«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ТІЛГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ — ЕЛГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ

Биыл ақпан айында Президенттік орталықта өткен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының сегізінші құрылтайы бұған дейін мұндай кең форматта болмағаны, мұның өзі мемлекеттің де, қоғамның да тілге деген ерекше көңіл бөлуінің көрінісі екені айтылды. Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауында: «Ұйымның бастамасымен қазақ тілін дамыту жолында көптеген ауқымды іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Сіздердің жасап жатқан жобаларыңыз ана тіліміздің қолданылу аясын …

ТІЛГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ — ЕЛГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ Read More »

«ҚЫЗЫЛЖАР — ҚҰС БАПТАУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР»

Құсбегіліктің кемеліне жетіп, өркендеп, нағыз кәсіпке, өнерге айналған жері – қазақ даласы. Құйқалы қазақ жері аңға толы заманда құс салудың көшпенділер өміріндегі маңызы зор болған. Аспанның бұлтын жарып өтетін ақиық құс иесінің байлығы мен сән-салтанатының белгісі саналған. Бүгін де байырғы кәсіптен қол үзбей, құс баптап жүрген жандар аз емес. Құсбегілік, әсіресе, еліміздің шығысы мен оңтүстігінде …

«ҚЫЗЫЛЖАР — ҚҰС БАПТАУҒА ҚОЛАЙЛЫ ӨҢІР» Read More »

ЕДАҒАҢНЫҢ БАЛТАСЫ

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те бір толастаған жоқ. Майданға аттанған ерлердің орнын елде қалған қариялар, әйелдер мен балалар басты. Олар сарбаздарды азық-түлікпен, шикізатпен қамтамасыз етті. Сондықтан Жеңіс күні – тыл ардагерлерінің де мерекесі. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұрыс, соғыс деген екі сөз бар. Соғыс …

ЕДАҒАҢНЫҢ БАЛТАСЫ Read More »

АҢҒА ШЫҚҚАНДА ЗАҢНАН АТТАМА

Облыста аңшылық қорының жалпы ауданы 8,4 млн. гектарды құрайды. Онда 47 аңшылық шаруашылық орналасқан. Қазіргі уақытта 42-сі жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген. Бұл кәсіпкерлердің аңшылық шаруашылығын жүргізуге деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. Облыс аумағындағы аңшылық шаруашылық жүргізудің негізгі бағыты – әуесқой (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру. Біздің өңірде үйрек, қаз, қоян, түлкі, борсық, елік, қабан сынды аулануға …

АҢҒА ШЫҚҚАНДА ЗАҢНАН АТТАМА Read More »

БАТА БЕРЕР АТА БАР

Петропавлда ақсақалдар арасында бата беруден «Ақ бата» облыстық сайысы өтті. Іс-шараға Петропавлдан, аудандардан ақсақалдар қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар салт-дәстүр жайында білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде ақсақалдарға әртүрлі жағдайларда айтылатын баталардың тақырыптары берілді. Олар сол бойынша бата берді. – Дін мен дәстүр – егіз ұғым. Сондай-ақ қазақта «батаменен ел көгерер» деген нақыл …

БАТА БЕРЕР АТА БАР Read More »

БАЛАЛАР ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында есімі елге белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайымның «Құс ұясы» атты кітабының тұсауы кесілді. – Менің бұл туындым түрлі-түсті 58 суретпен безендірілген, 370 беттен тұрады. Кітапқа балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгімелерім, ертегілерім мен 3 повесім топтастырылған. Сиясы кеппеген кітабымның таныстырылымын Қызылжарда өткізуімнің өзіндік себебі …

БАЛАЛАР ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ Read More »

ҰЛЫ ДАЛАНЫ КҮЙІМЕН ТЕРБЕГЕН

Биыл әйгілі күйші, композитор, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Мерейтойға орай Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында «Өз елім» атты концерт ұйымдастырылды. Ұлы композитордың мұрасын ұлықтаған кешті аға буын өкілдері мен студенттер тамашалады. Нұрғиса Атабайұлы 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы, Іле ауданындағы Шилікемер ауылында дүниеге келген. Әкесі Атабай домбырашы, халық әндерінің білгірі …

ҰЛЫ ДАЛАНЫ КҮЙІМЕН ТЕРБЕГЕН Read More »

