«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ТҮПКІ МӘНІНЕН АЖЫРАМАУЫ ТИІС

Еліміз тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін өш­кеніміз жанып, өлгеніміз тірілді, ұлттық құндылықтары­мыздың тамырына қан жүгірді. Егемендіктің саф ауасымен еркін тыныстаған саланың бірі – ұлттық ойындар. Этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы бір еңбегінде қазақ дала­сында ұлттық ойынның 300-дей түрі болғанын жазыпты. Қазіргі уақытта соның 20-дан астамы ғана халық жадында сақталған. Осыдан-ақ оны ұлықтаудың қажет екенін түсі­нуге болады. Біз …

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ТҮПКІ МӘНІНЕН АЖЫРАМАУЫ ТИІС Read More »

«КӨШІ-ҚОНДЫ БӘСЕҢДЕТУГЕ БОЛМАЙДЫ»

– Бурахан Нұржанұлы, берісі республика жұртшылығы, әрісі шетелдегі қандастарымыз сізді көші-қон мәселесімен айналы­сып, талмай насихаттап жүрген белсенді азамат ретінде жақсы біледі. Бұл идея қалай туды? – Әке-шешем қызмет бабы­мен мекенжайды жиі ауысты­рып жүргендіктен бе, көшіп-қо­нуға кішкентай кезімнен дағды­ланып, етім үйреніп кетті. Ес жиып, ақыл тоқтатқан шағымда теріскей өңірлерді аралай жүріп, байырғы жұрттың аздығы, ана тіліміздің …

«КӨШІ-ҚОНДЫ БӘСЕҢДЕТУГЕ БОЛМАЙДЫ» Read More »

ҒАЛЫМ ДА, КЕНШІ ДЕ БАС ИЕТІН

Астанада ұстаздар қауымына ар­налған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосқан, жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше еңбегімен танылған педагогтарға мем­лекеттік наградалар тапсырды. Марапат иелерінің қатарында мектеп мұғалімдерімен бірге кол­ледждер мен жоғары оқу орындары­ның оқытушылары, сондай-ақ ерек­ше білім беруді қажет ететін балалар­мен жұмыс істейтін мамандар да бар. Солтүстік …

ҒАЛЫМ ДА, КЕНШІ ДЕ БАС ИЕТІН Read More »

БІР КҮЛДІРІП, БІР ЖЫЛАТТЫ

Өңірімізге гастрольдік сапармен Алматыдағы «Шам» театры келді. Өнер ұжымы Қызылжарлықтарға «№37» спектаклін ұсынды. Қойылымды тамашалауға қала тұрғындарынан бөлек облыс орталығынан шалғайда жатқан аудандарданда көрермендер келді. «Шам» театрының құрылғанына төрт жыл толды. Осы уақыт ішінде еліміздің көптеген өңірлеріне барып, театрсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп үлгерген. «Жергілікті жұртшылықтың Сағызбай Қарабалин, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Лиза Серікова сынды өнер майталмандары­на …

БІР КҮЛДІРІП, БІР ЖЫЛАТТЫ Read More »

«АСТЫҚТЫ САҚТАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТАУДА ҚИЫНДЫҚ ЖОҚ»

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізін құрайтын маңызды бағыттардың бірі. Биыл аграрлық секторда айтарлықтай оң өзгерістер мен жетістіктерге қол жетті. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Тоқужинов оқырмандарымыздың сауалдарына жауап беріп, саладағы қазіргі жағдай, биылғы егін орағы, техникалық қамтамасыз ету, мал шаруашылығының дамуы және өзге де мәселелер туралы айтып берді. Айнаш ҚАНАПИНА, …

«АСТЫҚТЫ САҚТАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЭКСПОРТТАУДА ҚИЫНДЫҚ ЖОҚ» Read More »

АҚХАЛАТТЫЛАР АРАША СҰРАЙДЫ

Медицина қызметкерлері – адам өмірін ажалдан арашалап қалу жолында күн-түн демей еңбек ететін жандар. Бірақ соңғы жылдары елімізде дәрігерлерге, медбикелерге қол көтеру, қорлау, қысым көрсету фактілері жиілеп барады. Ақха­латты абзал жандарға жасалған мұндай әрекет­тер қоғамда резонанс тудырып, халық арасында қызу талқыға түсуде. Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 2019 жыл­дан бастап Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мед­бикелерге және басқа …

АҚХАЛАТТЫЛАР АРАША СҰРАЙДЫ Read More »

ЖЕҢІМПАЗҒА – ЖЕҢІЛ КӨЛІК

«Береке» шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған салта­натты шарада өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Наталья Богда­нованы Ливерпульде өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құт­тықтап, сый-сияпат көрсетті. Наталья әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. 26 жасар боксшы финал­да австралиялық Лекеиша Перголи­тиді жеңсе, жартылай финалда ағыл­шын Шантель Ридпен жұдырық түйістірген. «Наталья Богданованы әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! …

