«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

АҚЫННЫҢ «БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ»

Осыдан бірнеше жыл бұрын есімі елге белгілі ақын Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» деп аталатын повесі жарық көріп, оқырман сүйіп оқитын туындыға айналған болатын. Арада көп уақыт өтпей айтулы шығарманы сахнаға шығаруға, оның желісі бойынша кино түсіруге ниетті режиссерлер табылды. Сәтті түсірілген фильмді жуырда ұжым болып тамашалаудың мүмкіндігі туды. «Болмаған балалық шақ» – қаламгердің алғашқы …

АҚЫННЫҢ «БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ» Read More »

АУЫЛ БАЛАСЫ АЛҒАН ЖҮЛДЕ

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Андреевка орта мектебінің оқушысы Никита Авдеев «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық жастар байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Оқушының әлеуметтік жарнама байқауына жіберген «Жемқорлықтың қолына түспе!» атты жұмысын қазылар ең креативті туындылардың бірі ретінде бағалаған. «Мен сыбайлас жемқорлықты құбыжық ретінде көрсеттім, ал оның астында адам тұр. Ол таңдау құқығына ие – …

АУЫЛ БАЛАСЫ АЛҒАН ЖҮЛДЕ Read More »

ЖАҚЫНЫҢНАН АРТЫҚ ЖАНАШЫР ЖОҚ

«Екі аяғың бір етікке тығылып» асыққанда Құдайдың жолы да жеткізбей діңкелететіні бар емес пе? Мұндайда қиыннан қиыстырып жол табатын, қаланың қалтарыс-бұлтарысын бес саусағындай білетін тәжірибелі таксист те кезікпейді ғой. Бұл кәсіпті енді ғана меңгеріп жүргені айналаға абдырай қараған көзі мен рөлді тас қылып ұстап алған қолынан білінетін жас жігіттің жүрісі мандыған жоқ. Қиылыстардағы бағдаршамдардың әрқайсысына …

ЖАҚЫНЫҢНАН АРТЫҚ ЖАНАШЫР ЖОҚ Read More »

«КӨРДІМ ДЕ СЕНІ, КЕТТІМ МЕН ОҚЫС ОЯНЫП…»

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Дүйсеке ауылының тумасы, есімі күллі қазаққа белгілі айтыс ақыны Ерік Асқаровты білмейтін адам кемде-кем. Ақынның жары Нәсіпжан Асқарова өзі өмірден өтсе де, артына өшпес мұра қалдырған жұбайының ізгі қасиеттері, көркем мінезі жайлы кестелі сөз сабақтады. Атақ пен аманат Қазақтың аяулы ақынының, айтыс дүлдүлінің жары болу – екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бақ. …

«КӨРДІМ ДЕ СЕНІ, КЕТТІМ МЕН ОҚЫС ОЯНЫП…» Read More »

ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП

Рамазан айында халықтың сұранысы күрт артатын өнімнің бірі – құрма. Қасиетті айда аталған жеміс түрін әр үйдің дастарқанынан кездестіруге болады. Құрманың ауыз бекіткен адамның ағзасына пайдасы әлдеқашан дәлелденген. Мамандар күніне 2 құрма жеген адам дәрумен жетіспеушілігінен зардап шекпейтінін айтады. Аталған өнім В1, В2, В4 және тағы да басқа дәрумендерге, калий, кальций, кремний, магний, темір, марганец …

ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП Read More »

ҚҰРАМЫНДА ЕТІ ЖОҚ ШҰЖЫҚТАР БАР

Аға буын өкілдерінен «Бұрынғының алмасы табиғи еді», «Балмұздағы тәттірек еді» деген салыстыруларды жиі естиміз. Жуырда ғалымдар мұның бәрі жай ғана өткенге деген сағыныш емес, шын мәнінде дәлелі бар дүние екенін жариялады. Зерттеушілердің айтуынша, соңғы бір ғасыр бойы табиғаттың өзгеруі мен халықтың көбеюі салдарынан күнделікті тұтынатын азық-түліктің құнарлылығы азайған. Қазіргі өнімдердің құрамындағы ақуыз бен минералдар біздің …