ҚОҒАМДЫ ОРТАҚ МАҚСАТ ҰЙЫСТЫРАДЫ

Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын маңызды идеологиялық тұжырымдар мен негізгі бағыттарды белгілеп берді. Алқалы басқосуда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргі тарихи кезеңде халқымыздың сөзі де, ісі де бір болуы қажет екенін атап өтті. Ерлік – елге мұра Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстанның зайырлы ел ретіндегі мәртебесін көтеруде, ұлттық …

ҚОҒАМДЫ ОРТАҚ МАҚСАТ ҰЙЫСТЫРАДЫ Read More »

ОЙЫН ОТҚА, ҚЫЗЫҚ ҚАЙҒЫҒА БАСТАМАСЫН

«Оралыңның барында ойна да күл» дейді қазақтың қара өлеңінде. Жауқазындай бүршік атқан жастық шақта өмірдің қызық-қуанышына кенеліп, көңіл сергіткен жақсы-ақ. Алайда қазіргі жастардың ойыны отқа, қызығы қайғыға бастап тұрған жоқ па? Уақытын көңілді өткізу үшін болашағына балта шауып, ертеңіне кесірін тигізіп жатқандар қаншама? Қас қарая қыз-жігіттердің көше кезіп, түнгі клуб жағалап кететіні қоғамды алаңдатып отыр. …

ОЙЫН ОТҚА, ҚЫЗЫҚ ҚАЙҒЫҒА БАСТАМАСЫН Read More »

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ

Биыл облыста жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 1,1 мың шақырым жол жөнделеді деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 467 шақырым республикалық желі, 700 шақырым жергілікті жолдар және көше-жол желісі, соның ішінде 35 елді мекендегі 100 шақырым ішкі жол қамтылады. – Былтыр өңірде мың километрден астам жол жөнделіп, 91,3 млрд. теңге игерілді. Биылғы жұмыстардың 80 пайызы – орташа жөндеу. …

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЫ АУҚЫМДЫ Read More »

ҚҰС ӨСІРСЕҢ, ҚАЗ ӨСІР

Қызылжарда алғаш рет «Auyl Fest. Қаз шаруашылығы» атты бірінші халықаралық этномәдени фестивалі өтті. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры алаңында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Венгрия, Татарстан, Башқұртстан, Мари Элден келген және еліміздегі құс шаруашылығымен айналысатын мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің түрлі аспектілерін …

ҚҰС ӨСІРСЕҢ, ҚАЗ ӨСІР Read More »

ОТАНДЫҚ КИНОНЫҢ ОНКҮНДІГІ

Елімізде отандық киноны ілгерілету жұмыстары жалғасуда. Бұл – маңызды міндет, оның орындалуы қазақстандық кинематографияны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, әрі әрбір фильмге өз көрерменін табуға септеседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында киноиндустрияның дамуын ерекше атап өткен болатын. «Qyzyljar» креатив орталығында қазақ киносының күндері басталды. Басты мақсат – көпшілікті дарынды режиссерлермен және олардың …

ОТАНДЫҚ КИНОНЫҢ ОНКҮНДІГІ Read More »

БОСТОНДА БАҒЫ ЖАНДЫ

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында жалауы желбіреген әлем чемпионатында отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Өз композициясын сәтті орындап шыққан жерлесіміз 287,47 ұпай жинады. Бостонда өткен дүбірлі додаға жер- жаһанның барлық мықты мәнерлеп сырғанаушылары қатысты. Жарыс жолына шыққандардың дені – Олимпиада мен әлем чемпионаттарында атой салған саңлақтар. Халықаралық, құрлықтық жарыстарда жеңіс …

БОСТОНДА БАҒЫ ЖАНДЫ Read More »

АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ

Петропавлдағы №28 мектепте қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. Оған облыс орталығы мен аудандардан іріктелген 5-11 сынып оқушылары қатысты. Тоғызқұмалақ – ақыл-ойды дамытуға арналған ойын. Әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын ол логикалық ойлауды талап ете отырып, адам санасын жетілдіруге ерекше күш салады. Өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойынның …

АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫ Read More »

«ЖАРАҚАТ АРМАНЫМА ЖЕТУГЕ КЕДЕРГІ БОЛҒАН ЖОҚ»

