АЛАШТЫҢ АҚСҰҢҚАРЫ
Биыл қазақтың ардақты ақыны, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаған асыл тұлға Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды. Көзі тірісінде Алаштың ақсұңқары атанған қаламгер Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Ортау ауылында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер ақын ретінде танылды. Оның “Асау тұлпар” өлеңдер жинағы, “Бақыт жолына”, “Қызыл сұңқарлар” атты пьесалары, “Домбыра”, …