«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ЖЫЛТЫРАҚТЫҢ НЕ КЕРЕГІ БАР?

Ресми дерек бойынша, елдегі жастар саны 5,7 миллионнан асты. Жыл өткен сайын кейінгі буын өкілдеріне деген мемлекет назары артып, қолдау шаралары кеңейіп келеді. Бүгінде өз баста­масын жүзеге асырамын деген адамға грант алып, мемлекеттік қолдаудың игілігін көрудің көп­теген жолдары бар. Елдегі жастар саясатының ілгері басып, ілкімді істердің атқарылуына ұйытқы бо­лып жүрген белсенділердің ең­бегін де ұмыт қалдырмаған …

ЖАСТАРҒА ЖЫЛТЫРАҚТЫҢ НЕ КЕРЕГІ БАР? Read More »

ПАЙДАЛЫ КУРС

М.Қозыбаев атындағы СҚУ- дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Үздіксіз білім беру инс­титутымен бірлесе отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды, жас­тар арасындағы ұлттық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қа­лыптастыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыр­ды. Аталған курстарға университет оқытушылары мен қызметкерлері­нен бөлек, қаламыздың мектептері, колледждері, кітапханаларының өкілдері, этномәдени бірлестік­тердің, «Қоғамдық келісім» меке­месінің белсенділері тыңдаушы ретінде қатысты. Шара аясында лекциялар, прак­тикалық шеберлік …

ПАЙДАЛЫ КУРС Read More »

ДУБЛЯЖ ЖАСАЙТЫН БОЙЖЕТКЕН

Қызылжарлық бойжеткен Аяжан Қойшыбай қазақша фильм, мультфильмдер интернетте қолжетімді болуы үшін шетелдік туындыларды қазақша сөйлетіп жүр. Ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­тетінің соңғы курсында оқиды. Болашақ мамандығының дубляжға еш қатысы жоқ, жоғары оқу орнында «Дизай­нер-сәулетші» кәсібін меңгеріп жатыр. Кейіпкеріміз дуб­ляжға ойда-жоқта келгенін айтады. Пандемия кезінде үйде отырып жалыққан бойжеткен әлеуметтік желідегі қатарлас­тарының дубляж жасап …

ДУБЛЯЖ ЖАСАЙТЫН БОЙЖЕТКЕН Read More »

ТАҒДЫРЛЫ ТУЫНДЫ

Тарих парағына қанмен қат­талған 1986 жылғы Желтоқсан ыз­ғарында бодандық бұғауын бұзып, бостандық тілеп бұлқынған қазақ жастарының жүрегінде қазақ хал­қының арман-аңсары бұрқ-сарқ қайнап жатқан еді. Сол жүректен жанқиярлық ерлік те туды, мөлді­реп ән де туды. Ел басына күн ту­ған алмағайып уақытта дүйім ха­лық тебірене шырқаған «Қара бауыр қасқалдақ» әні дәл сол жылы өмірге келген. Әннің сөзін …

ТАҒДЫРЛЫ ТУЫНДЫ Read More »

УНИВЕРСИАДА ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

Италияның Турин қаласында 2025 жылғы қысқы универсиаданың ашылу рәсімі өтті. Сал­танатты шарада ел құрамасынан ту ұстап шығу құрметіне хоккейші Абылайхан Сүлейменов пен фристайл шебері Аяу­лым Әмренова ие болды. Абылайхан Сүлейменов – Қа­зақстан хоккейінің жарқын жұлды­зы, «Номад» командасының ойын­шысы. Ол бұдан бұрын АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада еліміздің хоккей құ­рамасы сапында үшінші орын ие­ленген болатын. …

УНИВЕРСИАДА ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕДІ Read More »

Тілек ӘБДРАХМАНОВ: «АДАМДАР ӨЗГЕДЕН ГӨРІ ӨЗДЕРІНЕ КӨП ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАП ЖАТЫР»

– Тілек Әйтімұлы, сіз саналы ғұмырыңызды байланыс саласы­на арнаған жансыз. Соңғы жыл­дары тұрғындар тарапынан пош­ташыларға жиі сын айтылып жүр. Газет-журнал оқырмандары мерзімді басылымдардың тұрғындар қолына дер кезінде жетпейтініне алаңдаулы. Сала ардагері ретінде бұл мәселені шешудің жолдарын айтып бересіз бе? – Бұл мәселе көп жылдан бері көтеріліп келе жатыр. Әлі шешімі табылған жоқ. Біз 461 елді …

