына қарасты Қаратал ауылы. Балалық шағы зұлмат соғыспен тұспа-тұс келген ойын баласы бұғанасы қатпай жатып еркеліктен гөрі тағдырдың …

БЕКЗАТ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ЕДІ Read More »

НЕСИЕ РЕСІМДЕГЕНДЕ НЕГЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК?

Кейбір адамдар несиенің қолжетімді екеніне қуанса, енді біреулер артық төлем мен жоғары пайыздар үшін оны мүлдем ұнатпайды. Алайда сіз кредит жайлы қалай ойласаңыз да – ол жай ғана қаржы құралы. Және осы құралды сауатты пайдалануды үйренген жөн. «Fingramota.kz» жобасы өзіңіздің нақты мүмкіндіктеріңізді қалай дұрыс бағалауға және қалтаңызға салмақ салмайтындай етіп ресімдеу керектігі туралы айтып береді. …

НЕСИЕ РЕСІМДЕГЕНДЕ НЕГЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК? Read More »

БАБА ЖОЛЫН ҚУҒАН БАБЕКЕ БАТЫР

Әрбір мемлекеттің тарихында ешқашан ұмытылмайтын тұлғалар бар. Олардың есімдері халық жадында сақталады. Біздің еліміздің өткеніне көз жүгіртсек, ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығының арқасында бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қалыптасқанын көреміз. XVIII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастары туралы архивтік деректер мен соның негізінде жазылған тарихи еңбектерде батыр Бабеке Құлекеұлының есімі жиі аталады. Құлеке батыр (1702-1763 ж.) – Абылай ханның оң қолы, …

БАБА ЖОЛЫН ҚУҒАН БАБЕКЕ БАТЫР Read More »

ЖАСТАР ШЕТЕЛГЕ КЕТУГЕ НЕГЕ ҚҰМАР?

Бүгінде шекара маңындағы өңірлерде тұратын жастар санының азаюы өзекті мәселеге айналып отыр. Осы жайтқа алаңдаған ғылыми-зерттеу орталығының мамандары «Шекара маңындағы өңірлердегі жастардың оқу және еңбек көші-қонының ерекшеліктері» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің қорытындыларын жариялады. Зерттеуге өңірімізден 47 жас қатысқан. Келтірілген деректерге сенсек, соңғы 5 жыл қатарынан өңірдегі сыртқы миграция сальдосы теріс нәтиже көрсетіп келеді. Дәл осындай ахуал …

ЖАСТАР ШЕТЕЛГЕ КЕТУГЕ НЕГЕ ҚҰМАР? Read More »

ПІКІРСАЙЫС АЛАҢЫ

Облыс орталығында республикалық дебат турнирі өтті. Дәстүрлі дода теріскейде жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл өңірімізге 10 облыстан 70-ке жуық пікірсайысшы келіпті. – Жаһандық интеллектуалды заманда пікірсайыстың маңызы зор дер едім. Дебатқа үйір жастар сыни ойлау қабілеттерін дамытады. Сыни ойлай алатын адам ғана кез келген мәселенің түйінін салқын ақылмен шешуге тырысады, – дейді облыстық жастар мәслихатының жобалық …

ПІКІРСАЙЫС АЛАҢЫ Read More »

ЖАС КҮЙШІЛЕР ЖАРҚЫЛЫ

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында жас домбырашылар арасында өткен сайыс «Күй керуен» деп аталды. Өнер додасына 40-тан астам жас қатысты. Қатысушылар жас ерешеліктері бойынша топтарға бөлініп өнер көрсетті. Сахнаға шығу реті жеребе бойынша анықталды. Өнер додасына бақтарын сынауға келгендердің дені Ақжар, Қызылжар, Уәлиханов, Тайынша аудандарының оқушылары. Кіші топқа Құрманғазының «Балбырауын» және «Бозшолақ» атты қос күйін …

ЖАС КҮЙШІЛЕР ЖАРҚЫЛЫ Read More »

ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «WorldSkills Kazakhstan 2025» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылуы өтті. Сайыс оныншы рет ұйымдастырылды. Оған 15 жастан 22 жасқа дейінгі жастар қатысып жатыр. Жарыс графикалық дизайн, веб-технологиялар, желілік және жүйелік басқару, мобильді қосымшаларды әзірлеу, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш сыныптарда оқыту сынды 6 құзырет бойынша өтеді. «WorldSkills» аясында өңірлік, ұлттық …

ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ Read More »

ҚАРУ ҮШІН ҚАРЖЫ АЛ

Өңірде 6846 қару иесі бар. Қаруды қауіпсіз пайдалану ережелерін аңшылардың есіне салу үшін полицейлер Мамлют ауданында кездесу өткізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аңшылық оқыс оқиғамен аяқталмауы үшін белгіленген ережелерді қатаң сақтау қажет: қаруды оқталмаған күйінде, арнайы қапқа салынған қалпында тасымалдау керек және қару иесі өзімен бірге рұқсат құжаттарын алып жүруі тиіс. Полицейлер аңшыларға қару сейфін дабыл …

