Қазақ болса, Ақаңдай-ақ болсын
Ақселеу екeуміз әрі жерлес, әрі құрдас, әрі әріптес қана емес, біздің әуелден жан сала кіріскен екінші кәсібіміз, ақысыз-пұлсыз арқалаған бейнетіміз – қазақ тарихының мәселелері болғандықтан, қан жақындығынан гөрі рухани туыстығымыз қымбат болатын. Біз, әділін айтқанда, қазақ Тәуелсіздігін аңсаған аздардың қатарынан болатынбыз. Кезінде “ұлтшыл” деп қара таңба басатынын, басқандығын, кезегіңді шегеріп, өрісіңді тарылтатынын білсек те, түкпірдегі …