Суға зәру ауылдар
Облыс халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде шешімін күткен мәселе аз емес. Өңірдің 42,5 мың тұрғыны тіршілік нәрін тасып ішуге немесе жергілікті су көздерін пайдалануға мәжбүр. Облыс прокуратурасында заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында осы мәселе тақырып өзегіне айналды. Жиында белгілі болғандай, өңірдегі 42,5 мың тұрғыны бар 202 ауылда …