«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

КӨРКЕЙГЕН ҚАЛА

“Таза Қазақстан” республи­ка­­лық акциясы аясында Булае­во қа­ласында “Ұрпақпен байла­ныс” деп аталатын жаңа аллея пайда болды. Экологиялық ак­цияға ау­дандық ардагерлер ке­ңесі, де­путаттар, құқық қорғау саласы, төтенше жағдайлар бө­лі­мінің және түрлі мекеме қыз­меткер­лері, шекарашылар, ор­ман­шы­лар, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысып, жастар жағы ерекше белсенділік көр­сетті. “Мемлекет басшысының бас­та­масымен қолға алынған “Таза Қазақстан” республи­ка­лық акциясы ауданымызда қар­қын алған. …

КӨРКЕЙГЕН ҚАЛА Read More »

“Ақбереннің” үздіктері

“Қызылжар дарыны” орталығының мамандары республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңін ұйымдастырды. Сайыста 60 оқушы сынға түсті. Байқау білгірлер сайысы, көр­кемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық ас­папта өнер көрсету, ақындар ай­тысы, жазба ақындар мүшәйрасы сынды алты аталым бойынша өтті. Талапкерлердің байқауға ерекше дайындықпен келгені олардың сөз саптауынан, шығар­маны мү­дірмей жатқа айтула­рынан көрініп тұрды. Білгірлер сайысында 1-орынға Карима …

“Ақбереннің” үздіктері Read More »

Көп асқанға – бір тосқан

Полиция қызметкерлерінің назарына Петропавл қаласы­ның бопсалаумен, алаяқтықпен және тонаумен айналысқан 22, 19 және 17 жастағы тұрғындары түскен. Наурыз айында олар жас жі­гітті қаңырап бос жатқан ғима­рат­қа апарып, пышақпен қорқы­тып, 120 мың теңгеден астам со­маға шағын несие ресімдет­кізген. Кейін шабуылдаушылар жәбірленушінің құны 140 мың теңге болатын ұялы телефонын тартып ал­ған. Ал сәуір айында қылмыскер­лердің кенжесі, 17 …

Көп асқанға – бір тосқан Read More »

Қарттарға қамқор болайық!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Біздің өңірде Халықаралық қарттар күніне орай қазан-қараша айларында қайырымдылық сенбіліктерін өткізу көп жылдардан бері игі дәстүрге айналған. Қайырымдылық акцияларына қатысқан еңбек ұжымдары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген азаматтар адамгершілік пен шынайы қамқорлықтың үлгісін көрсетіп, аға буын өкілдерінің ақ батасын алуда, алғысына бөленуде. Жомарт жандардың осындай игілікті істері қоғамның жақсы жағынан өзгеруіне септесуде. …

Қарттарға қамқор болайық! Read More »

Сатып алған аурудың емі жоқ

Ұлт денсаулығы – ел дамуы­ның басты кепілі. Дені сау ел ға­на басқалармен терезесі тең болып, өркениет көшінің алды­на шыға алады. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, медицина­ның даму деңгейі елдің әлеуетін айқындайтын бірден-бір көрсет­кіш. Алғашында не нәрсеге бол­сын шыдас беріп, құрыштай бе­рік болып көрінетін адам ағза­сынан ақау шығып, арты ауруға айналуы ғажап емес. Лұқпан­дай мың жасайтын тағдыр …

Сатып алған аурудың емі жоқ Read More »

ШАБЫНДЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Шал ақын ауданына жұмыс сапары Жаңажол ауылынан басталды. Елді мекенде 400-ге жуық адам тұрады, оларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерген медициналық мекемеде медициналық қызмет көрсетіледі. Мұнда бір мейірбике, бір кіші маман мен күзетші еңбек етеді. Аудандық аурухана дирек­торының міндетін атқарушы Нұрәлі Әбуов сырқаты бойын­ша есепте тұрған ауыл тұр­ғын­да­ры тегін дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз …

ШАБЫНДЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ Read More »