ҚАРУ ҮШІН ҚАРЖЫ АЛ Read More »

САҒЫНДЫРҒАН «ГАУҺАРТАС» Қызылжар төрін думанға бөледі

Биыл Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 25 жыл толды. Айтулы шараға орай Ақан сері атындағы облыстық филармонияда «Гауһартас» республикалық ұлттық өнер фестивалі өтті. – Бұл шараны өңіріміздің мәдени өміріндегі жарқын сәт десек те болады. Фестивальге республикамыздың түкпір- түкпірінен белгілі композиторларды, дирижерлерді арнайы шақырдық. Белгілі композитор, жерлесіміз Жоламан Тұрсынбаев өнердің қайнаған ордасы – …

САҒЫНДЫРҒАН «ГАУҺАРТАС» Қызылжар төрін думанға бөледі Read More »

КӨШЕЛЕР КҮЛ-ҚОҚЫСҚА ТОЛЫ

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада қоқыс шығару, қаланы абаттандыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты.  – «Таза Қазақстан» акциясы – бұл жай ғана ұран емес, еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Қоршаған ортаның мұнтаздай таза болуы – халық денсаулығының кепілі. Былтыр жүзеге асырылған …

КӨШЕЛЕР КҮЛ-ҚОҚЫСҚА ТОЛЫ Read More »

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

«Digital Urpaq» оқушылар сарайында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Ұйымның құрылғанына 35 жыл толуына арналған шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов, облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, тіл жанашырлары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен білім саласының өкілдері, аудандық, …

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ Read More »

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨҢДЕУ КЕНЖЕЛЕП ТҰР

Жақында Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. Сауалды Мәжіліс депутаты, аграрлық саланы бес саусағындай білетін маман Еркебұлан Мәмбетов оқып берді. Депутаттық сауалда былай делінген: «Бүгінде республика бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 23,3 млн. гектарға жуық, оның 72 пайызын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар құрайды. Қазіргі таңда …

МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨҢДЕУ КЕНЖЕЛЕП ТҰР Read More »

ТЫҢ ИДЕЯЛАР АЛАҢЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында «Стратегия болашағы: Ұлттық құрылтайдың басымдықтары мен сын- қатерлері» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен төртінші отырысына біздің өңірден қатысқан Ұлттық құрылтай мен облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Сергей Худяков маңызды шарада Президентіміздің түрлі салаға жан- жақты тоқталып, болашаққа бағдар болатын бағыттарды айқындағанын айтты. – Құрылтайда бала тәрбиесі, оқу, тіл …

ТЫҢ ИДЕЯЛАР АЛАҢЫ Read More »

«ХАЛЫҚ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕНІҢ БАРЛЫҒЫ МАҢЫЗДЫ»

Әмина Оспанова – Есіл аудандық мәслихатының №9 сайлау округі бойынша депутаты, әлеуметтік сала мәселелері, заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. Аудандық мәслихат жанындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының төрайымы. Асқар Игібаев атындағы орта мектептің директоры. Не үшін депутат болдым? Мен аудандық мәслихаттың соңғы үш шақырылымында депутат болдым. Жоғары жақтан депутат бол деген ұсыныс …

«ХАЛЫҚ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕНІҢ БАРЛЫҒЫ МАҢЫЗДЫ» Read More »

МЕЙІРІМ НӘРІ

Зекет – Ислам дінінің негізгі бес тірегінің бірі. Тазару, өсу, өну, береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады. Қайырымды жандардың зекет парызын өтеуі дұрыс бағытта жүргізілуі үшін 2012 жылы ҚМДБ жанынан «Зекет және қайырымдылық» қоры …

МЕЙІРІМ НӘРІ Read More »

ҰМЫТЫЛМАС ИГІ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы өзінің 35 жылдық тарихында ұлтымыздың мүддесін көздеген ұмытылмас игі істердің ұйытқысы бола білді. 1990 жылы қазағының үлес салмағы 19 пайыз ғана болған Қызылжар өңірінде құрылған ұйым мүшелері ана тіліміздің суалып бара жатқан бұлағының көзін ашқандай шарапатты шаруа тындырды. Сол жылы «Қазақ тілі» қоғамының жергілікті …

ҰМЫТЫЛМАС ИГІ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ Read More »

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ҮЛКЕН МЕРЕЙ

Менің туған жерім – Алтайдың арғы беті. Ол жақты қоныстанған қазақтар салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына өте берік. Ұлттық құндылықтарды ұрпағының бойына дарытып, қылаудай кір жұқтырмайды, әркез аманаттап отырады. Атамекенімізге көшіп келгенде қазақшаға қамшы салдырмайтын жүйріктігімді қайтейін, кейбір қатарластарым орысша білмейтінімді, сөйлей алмайтынымды күлкі-келеке етті. Құжат толтыру мәселесінде қиындықтар аз кездескен жоқ. Қалыптасқан жағдайды ой елегінен өткізе келіп, …

ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ҮЛКЕН МЕРЕЙ Read More »