Парабиатлон және парашаңғыдан еліміздегі ең табысты спортшылардың бірі – Ербол Хамитов. Жерлесіміз параспорттан Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем кубогының жалпы есебінде жеңімпаз атанып, «Үлкен хрусталь глобус» иеленген болатын. Қысқы маусымды сәтті аяқтап, туған жерге оралған спортшымен жақында сұхбаттасудың сәті түсті. – Жеңісіңіз құтты болсын! Бұл бір күнде келген жетістік емес. Артында қаншама төккен тер, тіпті …

«ЖАРАҚАТ АРМАНЫМА ЖЕТУГЕ КЕДЕРГІ БОЛҒАН ЖОҚ» Read More »

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – МЫЗҒЫМАС ТАЛАП

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті уәкіл кеңсесі келіп түскен өтініштердің бірде-бірін елеусіз қалдырған емес. 2024 жылы олардың саны 16,8 пайызға артып, жалпы саны 6748-ге жетті. Бұл халық тарапынан сенімнің арта түскенін, құқықтық-ағарту жұмыстарының күшейтілгенін аңғартса керек. Маған «Омбудсменге қандай сипаттағы мәселелер жолданады?» деген сұрақ жиі қойылады. Сотқа дейінгі тергеу органдарының әрекеттеріне шағымдар, сотталғандардың құқықтарын бұзу …

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – МЫЗҒЫМАС ТАЛАП Read More »

БЕСІКТЕН НЕГЕ БЕЗДІК?

Жасы сексеннің сеңгіріне шыққан Гүлзайра әжейдің төргі бөлмедегі жақтаулары сәмбі талдан иілген, өз балаларынан бөлек немере-шөберелері жатқан бесікті күніне бірнеше мәрте сүйетін әдеті бар. Кейуана ұрпағының иісі сіңген қасиетті бұйымды сүйген сайын ішінен «біссімілләсін» айтып, дұға тілейді. Үйдегілер аналарының бұл қылығына күн сайын куә болса да, астарын түсінген емес. Әжей болса таңданыс танытқандарға: «Ауру қалса …

БЕСІКТЕН НЕГЕ БЕЗДІК? Read More »

ЖАРАТЫЛЫСЫ БӨЛЕК ЖАН

Өз басым қазығын қазақтың біртуар ұлдары Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов қаққан, өзіміз «қарашаңырақ» деп бас иетін облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газетінің табалдырығынан аттап, бір күн болса да, осында қызмет істеген адамды бақытты санаймын. Осы тұрғыдан алғанда, менің әріптесім әрі досым Зарап Ғазезұлы Құсайынов мың мәрте бақытты! Өйткені ол өз ғұмырының 43 жылын осы қасиетті қабырғада өткізді. …

ЖАРАТЫЛЫСЫ БӨЛЕК ЖАН Read More »

«ӨМІРІМНІҢ ӘР СӘТІ МЕРЕКЕМЕН МӘНДІ ЕДІ»

Саналы ғұмырын газетке арнаған журналистердің қатарында Мереке Тұралин де бар. Ол облыстық «Ленин туы» (қазіргі «Soltüstık Qazaqstan») газетіне аға әдеби қызметкер болып қабылданып, партия тұрмысы, кеңес құрылысы, ауыл шаруашылығы, хабар бөлімдерінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары лауазымдарына дейінгі жолдан өтті. Ағамыздың отбасында асыл жар, асқар тау әке болғанын бізге оның Құдай қосқан қосағы Нағима …

«ӨМІРІМНІҢ ӘР СӘТІ МЕРЕКЕМЕН МӘНДІ ЕДІ» Read More »

Зейнолла ОЛЖАБАЕВ: «АРМАНЫМ — БУЛАЕВТЫҢ БАЯН БАТЫР АТАЛҒАНЫН КӨРУ»

– Зейнолла Олжабайұлы, сіз біраз жылдан бері бағзы заманнан мирас болып қалған қасиетті жер- су атауларын қайта түлету, идеологиялық тұрғыдан ескірген қала, көше аттарын қазақшалау мәселесін көтеріп келесіз. Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласын Баян батырдың есімімен атау туралы ұсынысыңыз бүгінге дейін шешілмей келеді. Жалпы ономастика мәселесінің оңалмауына не себеп деп ойлайсыз? – Ономастика мәселесі …

Зейнолла ОЛЖАБАЕВ: «АРМАНЫМ — БУЛАЕВТЫҢ БАЯН БАТЫР АТАЛҒАНЫН КӨРУ» Read More »