«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ЖЕҢІМПАЗ АРУЛАР

Апалы-сіңлілі Инесса, Алина және Кристина Шумековалар Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Повозочное ауылында дүниеге келген. Инесса – үлкені, Кристина мен Алина – егіз. Үшеуі де – халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Конькишілерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ольга Ихтендрис жарыстарға даярлайды. Білікті бапкердің қол астында жаттығып жүргендеріне алты жылдан асты. Үшеуі де Қазбек Байболов атындағы …

АУЫЛДАН ШЫҚҚАН ЖЕҢІМПАЗ АРУЛАР Read More »

АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН

 Облыста былтыр мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін 100-ге жуық қызметшінің құқығы қорғалды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ержан Қарымсақовтың айтуынша, ведомство жұмысының бір бағыты – еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Бұл нормалар Мемлекеттік қызмет туралы Заңда бекітілген. Ал 2023 жылғы мамырдан бастап мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізуге өкілеттіктер берілді. …

АРТЫҚ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСТАН КЕТКІСІ, АЛ ЖАСТАР КЕЛГІСІ ЖОҚ

 Зейнет жасы — әр адамның өміріндегі маңызды белес. Осы бір белеске көтерілуді ұзақ жыл еңбек етіп, егде тартқан әрбір жан армандайды. Зейнет жасына жеткендердің сүйіншілеп той жасап, думандатып жататыны да сондықтан. Еңбектен қол үзбей, қызметін жалғастыра беруге ниеттілер де көп. Соңғы жылдары елімізде ондай зейнеткерлердің саны артып келеді. Тіпті 80-85 жасқа келсе де жұмысын тастамағандар …

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСТАН КЕТКІСІ, АЛ ЖАСТАР КЕЛГІСІ ЖОҚ Read More »

САПАЛЫ ТҰҚЫМ – МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ

Жер сауырын емген диқандар үшін жылдың төрт мезгілі де қауырт жұмысқа толы. Қыс бойы шаруалар техникасын танап басындағы жұмысқа дайындап, тұқым мен тыңайтқышын алдағы ауқымды науқанға әзірлейді. Күздегі өнімнің мол болуы қысқы дайындыққа, көктемгі дала жұмыстарының дұрыс өтуіне және тұқымның сапасына байланысты. Алдағы егіс науқанына қам жасап, саладағы соңғы жетістіктерді ортаға салу үшін облыста халықаралық …

САПАЛЫ ТҰҚЫМ – МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ Read More »

ҚАР СУЫ ҚАУІПТІ

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шал ақын ауданына барды. Сапар барысында Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеев су қоймасының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді. Мамандар гидротораптың жағдайын және көктемгі су тасқынына қатысты болжамдарын айтты. Былтырғы төтенше жағдайда су торабының жанындағы сол жақ жағалаудан 2 мың текше метр балшықты су шайып кеткен. Оны жөндеу үшін тас төселген. Қазіргі таңда тиісті …

ҚАР СУЫ ҚАУІПТІ Read More »

Қазіргі отағасының отбасындағы орны қандай?

Бала тәрбиесіне кім жауапты? Бүгінгі баланың бойында кімнің тәрбиесі басым? Алғашқысына бір деммен ата-ана деп жауап беруге болады. Ал екінші сұраққа келгенде күмілжитінімізді жасырмай-ақ қояйық. Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты екені айдан анық. Бірақ таразының қос басы тең болғанда ғана отбасылық тәрбие түйінделеді. Бізде осы жағы кемшін. Көп жағдайда бала ананың қанатының астында. Талай буынға тура …

Қазіргі отағасының отбасындағы орны қандай? Read More »

БАСПА ІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ даласында өсіп-өркендеп, өркениет биігіне қол созған қалалар санаулы еді. Олардың қатарында қазаққа құтты қоныс болған Орал, Қызылжар, Семей сияқты бірнеше қала бар. Бұл шаһарлардың басты артықшылығы тек қызған саудасы мен өрлеген өндірісі ғана емес, темір жол бойында орналасқандығында. Заманында Алаш арыстары бас қосып, қазақтың ордасы тігілер астана сайларда таңдаушылардың назары …