ҚҰРАМЫНДА ЕТІ ЖОҚ ШҰЖЫҚТАР БАР Read More »

«АУЫЛДАРДА ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ТАПШЫ»

Жанат Елеусізов – Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы, №13 сайлау округі бойынша депутат, «AMANAT» партиясының мүшесі. Не үшін депутат болдым? Мені Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына «AMANAT» партиясы ұсынды. Осы елдің азаматы ретінде ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін демократиялық қайта құрулардың бел ортасында болғанды жөн көрдім. Сайлауға түсер кезде өз округімнің ғана емес, бүкіл аудан …

«АУЫЛДАРДА ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ТАПШЫ» Read More »

АУЫР АТЛЕТИКА АҚСАП ТҰР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Өңір басшысының қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігінің сауалы өңірдегі спортты дамытуға қатысты болды. Ауыр атлетикадан аға жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эрик Алибаев облыста спорттың осы саласын дамыту, ол үшін Астана қаласынан арнайы жаттықтырушылар шақырту туралы ұсыныспен келіпті. Оның айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі ауыр атлетиканың …

АУЫР АТЛЕТИКА АҚСАП ТҰР Read More »

ҚЫСҚЫ СПОРТ МЕРЕКЕСІ

Дәстүрлі «Солтүстік-2025» қысқы спорт мерекесі мәресіне жетті. Бұқаралық спорттың дамуына серпін беретін бұл додаға облыстың 13 ауданының үздік спортшылары қатысты. Жарыстың ашылу салтанаты Ақжар ауданының Талшық ауылында өтті. ХХІХ қысқы ойындардың жалауын шорт-трек және конькиден облыс чемпионы, шаңғы жарысынан жүлдегер Рустам Есім көтерді. Ал алауды тұтату құрметі қысқы көпсайыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының …

ҚЫСҚЫ СПОРТ МЕРЕКЕСІ Read More »

АУЫЛДЫ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ АМАЛЫН ТАПҚАН

Ауылдардың саны бойынша екінші орындағы Солтүстік Қазақстан облысында «келешегі жоқ» елді мекендер аз емес. Қазіргі таңда 635 ауылда 270 мыңдай адам тұрады, соңғы 10 жылдың ішінде тұрғындар саны 42 мыңға кеміп кеткен. Тек былтырдың өзінде ғана адам саны елуден аз 45 ауыл қысқартуға ілікті. Басты себеп– қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдардың жоқтығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау …

АУЫЛДЫ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ АМАЛЫН ТАПҚАН Read More »

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚШАУЛАҒАННАН ОПА ТАППАЙМЫЗ

Елдің өркениеттілік деңгейі ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, әсіресе балаларға деген көзқарасымен де өлшенеді. Олардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау – тек ата-аналардың ғана емес, мемлекет пен бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Жуырда Астанадағы лифтіде орын алған қайғылы оқиға ерекше балалар мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Ақыл-есінде ауытқушылығы бар жасөспірімнің 5 жасар …

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚШАУЛАҒАННАН ОПА ТАППАЙМЫЗ Read More »

ҚАЛАНЫ ЖАҢҒЫРТАТЫН ЖОБАЛАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесті. Қалалық Мәдениет үйінде өткен жиында өңір басшысы тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуде қала ин-фрақұрылымын дамыту, жолдарды жөндеу, баспанамен қамту, су тасқынының алдын алу, қоғамдық көлік мәселелері мен әлеуметтік нысандардың құрылысы талқыланды. Облыс орталығын дамыту жоспарына сәйкес, өткен жылы басталған жұмыстар биыл да жалғаспақ. …

ҚАЛАНЫ ЖАҢҒЫРТАТЫН ЖОБАЛАР Read More »