ЖЕҢІМПАЗҒА – ЖЕҢІЛ КӨЛІК Read More »

ҚАРТТАРЫ КӨП, ЖАСТАРЫ ЖОҚ

Есіл ауданындағы бір кез­дері аты дүрілдеп тұрған Горное елді мекені жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Бұл ауылдың аумағында бұрын әккі қыл­мыскерлер, қаныпезерлер мен баукеспе ұрылар жазасын өтейтін колония болған еді. Облыстық қылмыстық-ат­қару жүйесі департаментінің ЕС-164/4 мекемесі деп аталған бұл колония 60 жылға жуық уа­қыт жұмыс істеп, 2018 жылы жабылды. Бүгінде нысанның кей ғимараттарының қабырға­сы сөгіле …

ҚАРТТАРЫ КӨП, ЖАСТАРЫ ЖОҚ Read More »

ӘЙЕЛМЕН ГҮЛДЕНЕР АУЫЛ

Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылында «Ауыл әйелдері – ел мақтанышы» деген атаумен әйелдер форумы өтті. Мұндай шара Қазақстан­да алғаш рет ұйымдастырылды. Есіл ауданының әкімдігі мен «Ауыл» партиясы облыстық филиа­лы ұйымдастырған форумға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, облыстық фтизиопуль­монологиялық орталық, үкіметтік емес ұйымдар қолдау танытқан. Форумға Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер …

ӘЙЕЛМЕН ГҮЛДЕНЕР АУЫЛ Read More »

ҚАРА ЖОЛДА ҮЗІЛДІ ТАЛАЙ ТАҒДЫР

Елімізде жол-көлік оқиғасы азаймай тұр. Сәт са­йын күрежолдағы жүгенсіздік салдарынан талай тағдырдың талқандалып жатқаны жайында жай­сыз хабар естіліп жатады. Соның салдарынан бір отбасы асыраушысынан айырылса, енді бірінің жан дегендегі жалғызы ажал құшып, қара жамы­лып қалуда. Өрімдей балалардың өмірін жалмап жатқан оқиғалар қаншама? Жан түршігерлік жағ­дайға алып келетін жол апатының статистикалық мәліметіне көз жүгіртсеңіз, көңіл құлазиды. …

ҚАРА ЖОЛДА ҮЗІЛДІ ТАЛАЙ ТАҒДЫР Read More »

«ҚАЗАҚСТАНДА ЛЕНИННІҢ АТЫНДА ҮШ ЖҮЗ КӨШЕ БАР»

– Досмахамбет Қалмаханұлы, қызығынан шыжығы көп саясатқа қалай келдіңіз? Бұл сауал газет оқырмандарын да қызықтырары сөзсіз. – 1986 жылғы Желтоқсан оқи­ғасына қатысушылардың тергеуі мен сотына аудармашылық етуім өмірлік көзқарасымның түбегейлі өзгеруіне ерекше ықпал етті. «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» (М.Шаханов) елімізде сая­си-қоғамдық қозғалыстың жан­дауына үлкен қозғау салды. Содан бастап өзіміздің идеялас шағын тобымыз алдымызға бір ғана …

«ҚАЗАҚСТАНДА ЛЕНИННІҢ АТЫНДА ҮШ ЖҮЗ КӨШЕ БАР» Read More »

МАХАББАТҚА ҰЛАСҚАН ДОСТЫҚ

«Ауылында бар Ағаның қызқарағай, Тал бойында бір мін жоқ қыз баладай. Ақ балтырлы ақ қайың арасында, Жалғыз өсіп асқақтап тұр дарағай. Қызқарағай, қызқарағай… Жалғыз өсіп асқақтап тұр дарағай». Республикалық радио­лардан арагідік КСРО-ның халық әртісі, бұлбұл үнді әнші Бибігүл Төлегенованың орындауындағы «Қызқарағай» әнін тың­дай қалсақ, бейнебір тамылжыған табиғат аясына еніп кеткендей ерекше күйде болатынымыз жалған емес. …

МАХАББАТҚА ҰЛАСҚАН ДОСТЫҚ Read More »

ҚАМБА АСТЫҚҚА ТОЛАР КҮН ЖАҚЫН

Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен танысты. Алдымен Ғауез Торсанұлы «СК Агро-2050» серіктестігіне қарасты тауарлы-сүт фермасы­ның құрылысын аралап көрді. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Ферма елдегі ірі қараға арналған ең көлемді кешендердің бірі болмақ. Құрылыс жұмыс­тары аяқталғаннан кейін мұн­да заманауи қондырғылар орнатылады. Жаңа сауу аппара­ты бір …