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Петропавлда әлемдік додалардың чемпиондары және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеңімпаздарға пәтер кілттерін табыс етті. Жаттықтырушылар да ұмыт қалған жоқ. Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде жоғары нәтижеге қол жеткізуі ел мерейін өсірді. “Облыс тарихында біздің спортшылар алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі. Бапкерлерге де алғысым шексіз. …

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ Read More »

Шағынаудандағы шұғыла

Қарттар күніне орай Петропавлдағы аға буын өкілдері “Бірлік” шағынауданына барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. Жаңадан бой көтерген ша­ғын­аудан тұрғындары аға буын өкілдерін ерекше салтанатпен қарсы алды. Жергілікті өнер­паздар әннен шашу шашса, ақ­жаулықты аналар аста-төк дас­тарқан жайды. Меймандар ша­ғынауданды аралап шыққан­нан кейін игі іске ат салысып, жаңа балабақшаның маңайына ағаш …

Шағынаудандағы шұғыла Read More »

Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеуде “Қазақстан – мүмкіндіктер векторы” атты іскерлік диалог алаңы ұйымдастырылды. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Жиынға өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов бастап барды. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ресей Феде­рациясындағы елшісі Дәурен Абавтың, Қазақстан-Ресей іс­кер­лік кеңесінің тең төрағасы Тимур Жаркеновтің, …

Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары Read More »

Энергия тапшылығы: мәселені шешудің мүмкіндігі

Елге АЭС не үшін қажет? Ол қандай мәселені шешеді? Оның қауіпсіздігі үшін не істелмек? Осы және өзге сауал төңірегінде бірқатар ойды сараптап көрелік. Жарық жеткіліксіз Көмір мен көгілдір отын қоры елде мол бола тұрып неліктен АЭС құрылысы ту­ралы шұғыл идея көте­рілді? Бұл сұрақ көптің кө­кейінде. Электр энер­гия­сын тұтыну өскенін ескер­сек, энергиямен тұрақты қамтитын электр қуа­тын …

Энергия тапшылығы: мәселені шешудің мүмкіндігі Read More »

“БІРЛІКТЕГІ” тынымсыз тірлік

Биылғы жылы көктемде болған алапат су тасқынынан Петропавл қаласында 2400-ге жуық үйге зақым келді. Олардың басым бөлігі Ойқала, Былғары зауыты, Заречный ша­ғынаудандарында орналасқан баспаналар болатын. Біздің қо­лымыздағы деректерге қараған­да, құрылған арнайы комиссия 1600 үйді тұруға мүлдем жа­рам­сыз және 757-ін қалпына кел­тіруге болады деп таныған. Мемлекеттік органдар, кәсіп­орындар, еріктілер мен қайы­рымдылық ұйымдары, тіпті қара­пайым адамдар көктем …

“БІРЛІКТЕГІ” тынымсыз тірлік Read More »

Дипломатия дүлдүлі

Сәлім Құрманғожин қазақ дипломатиясының тарихына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және өз ісіне адал, дипломатиялық қызметке өзін толық арнаған жарқын тұлға ретінде енді. Еліміздің Венгриядағы тұңғыш төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған кезінде Сәлім Әлмағамбетұлы Венгриямен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосты. Тәжірибелі дипломат, адал одақтас, лайықты басшы бола отырып, өзінің бар білімі …

Дипломатия дүлдүлі Read More »

Ақшасын баласына емес, букмекерге берген

Өңір прокурорлары алиментті қасақана тө­лемей жүргендерді тек­се­ріп, олардың жасырын кірістерін анықтады. Ал­ты борышкер соңғы бір­неше жылда букмекерлік кеңселерде 56 млн. тең­ге­нің операциясын жасаған. Жергілікті қадағалаушы орган тексеріс жұмыстарын Бас прокуратураның тапсыр­масымен жүргізген. Балала­ры­на бірнеше миллион теңге қа­ры­зы бола тұра, мойнында алименті барлар букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға көп ақша жұмсап, өз міндет­темелерін орындамай келген. Мәселен 4,7 …

