ӨҢІРІМІЗДІҢ ЖЫЛНАМАСЫ
Қазақ баспасөзі – ұлтымыздың ұлы тұлғаларының арманы еді, өзге озған жұрттармен қазақ баласының терезесін теңестіруге ұмтылысы еді. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» дегенге иманынан бетер табынған халық ауызекі тілден гөрі сауатты, тасқа басылған әріптермен әдіптелген кітап сөзіне зәру екенін ерте түсінген Алаш ғұламалары қараңғылықтың шеменіне шегенделген халықтың рухани бостандығын, сана сілкінісін баспасөз …