БАСПА ІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ Read More »

ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ – ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Елімізде мүгедек адамдарды әлеуметтік жағынан қорғау Конституциямен, Әлеуметтік кодекспен, заң нормаларымен реттеледі. Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық тәжірибені, қоғамдық бірлестіктердің, БҰҰ мүгедек адамдар құқықтары жөніндегі комитетінің ұсынымдарын ескере отырып қабылданған 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасының басты мақсаты – мүгедектікке ұшыраған әрбір азаматтың жеткілікті өмір сүру деңгейіне және өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құруға …

ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ – ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ Read More »

«ZIK Computers» – ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ БРЕНДІ

Зерттеушілердің қазіргі жұртшылықты «тұтынушы қоғам» деп сипаттауы бекер емес. Бүгінде әркім тапқан-таянғанына керек-жарағын алып, азық-түлігін қамдайды. Ірі сауда үйлеріндегі сапырылысқан кісіде есеп жоқ. Жасыратыны жоқ, солардың көбі тауар таңдап, тиімді сауда жасаудың жолдарын білмей жатады. Азық-түлік пен киім-кешекті айтпағанда, тұрмыстық техника мен компьютер, телефон сатып алудың өзі оңай емес. Талабыңыз жоғары, таңдауыңыз дұрыс болмаса, сатушы …

«ZIK Computers» – ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ БРЕНДІ Read More »

АШЫҚ САЙЛАУ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНІСІ

Сайлау – демократиялық мемлекеттің басты көрсеткіштерінің бірі. Ақпан айының алғашқы бейсенбісі Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Осы күнге орай Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереевті әңгімеге тартып, сайлау мәдениетін қалыстастыру, өңірде өткен саяси науқандар туралы сұхбаттасқан болатынбыз. – Асқар Жоламанұлы, Дүниежүзілік сайлау күнін сіздердің кәсіптік мерекелеріңіз деуге болатын шығар. Құтты болсын! Жалпы бұл …

АШЫҚ САЙЛАУ – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНІСІ Read More »

АУЫЛДА АШЫЛҒАН СПОРТ НЫСАНДАРЫ

Аққайың ауданының Дайындық ауылында заманауи спорт кешені және Есіл ауданының Петровка елді мекенінде жабық хоккей корты пайдалануға берілді. Жаңа нысандар – бұқаралық спортты дамытуға көп көмек. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. «Хоккей кортындағы жүйелі жаттығулардың арқасында тың есімдер пайда болып, өңірімізді төрткүл дүниеге танытады деген сенімдемін. Елімізде бұқаралық спортты дамытып, саламатты өмір салтын …

АУЫЛДА АШЫЛҒАН СПОРТ НЫСАНДАРЫ Read More »

ӘР БАЛАҒА – 129,38 ДОЛЛАРДАН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған балалардың әрқайсысына 129,38 АҚШ доллары көлемінде қаражат аударылды. Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап …

ӘР БАЛАҒА – 129,38 ДОЛЛАРДАН Read More »

«ГӘККУЛЕТКЕН» АҚҚУЛЫ ӨЛКЕМ

Жүйткіген көлігіміз ерке Есілді артқа тастап, Айыртау ауданына қарай бет алды. Қаз-қатар тізілген қарағайлар ақ тымағын бастарына киіп, аппақ шапанын жамылып мүлгіп тұр. Жалғызтаудың оңтүстігіндегі ауылдың іргесінде тұрған «Үкілі Ыбырай» деген белгіге көзім түсті. Көлік жүргізушісіне елді мекенге қарай бұрылуын өтініп, киелі жердің тарихымен танысуды жөн көрдім. Көнекөз қариялардың айтуынша, оңтүстігінде айдарлы төбесі, оңтүстікшығысында Есмұрза …