ТАТУЛЫҚ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН

 Облыс орталығында Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Туған жерім – Қазақстаным» атты форум өтті. Бұл маңызды іс-шарада әртүрлі этнос өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың және этносаралық келісімді нығайтуға, дамытуға белсене үлес қосып жүрген жандардың басы қосылды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ассамблеяның 30 жылдығына арнаған құттықтауын оқыды. …

ТАТУЛЫҚ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН Read More »

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Жезқазған – Петропавл автожолының 800-ші шақырымында бидай тиелген «КамАЗ» көлігін жүргізіп келе жатқан 37 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны рөлге ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткен. Оны жол қозғалысын патрульдеп жүрген полицейлер байқап қалған. Олар ауыр жүк көлігін қардан шығару үшін арнайы техника табуға көмектесті. Екі күннен кейін дәл сол маңда, нақтырақ 806-шы шақырымында тіркемесі …

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ Read More »

«ӨЛЕМІН» ДЕП ҚОРҚЫТҚАН

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпан күні  таңғы сағат  жетілер шамасында қаланың көңіл көтеретін орындарының бірінде мас күйдегі екі тұрғын төбелесіп қалған. Жақын маңда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына жетті. «Шу шығарғандардың біреуінің қолына кісен салды. Екіншісі ашу үстінде  тамағына пышақ тақап, өзін-өзі өлтіретінін айтып қорқыта бастаған. …

«ӨЛЕМІН» ДЕП ҚОРҚЫТҚАН Read More »

ТУҒАН ЖЕРІМ ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ

Туған жерің – алтын бесік атамекенің. Ол – әке-шешеңнің, ата-әжеңнің құтты қонысы. Әр адамның «кіші Отанына» деген сүйіспеншілігі ерекше  болатынын жастайымнан бойыма сіңіріп өстім. Менің туып-өскен жерім – Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы. Бақытты балалық шағым осында  өтті.  Үлкен қазақ ауылында жалғыз ғана орыс отбасы тұрсақ та, «Сен орыссың, біз қазақпыз» деп бөлгендерін ешқашан естімеппін. Отбасымызбен …

ТУҒАН ЖЕРІМ ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ Read More »

ЕШКІМДІ ЖАТСЫНҒАН ЖОҚ

Кеңес одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен аман қалған жоқ. Тіпті тұтас бір халық сенімсіз ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1 наурызда  еліміз бойынша  кеңінен атап өтілетін Алғыс айту күні жалпыхалықтық мереке  ретінде орнығып,  бейбітшілік пен келісімнің жарқын көрінісіне айналды. Менің ойымша, Алғыс айту күнінің басты мәні – …

ЕШКІМДІ ЖАТСЫНҒАН ЖОҚ Read More »

ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНАДЫ

Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандумның негізі – тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген өзара мүдделілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Қол қойылған меморандум аясында Құс өсірушілер одағы …

ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНАДЫ Read More »

КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ

Есіл ауданының Николаевка ауылындағы «Кантемир-Агро» серіктестігі көктемгі егіс жұмысына әзірлікке білек сыбана кірісіп кеткен. Күзде жерлерін жыртып қойған іскер мамандар қазір техникаларын қалыпқа келтіріп, ескірген құрал-саймандарды жаңасына ауыстыруда. Агроқұрылым жанынан өткен жылы техника бөлшектерін жөндейтін шеберхана ашылған. Соның арқасында көлікті басқаратын жұмысшылар енді аудан мен облыс орталығына сандалып жүрмейді. Серіктестік инженері Игорь Дынниктің айтуынша, қазіргі …

КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ Read More »

ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНСЕ, САПА АРТАДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет органдарын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Онда Әділет министрі атқарылған іс туралы баяндады. Тағы бірқатар тиісті ведомство өкілдері мен салаға қатысты мамандар да сөз алды. Мәжбүрлеп орындату тоқтайды Әділет министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні пайдалана отырып, цифрлық экожүйені құрумен толық …

ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНСЕ, САПА АРТАДЫ Read More »