«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ШАМШЫРАҒЫ

Қарттарды әлеуметтік қол­дау айлығы аясында Уәлиха­нов ауданына қарасты Ақ­түйе­сай орта мектебінде кезде­су ұйымдастырылды. Іс-шара ел­дің өткенінен сыр шертетін мұ­ражайдың ашылуымен бастал­ды. Білім ордасының директоры Қуаныш Ысқақовтың айтуынша, музей сөресіне 150-ге жуық жә­дігер қойылған. “Ұлы Отан соғысының 25 ар­да­гері, 24 тыл еңбеккері, ауған соғысының 5 жауынгері, бүгінгі таңда әскери салада қызмет етіп жүрген 10 жерлесіміздің өмір­деректеріне …

БІРЛІК ПЕН БЕРЕКЕНІҢ ШАМШЫРАҒЫ Read More »

Тұлғасында тоғысқан алуан дарын

И.Шухов атындағы орталық қа­ла­лық кітапхана жанынан құрыл­ған “Sana” әдеби-музыкалық клу­бы­ның ұйымдастыруымен акаде­мик Аманжол Қошановтың туға­ны­на 90 жыл толуына орай “Тұлға­сында тоғысқан алуан дарын” ат­ты еске алу кеші өтті. Шарада Шал ақын ауданында дүниеге келіп, еліміздің экономика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның өнегелі өмі­рі жайлы айтылды. Әсіресе өске­лең ұрпақ экономика ғылымдары­ның докторы, профессор, Қазақ­стан Республикасының …

Тұлғасында тоғысқан алуан дарын Read More »

Қазанда жауған қар

Өңірде ауа райы күрт бұзылып, күн суыды. “Қазгидромет” РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы синоптиктерінің мәліметінше, батыс циклонының әсерінен туындаған ауа райының қолайсыздығы  бірнеше күнге жалғасады. Бүгінгі күннің болжамы бойын­ша, өңірдің батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында қар аралас жауын күтілу­де. Солтүстік-шығыстан соққан жел­дің екпіні 15-20 м/с, кейбір жер­лерде 23-28 м/с дейін кү­шейеді. Облыстың солтүстік және шығыс …

Қазанда жауған қар Read More »

2850 қорап темекі

Облыстық полиция депар­та­менті ұйымдасқан қылмысқа қар­сы күрес басқармасының қызмет­керлері Петропавл қаласы базар­ларының бірінде акцизсіз темекі өнімдерін заңсыз сату фактісін анықтады. Жеке кәсіпкердің бу­тигінен әртүрлі атаудағы 2850 қо­рап темекі тәркіленді. Кәсіпкерге қатысты жиналған әкімшілік материал процестік ше­шім қабылдау үшін Солтүстік Қа­зақсан облысы бойынша мемле­кеттік кірістер департаментіне жі­берілді. Әсет ҚАНАФИН.

БЕДЕУЛІК БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ

Асылымның әр күні үмітке толы. Өзінен кейін тұрмыс құрған сіңлілері мен құрбылары әлдеқашан сәбилі болды. Жұбайымен отасқандарына он жылдың жүзі болған келіншектің соңғы кездері жаны жабырқаулы. Уақыт өткен сайын уайымы да еселене түсетіндей. Бала – өмірдің мәні, көңілдің нұры екенін әлдеқашан ұғынған ол ұрпақсыз қалудан қорқады. Өкінішке қарай, мұндай уайым, мұң тек Асылымның басында  ғана …

БЕДЕУЛІК БЕЛЕҢ АЛЫП БАРАДЫ Read More »

ТИІМДІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін әділет саласы цифрлық форматқа көшуде. Енді көптеген нотариаттық қызметтер, мүлік иелерінің бірлестігін құру үдерісі және сот орындаушылармен байланыс онлайн режімде қолжетімді болмақ.  Облыстық әділет департаментінде осы жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілген баспасөз мәслихаты өтті. Аталған саладағы қызмет көрсету үдерісін жеңілдету және автоматтандыру үшін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Себебі сапалы заңгерлік көмек – …

ТИІМДІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ Read More »

КЕЛЕШЕГІ ЗОР ШАҒЫНАУДАН

Облыстық кешенді дамыту жоспарына сәйкес, бес жылда 2,3 млн. шаршы метр баспананы пайдалануға беру міндеті тұр. Бас шаһардағы “Жас өркен”, “Береке”, “Копай” шағынаудандарында реновация бағдарламасы аясында 1700 ескі және апатты жағдайдағы үйлер сүріліп,  жаңа нысандар бой көтеруде. Копайдағы 44,6 гектар жерге көпқабатты үйлер тұрғызылып, 10 мың адам кең де жарық пәтерлерге ие болады. Өңір басшысы …