Тілек ӘБДРАХМАНОВ: «АДАМДАР ӨЗГЕДЕН ГӨРІ ӨЗДЕРІНЕ КӨП ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАП ЖАТЫР» Read More »

ҚАЙТА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

ТИТАН ҮШІН ТАЛАС Газетімізде «Титан үшін талас» деген тақырыппен жа­рық көрген журналистік зерт­теу мақалада Тайынша ауда­нында шетел нарығында үл­кен сұранысқа ие қымбат ме­талл өңдеумен айналысатын «Тиолайн» ЖШС құрылтай­шыларының бірі Виктор Дол­галевтың жер қойнауын мақ­сатсыз пайдалану, заңсыз та­быс табу, салық төлеуден қа­сақана жалтару, басқа да май­шелпекше сорған алаяқтық әрекеттері әшкере болып, оның ақыры күдіктінің соттың санкциясымен …

ҚАЙТА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ Read More »

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА – ҚОСЫМША ГРАНТ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «Солтүстік Қа­зақстан жоғары кәсіби-педагоги­калық колледжі», «Е.Дәуітов атын­дағы қызмет көрсету саласы кол­леджі» және «Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік кол­леджіне» барды. Облыс әкімі кол­ледж директорларымен және он­дағы мамандармен кездесіп, Мемлекет басшысының бастама­сымен қолға алынған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ат­қарылуы тиіс істерді талқылады. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қабылданған өңірлік жоспар аясында облыста 47 …

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА – ҚОСЫМША ГРАНТ Read More »

ТІЛСІЗ ЖАУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

Жыл басталғалы бері Қызылжарда тілсіз жау жайлы жайсыз хабарлар толас­тамай тұр. Жаңа жылдың алғашқы күн­дерінің өзінде бірнеше отбасының үйін өрт жалмап, баспанасыз қалды. Құтқару­шылар өрт қауіпсіздігінің қарапайым ере­желерін түсіндіріп, рейдтер жүргізгені­  мен, оқыс оқиғалар азаяр емес. Тұрғындардың салғырттығы төтенше жағдайға ұрындырып жатыр. Мал-мүлік қалпына келер, ал иіс тиіп уланған, де­несін күйік шалған жандардың жақын күндері …

ТІЛСІЗ ЖАУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР Read More »

ЖӨНДЕЛГЕН ЖОЛДАР

Өңірдегі жергілікті маңызы бар автожолдардың 84 пайызы нормативтік көрсеткішке сай келеді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, біздің өңіріміз еліміздегі жолдардың ұзындығы бойынша облыстар арасында 2-ші орында тұр. Автожолдардың ұзындығы 8416 километр болса, оның 2 мың шақырымға жуығы республикалық маңызы бар жол саналады. «Жолдарды жөндеу жұмысы күн тәртібінен түскен емес. Соңғы екі жылда …

ЖӨНДЕЛГЕН ЖОЛДАР Read More »

БАСТАЙДЫ ДА ТАСТАЙДЫ ОРТА ЖОЛДА ҚАЛҒАН «ОЗЫҚ» ЖОБАЛАР

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан жаппай индустрияландыру бағытына бет бұрды. Ондағы мақсат – өнеркәсіпті жаңғырта отырып, инвестициялар тарту, инновацияларға барынша серпін беру, заманауи технологияларға негізделген өндіріс орындарын ашу, жаңа өнімдер мен тауарлар түрін көбейту, тұрақты жұмыс орындарын құру. Биік белестерді бағындыру мақсатымен индустрияландырудың бесжылдық бағдарламалары қабылданып, негізгі басымдықтардың кең ауқымы нақтыланды. Обалы нешік, бірқатар мәселелер оң …

БАСТАЙДЫ ДА ТАСТАЙДЫ ОРТА ЖОЛДА ҚАЛҒАН «ОЗЫҚ» ЖОБАЛАР Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖАҢАРАДЫ

 Солтүстік Қазақстан облы­сында өңірлік кеңеске сайлауға қатысуға кандидаттардан өтінім­дер қабылдау аяқталды. 2024 жылдың аяғына дейін кәсіпкер­лер палатасына аудандық және салалық кеңестер өкілдерінен 32 өтінім келіп түсті. Құрамына мәслихат депутат­тары, партия өкілдері мен кәсіп­керлер кіретін арнайы құрылған өңірлік сайлау комиссиясының мүшелері өтінімдерді қабылдау барысында қажетті рәсімдердің сақталуын қадағалады. «Желтоқсанның аяғында өтінімдерді қабылдау ресми түрде аяқталды. Өңірлік …

КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖАҢАРАДЫ Read More »

АУҚЫМЫ КЕҢ КЕЛІСІМ

 Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы әлем елдерінің тұрақ­ты өркендеп, жаһандық мәселелерін шешуге бағытталған. Бағдарлама өкілдері 50 жыл ішінде 170 елде түрлі жобаларды жүзеге асырды. Ал Қазақстандағы даму бағдарламасы теңсіздікпен күрес, мемлекеттік институттардың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, экономиканы әртараптандыру және климаттық өзгерулер мен табиғи апаттардың алдын алу сияқты бағыттарды қам­тиды. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін ұйым …

АУҚЫМЫ КЕҢ КЕЛІСІМ Read More »

ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы – жыл сайын өткізілетін танымал жоба. 2007 жылы дана Абайдың қарасөзін оқудан басталған акция осы уақытқа дейін қазақ әдебиетінің ең таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынды. 2024 жылы көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын ел болып оқыдық. …

ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР Read More »

ҰЛЫБРИТАНИЯДАН ВЕЛОСИПЕДПЕН КЕЛДІ

Ұлыбритания азаматы Аманжол Николас Мухамеджанов Макинтайр Келлетт Қазақстанға нағашы жұртын іздеп келген. Аманжолдың анасы – қазақ, әкесі – ағылшын. Олар қазақ жерінде танысып, қазір Лондонда тұрып жатыр. Қарындасы мен інісінің де есімдері қазақша – Жандос, Тоғжан. 25 жастағы жігіттің мамандығы – сәулетші.Аманжол Лондоннан шілде айында шығып, бүкіл Еуропаны велосипедпен басып өтіп, Алматы қаласына қазан айында …

ҰЛЫБРИТАНИЯДАН ВЕЛОСИПЕДПЕН КЕЛДІ Read More »

КӨРШІСІН ПЫШАҚТАҒАН

Петропавлда көршілер арасында жанжал болып, ер адам 42 жастағы әйелге пышақ сұғып алған. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. И.Шухов көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде ішімдік ішкен қос азамат дәлізде келе жатып жанжалдасып қалады. Сол кезде 67 жастағы ер адам көршісін пышақтап тастаған. «Күдікті ұсталды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. …

КӨРШІСІН ПЫШАҚТАҒАН Read More »

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ

Жылқы дегенде елең етпейтін қазақ кемде-кем. Осы бір ауыз сөзді естігенде ішің уылжып сала беретіні несі екен? Құдды ұшы-қиыры жоқ жерде ауыздығымен алысқан жүйрікке мініп жүйткіп келе жатқандай әсерде боласың. Иә, біз «тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп төрт түліктің төресі – жылқыны қадірлеп өскен елміз. Арғы аталарымыз пешенесіне жазылған дәулетті жылқының санымен бағалаған. …

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтің Алматыдағы музей-үйінде құнды жәдігерлер, тарихтан сыр шертетін деректер, қаламгер қолымен ұстаған мүкаммал-мүліктер қоры мол жинақталған. Әр жәдігердің өз тарихы бар. Сондай құнды экспонаттарымыздың бірі – «Сатпаев» кітабы. 1980 жылы Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрген орыс тіліндегі еңбектің авторы – жазушы Медеу Сәрсеке. Кітаптың ішкі парағына М.Сәрсекенің әріптес аға-досы …

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ Read More »

МЕЙІРІМДІ МЕДБИКЕ

Ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сияқты салаларда абыройлы еңбек етіп жүрген жас мамандар аз емес. Олар ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының шапағатын көрген жас маманның бірі – Сәния Бекмұратова. Сәния Серкешқызы 2003 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда дүниеге келген. Атасы мен әжесінің қолында өскен қыз Но­воишим қазақ орта …

МЕЙІРІМДІ МЕДБИКЕ Read More »

ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ – БІРЛІКТЕ

Биыл құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихи тұрғыдан қас-қағым уақыт ішінде қоғамдық институтқа айналып, түрлі қоғамдық күштермен жан-жақты байланысы нығая түсті. ҚХА-ның XXXIII сессия шешімдері шеңберінде стратегиялық мақсаттарға жету жолдары айқындалып, қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайтуға бағытталған 13 арнайы жоба бекітілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік құрылымына қарасты этномәдени бірлестіктері «Бірлігіміз – әр …

ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ – БІРЛІКТЕ Read More »