Ақшасын баласына емес, букмекерге берген Read More »

Ісмердің байлығы – қолында

Көне замандарда қалыптасып, бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтпай жеткен, қазақ ұлттық мәдениетінің аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Қолөнер – ілкі заманның шежіресі, халқымыздың рухани болмысының айнасы, салт-дәстүрдің сарқылмас кеніші. Өңірімізде қазақтың тұрмыс-тіршілігінің өзегі болған мұраны жаңғыртып, төл өнерді жанына серік еткен жандар аз емес. Соның бірі – Қапура Әлімжанқызы. Тайынша ауданына қарасты Мәдениет ауылында …

Ісмердің байлығы – қолында Read More »

Тегін дәрі кімдерге беріледі?

Өңірде 140 мың адам түрлі аурулармен диспансерлік есепке алынған. Яғни облыс тұрғындарының шамамен әр төртіншісінде созылмалы дерт бар. “Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыс­тық филиалының директоры Ай­нагүл Дәулетшинаның айтуын­ша, диспансерлік есепте тұрған­дар­дың 73 мыңға жуығы гипер­то­ниялық ауруға шалдыққан. Сыр­қаттардың ішінде егде жастағы науқастар да, жастар да бар. Мұн­дай науқастар өмір бойы учаске­лік …

Тегін дәрі кімдерге беріледі? Read More »

ТАҒДЫРЫ ҚЫЛ ҮСТІНДЕ

Жамбыл ауданында қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Сәбит Мұқановтың есімін иеленген ауыл құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Бұрын тыныс-тіршілігі қайнап жататын елді мекеннің мектебі де жабылып қалған.  Сәбит ауылы Петропавлдан 200 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұнда 155 тұрғын болса, қазір небәрі бес-ақ үй қалған. Оның өзі көшкелі отыр. “Ауыл – елдің алтын бесігі …

ТАҒДЫРЫ ҚЫЛ ҮСТІНДЕ Read More »

Археология алыбы

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тарих мұражайының қабырғасында көрнекті ғалым, белгілі археолог Виктор Зайбертті еске алу кеші өтті. Шараға Виктор Федоровичтің туыстары, достары, әріптестері мен шәкірттері қатысып, оның ғылыми мұрасы туралы әңгімеледі. Виктор Зайберт – тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. Бүкіл әлемге Ботай мәдениетін таныстырған зерттеушінің артына қалдырған мұрасы аз …

Археология алыбы Read More »

ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдануға қатысты тұрақты негізде талдау жүргізуді дәстүрге айналдырған. Әр тоқсан сайын материалдарды қарау барысында персоналды басқару қызметтері мамандарына қатысты тергеп-тексеру жүргізу кезінде тәртіптік жаза қолдану рәсімдерін бұзғандар анықталып, олар тиісті жазаларын алып жатады. Жыл басынан бері жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы …

ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ Read More »

Оқу мерзімі қысқарады

2024-2025 оқу жылынан бастап кей колледждерде оқу мерзімі қысқартылады. Оның себебі – жұмысшы мамандықтарға деген сұраныстың артуы. Кәсіпорындар өндірістік тәжірибеден өткен студенттерді бірден жұмысқа қабылдау тәжірибесін қолдап отыр. Бүгінде облыста 24 колледж бар, оның бесеуі –  жекеменшік. Оларда оқитын 11 мыңнан астам студент 70 мамандық бойынша диплом алып шығады. Жұмысшы мамандықтарына сұраныс – 39 пайыз. …

Оқу мерзімі қысқарады Read More »

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауында ел дамуының болашағын айқындап, әр салаға жеке-жеке тоқталды. Бұған дейін жасалған қолайлы жағдайды тиімді пайдаланып, жаңа инвестициялық кезеңді бастау, осы орайда, еліміздің тұрақты дамуына кепілдік беретін жаңа тетіктерді қарастыру міндетін қойды. Кез келген істің басты өлшемі тиімділік, әрбір шешім, әрбір жоба, …

ИНВЕСТИЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ Read More »