КЕЛЕШЕГІ ЗОР ШАҒЫНАУДАН Read More »

БАСТЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНДИКАТОР

Ұлттық шоттар жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері мемлекеттердің даму деңгейін бағалауға және салыстыруға, одан әрі өзгерістерді болжауға мүмкіндік береді. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) осындай негізгі көрсеткіштердің бірі саналады. Ал жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) жергілікті жердің экономикалық әлеуетін, оның даму деңгейін және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметінің нәтижелерін объективті көрсететін аса маңызды макроэкономикалық индикатор саналады. Былтыр облыстың …

БАСТЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНДИКАТОР Read More »

Адал еңбектің өтеуі

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың, облыстық, қалалық мәслихат депутаттарының,  ардагерлер мен жастар ұйымдары өкілдерінің, әлеуметтік серіктестіктердің,  кәсіподақ активінің қатысуымен Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынды ашқан өңірлік кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев республикалық кәсіподақ ұйымына 2 млн.-ға жуық адамның мүше екенін, облыс бойынша 65 мыңнан астам адамның 1265 бастауыш ұйымға біріккенін жеткізді. Облыс …

Адал еңбектің өтеуі Read More »

ТАЗА СУДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мағжан Жұмабаев ауданында жұмыс сапарымен болып, әлеуметтік нысандарды аралады. Шешімін табуы тиіс бірқатар проблемаларға байланысты аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді. Бәйтерек ауылында орналасқан “Нұрсен Агро” серіктестігі мал шаруашылығымен, оның ішінде асыл тұқымды симменталь сиырларын өсірумен айналысады. Қазір шаруашылықта 600-ден астам ірі қара бар. Бүгінде 250 басқа арналған екінші тауарлы-сүт фермасы салынып …

ТАЗА СУДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ Read More »

“Жұрттың баласы” неге жақсы?

Кейде ата-ананың шамадан тыс талапшылдығы баланың жігерін жанудың орнына, оның еңсесін түсіріп, ертеңіне кері әсер етіп жатады. Үлкендердің өз ұрпағынан үлкен үміт күтіп, келешегі жарқын болғанын қалайтыны анық. Алайда баланың әрекеті үшін шектен тыс алаңдаудың оған теріс әсер ететінін ұмытпайық. Отбасы бала үшін өзін ба­қытты, қауіпсіз, мейірім құша­ғын­да сезінетін қолайлы орта болуы керек. Ата-ананың ма­хаб­батына …

“Жұрттың баласы” неге жақсы? Read More »

ХАЛҚЫН СҮЙГЕН – САЛТЫН СҮЙЕР

Ұлттың басты сипаты оның салт-дәстүрінен бастау алады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз – ұлтымыздың айнасы. Дәстүрімізге жай ғана қызығушылық танытпай, оның терең мағынасына мән берген жөн. Бұл орайда “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі салт-дәстүрді ұлықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосуда. “Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігі қазақ аналарына отбасы, …

ХАЛҚЫН СҮЙГЕН – САЛТЫН СҮЙЕР Read More »

ӘР ҮЙДІҢ ТӨРІНДЕ ТҰРУЫ КЕРЕК

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы, Алаш арыста­ры­ның арман-мұратының көрінісі, ұлтының үні болған “Қазақ” га­зеті шыға бастаған тұста ұлт ұс­тазы Ахмет Байтұрсынұлы: “Дү­ниенің төріне ұмтылғандар төр­ден орын алып жатыр. Ұмтыл­мағандар есікте қалып жатыр… Қалмайық десек, қарап жатпа­лық… Көп ісіне көп болып жабы­лайық… Қолымнан не келеді деп қорынбайық. Ұлтына қыз­мет етуге ниет болса, жұмыс та­былады. Көп жұмыстың ауыры …

ӘР ҮЙДІҢ ТӨРІНДЕ ТҰРУЫ КЕРЕК Read More »

Жанды баураған кеш

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда белгілі өнерпаздар, мәдениет саласының үздіктері Динара және Асхат Таушевтардың классикалық ән кеші өтті. Шарада өнерпаздар Австрия композиторы, музыкадағы романтизм бағытының негізін қалаған Ф. Шуберттің туындыларын орында­ды. Сондай-ақ Ж.Бизенің “Перт­ сұлуы” операсынан Смит серена­дасы, Д.Пуччинидің “Джан­ни Скики” операсынан, И.Каль­ман­нің “Сильва” опереттасынан Сильва­ның ариялары шырқалды. Әнші­лерді рояльда сүйемелдеген Ан­дрей Слезконың өнерін жоғары …