ҚАМБА АСТЫҚҚА ТОЛАР КҮН ЖАҚЫН Read More »

ҚАТЕРЛІ ІСІК: ӨМІР ҮШІН КҮРЕС

Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісік диагнозымен 600-ге жуық бала тіркеледі. Бұл – құрғақ статистика ғана емес, жүздеген отбасының үміті мен үрейі, күресі мен көз жасы. Қатерлі ісікпен күресте ең басты қару – уақыт. Уақытылы қойылған диагноз, дер кезінде басталған ем баланың өмірін сақтайды. Әлтайырдың арманы – тәуір болу Екі жыл бұрын Петропавл­дың кішкентай тұрғыны Әлта­йыр …

ҚАТЕРЛІ ІСІК: ӨМІР ҮШІН КҮРЕС Read More »

БӨГЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Облыс әкімі Ғәуез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы Тепличное, Прибрежное, Бескөл ауылдарында салынып жатқан қорғаныс бөгеттерінің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта Прибрежное ауылында ұзындығы 5, Бескөл ауылында ұзындығы 5,9 шақырым болатын қорғаныс бөгеттерінің құрылысы жүргізілуде. Бөгеттердің құрылысына бетон плиталары мен су жібермейтін полипропилен материал қолданылуда. Құрылыс компанияларының өкілдері өңір басшысына қорғаныс бөгеттерінің белгіленген мерзімде аяқталатынын жеткізді. Бұл нысандардың …

БӨГЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ Read More »

ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫН ІЗДЕУШІЛЕР

Қазақ руханиятының дамуына үлес қосқан қаламгер, этног­раф, баспагер, аудармашы Зейнолла Сәніктің 90 жылды­ғына орай ұйымдастырылған «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және Зейнолла Сәнік – 90 жыл» атты респуб­ликалық экспедиция мүше­лері Қызылжарға табан тіреді. Меймандар М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен кезде­суге қатысты. Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының бастамасы негізінде қолға алынған жоба …

ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫН ІЗДЕУШІЛЕР Read More »

МЕКТЕП КҮЗЕТШІЛЕРІНІҢ ЖАСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Облыстың білім беру мекемелеріндегі күзет қызмет-керлерінің 76 пайызының жасы елуден асқан. Яғни өңірдегі мектептер мен балабақшаларды негізінен физикалық дайындығы төмен егде адамдар күзетеді деген сөз. Бұл мәселені облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов көтерді. – Олар нақты қауіп төнген жағдайда өздерінің физи­калық мүмкіндіктері мен даярлығының жоқтығынан ша­буылды немесе террористік актіні болдырмайтын тиісті шараларды қабылдай алмайды. …

МЕКТЕП КҮЗЕТШІЛЕРІНІҢ ЖАСЫНА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ Read More »

«БІЗДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ МӘДЕНИЕТІ ҚАЛЫПТАСПАҒАН»

– Сәуле Бекқожақызы, сіз саналы ғұмырыңыздың 35 жы­лын қайырымдылыққа арнаған жансыз. Бүгінде «Қазақстанның Қызыл жарты ай» қоғамы облыс­тық филиалын басқарып отыр­сыз. Жоқ-жітікке қарасу, жыла­ғанды жұбату, сүрінгенге сүйеу болу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Өмір жолыңызды неге осы бағытпен сабақтастырдыңыз? – Халқымызда «Қайырым­дылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қанатты …

«БІЗДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ МӘДЕНИЕТІ ҚАЛЫПТАСПАҒАН» Read More »

ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ?

Бүгінде постколониализм, деколониализм тақырыбы қазақ қоғамында жиі талқыға салынатын мәселеге айналған. Метрополияға жүздеген жыл тәуелді болып келген ұлтымыздың ес жиып, етек жиған шағында өткеніне қайта оралып, өз басынан өткен небір қиындық, қасіретті ой елегінен өткізіп, тиісті қорытынды шығаруы ең алдымен ұрпақ келешегі үшін керек. Көпе көрінеу отарлау болған жерде кейіннен отарсыздану үрдісінің басталуы заңдылық. Егемендік …

ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАЛАЙ? Read More »

АСТЫҚ АЛҚАБЫНДАҒЫ МОЛ ӨНІМ

Мемлекет басшысы Ақмола об­лысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режімінде қатысты. Президент Қасым-Жомарт То­қаев еселі еңбектері үшін еліміздің диқандарына ризашылығын білдірді. «Мемлекет диқандарды қолдау үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып жатыр. Атап айт­қанда, биыл менің тапсырмаммен ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беру …

АСТЫҚ АЛҚАБЫНДАҒЫ МОЛ ӨНІМ Read More »