«ГӘККУЛЕТКЕН» АҚҚУЛЫ ӨЛКЕМ Read More »

АУЫЛДАРДЫҢ ҚҰРЫП КЕТУІНЕ ӘКІМДЕРДІ КІНӘЛАУ БАСЫМ

1997 жылы құрылған Жамбыл ауданында содан бері 14 әкім ауысқан екен. Осы уақытта облыстың басшысы да 10 рет өзгерген. Солардың бәрімен тіл табысып, қызмет етіп келе жатқан бір адам бар. Ол – 28 жыл бойы ауылдық округ әкімі болып жұмыс істейтін Тұрмыс Иманжанов. Соңғы 16 жыл Благовещенка ауылдық округін басқарады. Аудан орталығы болған кезде атағы …

АУЫЛДАРДЫҢ ҚҰРЫП КЕТУІНЕ ӘКІМДЕРДІ КІНӘЛАУ БАСЫМ Read More »

«КЕЛЕШЕК»: ОҚУҒА ҚАРЖЫ ЖИНАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Президенттің 10 қаңтарда «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін құру туралы» туралы Заңға қол қоюын жылдың басты жаңалықтарының біріне жатқызуға болады. Енді әрбір ата-ана бұдан былай балаларының атына банктен немесе өмірді сақтандыру компаниясынан есепшот ашып, білім алу үшін қаржы жинақтай алады. Жинақтауға бір реттік бастапқы білім беру капиталы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйақының қосылатынын және де …

«КЕЛЕШЕК»: ОҚУҒА ҚАРЖЫ ЖИНАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ Read More »

Қоқыс қалдығынан – дайын өнім

Мамлют тас жолы маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады. «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техноэкопаркі осылайша өңірдегі қоқысты кәдеге жаратып, экологиялық жағдайды жақсартуды көздеп отыр. Жобаның құны – 37 млрд. теңге. Ол сәтті жүзеге асырылған жағдайда 500 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Серіктестік директорының орынбасары Дәурен Қатрановтың сөзінше, аталмыш …

Қоқыс қалдығынан – дайын өнім Read More »

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН БЕ?

Көктем жақындаған сайын тұрғындарда алаңдаушылық басым. Бұл орынды да. Мамандардың есебінше, өңірде 116 елді мекенді су басу қаупі жоғары. Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны Мақпал Жағыпарованың үйін былтыр су басты. Су салынғанына үш жыл ғана болған баспананың терезе жақтауына дейін көтеріліп, бар дүние-мүлік жарамсыз болып қалды. Кейін үйді жөнге келтіру үшін шатыры, терезесі мен қабырғасынан …

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКІН БЕ? Read More »

ҮЙ САЛҒАНДАР АҚШАЛАРЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР

Өткен жылғы су тасқынынан зардап шеккендерге арнап «Бірлік» шағынауданында тұрғын үйлер салған құрылыс компанияларына төлем толық көлемде өтелмеген. 400 млн. теңге берешек. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесіне жүгінген «Ash stroy» серіктестігінің өкілдері айтты. Белгілі болғандай, 13 серіктестік үйлерді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өткен жылдың күзінде тапсырған. Тасқыннан зардап шеккендер жаңа …

ҮЙ САЛҒАНДАР АҚШАЛАРЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР Read More »

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті кеңеске қатысушылар! Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық. Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. …

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі Read More »

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ КЕРЕК

Облыстық полиция департаментінің хабар­лауынша, осы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі. Заңдағы түзетулерге сәйкес мопедтерді тіркеу үшін иелері Петропавлдағы Нефтепроводная кө­шесі, 7 мекенжайында орналасқан «Маманданды­рылған халыққа қызмет көрсету орталығына» жүгіне алады. Ол үшін жеке басты куәландыратын құжат, мопедтің техникалық құжаты немесе техникалық сипаттамалары туралы мәлімет болуы керек. Тіркел­меген мопедтерді жүргізуші куәлігінсіз жүргізуге …

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ КЕРЕК Read More »