Жанды баураған кеш Read More »

Президенттік олимпиада басталды

Елімізде Президенттік олимпиада басталды. Биыл 17-ші рет ұйымдастыры­лып жатқан олимпиадада 11-сынып оқушылары жаратылыстану-математи­ка бағытындағы білімдерін сынға салуда. Өңірлік кезеңге 166 оқушы қатысып жатыр. Тестілеу пәндері арасында ма­тематика, физика, химия жә­не биология бар. Тайынша ау­да­нынан келген Альбина Бай­ғаж­қызы бұл сынақтан сүрінбей өтетініне сенімді. – Мен болашақта физика жә­не математика пәндерінің мұға­лімі болғым келеді. Қазір 11-сы­ныпта оқып …

Президенттік олимпиада басталды Read More »

Сақтыққа салғырт қарамаңыз

Өткен тоғыз айда Солтүстік Қа­зақстан облысында үш жүзден ас­там өрт оқиғасы орын алып, сал­дарынан жиырма үш адам, оның ішінде үш бала қайтыс болды. Жақында ғана облыс орталы­ғындағы Зайцева көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған өрттің салда­рынан екі ересек адам және 2021 жылы туған бала қаза тапты. Ал ке­лесі күні “Ракета” саяжай қоға­мындағы үйден өрт шығып, оқиға …

Сақтыққа салғырт қарамаңыз Read More »

ДЕРТТІ АСҚЫНДЫРМАҒАН АБЗАЛ

Денсаулық – басты құндылықтардың бірі. Адам жасы ұлғайған сайын аурудың алдын алуға ерекше назар аударуы керек. Дұрыс тамақтану, өкпе-реніштен арылу, үнемі жақсы ниетпен жүру, спортпен шұғылдану сияқты өзге де әрекеттер ұзақ өмір сүруге септеседі. Дерттің алдын алудың тиімді құралдарының бірі – халықтың әртүрлі топтарын, созылмалы аурумен ауыратындарды қамтитын диспансерлік бақылау жүйесі. Мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін …

ДЕРТТІ АСҚЫНДЫРМАҒАН АБЗАЛ Read More »

ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ТАППАЙ…

Психопатологиялық теория бойынша суицид психикалық ауру болып табылады, ал суицидтік әрекеттер психикалық бұзылыстардың өршуінің көрінісі ретінде қарастырылады. Дегенмен қоғамды “адамды бұл іс-әрекетке не итермелейді?”  – деген сұрақ толғандыратыны рас. Бірақ бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Ғалымдар әлі күнге дейін түрлі болжамдарды алға тартады. Осы ретте әртүрлі стратегиялық құжаттарда және мамандандырылған сараптамалық есептердегі ақпаратқа сүйеніп, суицидтің …

ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ ТАППАЙ… Read More »

Жауапсыз қалған сансыз сауал

Жүректеріне мұз болып қат­қан мұңдарын тиісті басшылар­ға жеткізу үшін облыс маңайын­да орналасқан саяжай тұрғын­дарының бас қосуы осымен бі­рінші рет емес. Бұл жолы Қы­зылжар ауданына қарасты Теп­личное елді мекенінде өткен жиынға ашу-ызаға толы өкпе­ле­рі мен іштегі шерлерін ақта­руға келгендердің саны “жер қайысқан қол” іспеттес. Бірінші болып сөз алған Петропавл қалалық бау-бақша қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Василий Ро­тарь …

Жауапсыз қалған сансыз сауал Read More »

БІР-БІРІНЕ КІНӘ АРТЫП ӘЛЕК

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданара­лық соттың судьясы Айдарбек Бекқужинов облыс орталығын­да адамдарды жерлеу рәсімі­мен айналысатын Приходченко отбасының мүшелерін айуан­дық­пен азаптап өлтірген қыл­мыстық топқа қатысты кезекті сот отырысын күдіктілердің уәж­дерін тыңдаудан бастады. Ал­ды­мен Сергей Емельянов мен Ирина Скоробогатовадан, cо­сын Данил Орловтан жауап алынды. Данил адам өлтіргені үшін те­мір тордың арғы жағында оты­рып шыққан әккі Сергейдің өзін …

БІР-БІРІНЕ КІНӘ АРТЫП ӘЛЕК Read More »