«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

«SERPIN WAY» АВТОБУСЫ САПАРҒА ШЫҚТЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің кәсіптік бағдар беру тобы «Serpin Way» автобусымен алғаш рет елдің оңтүстік өңіріне сапарға шықты. Үш апта ішінде 6500 шақырымнан аса жол жүріп, 30-ға жуық елді мекенді, ірі қалалар мен ауылдарды аралайды. – Биыл «Серпін» бағдарламасы аясында өңірге 200-ге жуық квота бөлінбек. Бұл сапарда университет өкілдері талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу …

«SERPIN WAY» АВТОБУСЫ САПАРҒА ШЫҚТЫ Read More »

ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ АЛДЫҢҒЫ ШЕБІНДЕ

Көші-қон қызметі туралы сөз қозғағанда көпшіліктің ойына шетел азаматтарын есепке алу, тіркеуден шығару секілді жұмыстардың келетіні жасырын емес. Алайда сала қызметкерлерінің жұмысы шетелдік азаматтардың ел аумағында болу ережелерін бақылаумен ғана шектелмейді. Көші-қон қызметі ел азаматтарының жеке куәліктері мен төлқұжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесіп, азаматтарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасында 13 қызметкер жұмыс …

ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ АЛДЫҢҒЫ ШЕБІНДЕ Read More »

АҒА БУЫН ҚАЙ ІСТЕ ДЕ БЕЛСЕНДІ

Петропавлда облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті. Жиында кеңестің 2024 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Іс-шараға қоғамдық және мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың өкілдері, жастар қатысты. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельников өз сөзінде өткен жылы ардагерлер ұйымдарының әскери-отаншылдық және әлеуметтік жобалары сәтті жүзеге асырылғанын айта келе, жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлауға жаңа көзқарас қажет екенін …

АҒА БУЫН ҚАЙ ІСТЕ ДЕ БЕЛСЕНДІ Read More »

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН

Жерлесіміз Болатбек Қалдыров 18 жылдан бері ағаштан қазақтың ұлттық ыдыстарын жасаумен айналысып келеді. Шебердің қолынан шыққан ағаш астаулар беріктігі мен дизайны жағынан елімізде, тіпті шетелде де сұраныса ие. Болатбек Қалдыров ұзақ уақытқа дейін тозбай сақталатын астауды жасау үшін қайың ағашын қолданатынын айтады. Өйткені қайың – өте қатты, мықты ағаш. Ағаш астауды дайындау мұқияттылықты, ыждағаттылықты талап …

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ АЛТЫН Read More »

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше назар аударды. Әсіресе ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуға басымдық берді. Президент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жекеменшік медицинаға пайдасын …

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ КӨП Read More »

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ?

Дүниежүзінде жылыжай шаруашылығы бойынша ондаған жыл бойы көш бастап келе жатқан ел – Нидерланды. Бар аумағы Солтүстік Қазақстан облысының жартысына да жетпейтін мемлекеттегі жылыжайлардың көлемі 10 мың гектардан асады. Ал аумағы бойынша Нидерландыны 65 рет орап алатын Қазақстандағы жылыжай көлемі небәрі 1,3 мың гектар ғана. Еліміздің бір облысына да жетпейтін қарт құрлық төріндегі мемлекет ілгері …

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ? Read More »

ҚАРҒЫН СУДЫҢ АҒЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі жоғары елді мекендерді аралап, гидрологиялық нысандарды тексерді. Алдымен Шал ақын ауданындағы Сергеев су қоймасына барды. Сергеев су қоймасы – Есіл өзенінің ағынын реттейтін және сумен қамтамасыз ететін стратегиялық нысан. Өткен жылдан бері мұнда нығайту, түбін тереңдету және жағалауларды қорғау …

ҚАРҒЫН СУДЫҢ АҒЫСЫ БАҚЫЛАУДА Read More »

АСТЫҢ ДӘМІН ТҰЗ КЕЛТІРЕР, Алайда оның зиянды тұстары да аз емес

Тұз – адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуіне арналған қажетті компонент. Онсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Адам организмінде тұздың жеткіліксіз болуы денсаулық жағдайына тікелей әсер етеді. Мамандар адамдардың тұзды қажетсіну деңгейі ауа мен суға тәуелді болу көрсеткішімен бірдей деген тұжырымға келген. Ас тұзы бағасы қолжетімді, ең көп таралған дәм күшейткіштердің бірі саналады. Біз кристалды ас тұзын …

АСТЫҢ ДӘМІН ТҰЗ КЕЛТІРЕР, Алайда оның зиянды тұстары да аз емес Read More »

СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛЫПТЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазсушар» кәсіпорны облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин гидротехникалық құрылымдарда су тасқыны кезеңінің өту барысын баяндап, Сергеев және Петропавл су тораптары штаттық режімде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Былтыр су тасқынына дайындық аясында Сергеев, Петропавл су тораптарында ағымдағы жөндеу және су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Биыл қаңтар айында Сергеев гидроқұрылысы бөгетінің түбі …

СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛЫПТЫ Read More »

АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘЛІ ДЕ БАР

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Бақыт Жанбұлов пен облыстың әдеп жөніндегі уәкілі Сейілхан Серікбаев бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін Әдеп кодексін сақтау бойынша семинар өткізді. Іс-шарада мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс …

АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘЛІ ДЕ БАР Read More »

МӘСЛИХАТ ҚҰРАМЫНДА – ЖАҢА ДЕПУТАТ

Он екі мәселе қаралған облыстық мәслихаттың кезекті 23-ші сессиясында мәслихат төрағасы Владимир Бубенко өткен 2024 жылды қорытындылады. Сессияда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тушанов өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымының дамуы туралы айтып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған негізгі жобалар мен бастамаларды атап өтті. Ал экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов мемлекеттік-жекешелік …

МӘСЛИХАТ ҚҰРАМЫНДА – ЖАҢА ДЕПУТАТ Read More »

ЕҢ ӘДЕМІ ҚАЛА – ТАЗА ҚАЛА

Петропавлда биылғы алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Іс-шараның мақсаты – қыстан кейін көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, ретке келтіру. Бұл сенбілік «Таза Қазақстан» жобасының аясында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды. Мұндай сенбіліктер үш ай бойы үздіксіз өткізіледі. Соның аясында көптеген абаттандыру іс-шарасын ұйымдастыру жоспарланған. Бұл жолғы сенбілікке қала тұрғындары, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік …

ЕҢ ӘДЕМІ ҚАЛА – ТАЗА ҚАЛА Read More »

«ТІЛ ҮШІН КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ»

Белгілі заңгер, тіл жанашыры Қайрат Дүйсенбімен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қатарлас оқыдым. Сол кездің өзінде әншілік, термешілік, асабалық қасиеттерімен, жазу- сызуға деген қабілетімен танылды. Замандасымыздың егемендіктің елең-алаң шағында атқарған қоғамдық жұмыстары мен тынымсыз тірлігі – үлкен ерлікке пара-пар, айрықша құрметтеуге лайық. Мерейлі 70 жасқа толып отырған Қайрат Дүйсенбімен тіл төңірегінде аз-мұз әңгімелескен едік. – …

«ТІЛ ҮШІН КҮРЕСТІҢ ҮЛКЕН-КІШІСІ БОЛМАЙДЫ» Read More »

ҚАНІШЕРЛЕРГЕ – ҚАТАҢ ЖАЗА

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Сергей Емельянов, Данил Орлов және Ирина Скоробогатоваға қатысты апелляциялық шағымды қарай келіп, бір отбасын ойрандаған үш айыпталушының жазасын қатаңдатты. Еске сала кетейік, 2023 жылы жаңа жыл қарсаңында кәсіпкер Вадим Приходченко мен оның жұбайы Юлия және олардың 17 жастағы ұлы Юрийдің өлі денелері үйлерінен табылған болатын. Көп ұзамай үш …

ҚАНІШЕРЛЕРГЕ – ҚАТАҢ ЖАЗА Read More »

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ғалым, жазушы, аудармашы Евней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Евней Бөкетовтің бірегей мұрасы» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Шарада алғашқы болып сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры Зарқын Тайшыбай Евней Бөкетовті алғаш рет Қарағанды облыстық газетінде жұмыс істеп жүрген кезде көріп, танысқанын, Шоқан туралы …

ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ Read More »

ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Солтүстікқазақстандық еркін күрес балуаны Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Осылайша жерлесіміз еркін күрестен үш дүркін Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды әлеуметтік желіде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. «Алдағы уақытта жоспарлары орындалып, Олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің намысын қорғауға жазсын. Нұрқожа мен бапкерлерін, спорт сүйер қауымды алтын жүлдемен құттықтаймын. Жеңісті күндер алда болсын!» …

ҮШ ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ Read More »

ЖЫЛҒАРАДАН ҚАЛҒАН ҚҰЖАТ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1852 жылы Жылғара Байтоқинге берілген Ресей империясының әулетті дворянин атағын тағайындау туралы І Николайдың грамотасының түнпұсқасы сақталған. Грамота бірнеше парақтан тұрады, кей абзацтары алтынмен жазылған. Ол заманда мұндай жоғары сый әсіресе мұсылмандарға өте сирек және ерекше жетістіктері үшін ғана берілген. 1967 жылы ұрпағы отбасылық жәдігер – құнды құжатты, сондай- ақ, Жылғараға берілген …

ЖЫЛҒАРАДАН ҚАЛҒАН ҚҰЖАТ Read More »

ТЕКЕ – МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІ

Уәлиханов ауданындағы ерекше қасиеті бар Теке көлі қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды. 2020 жылы ас тұзын өңдеуге арналған келісімшарт аясында жергілікті атқарушы органдар жалпы ауданы 21,5 мың гектар Теке көлін жер қойнауын пайдаланушыға берген болатын. 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тоқтатылған. Алайда уәкілетті орган екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты …

ТЕКЕ – МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІ Read More »

ШИЗОФРЕНИЯ – ТОЛЫҚ ЕМДЕЛМЕЙТІН ДЕРТ

Жақында Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 14 жастағы жасөспірім лифтіде бес жасар балаға пышақ ала жүгіріп, бетін тілгілеп тастады. Әйтеуір бала аман. Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, психикалық ауытқуы бар балалардың ата-аналары оларды үнемі бақылауда ұстауға міндетті екенін айтты. Біздің өңірде психикалық ауытқуы бар адамдарға ем-дом көрсететін …

ШИЗОФРЕНИЯ – ТОЛЫҚ ЕМДЕЛМЕЙТІН ДЕРТ Read More »

ҮЙІ ЖОҚ, ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ

Мәдениеті күшті елді жаулап алу, жаулап алған күннің өзінде уысында ұстап тұру қиын екенін түсініп, алдымен халықтың сүт бетіндегі қаймағы саналған ардақтыларын өлтірген сұрқия саясатты тарихтан жақсы білеміз. Қазір де мәдениеттегі мәселелері шешілмеген елдің айы оңынан туа қояды дегенге сену қиын. Мемлекеттің іргесін мықтап ұстап тұрған бұл салада маман тапшы. Орташа жалақының төмендігі жастардың келуіне …

ҮЙІ ЖОҚ, ЖАЛАҚЫСЫ МАРДЫМСЫЗ Read More »