«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

АЭС: сенімді энергия көзі

“AMANAT” партиясы жанынан құрылған халық­тық штаб өкілдері АЭС құрылысына қатысты түсіндіру жұмыстарын өңірде одан әрі жалғасты­рып,  оқу орындарын, кәсіпорындарды, аудандарды аралап жүр. Б. Әшімов атындағы Петропавл ма­шина жасау және көлік колледжін­де, көпбейінді қалалық аурухана­да, М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да, металқұрылым зауытында, Солтүс­тік фанера комбинатында ұжым мү­шелерінің қатысуымен атом энерге­тикасына тікелей қатысты мәселе­лер жан-жақты талқыланды. Атом энергетикасының …

АЭС: сенімді энергия көзі Read More »

ҚЫРДА ДА, ҚЫРМАНДА ДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК

Ауа райының қолайсыз­ды­ғы­­нан орақ науқаны жылдағы­дан кеш басталса да, диқан қа­уымының барлық күш-жігері маң­­­дай термен өсірілген ел ри­зығын шашаусыз жи­нап алуға жұмыл­дырылған. Қызылжар ау­данын­дағы “Шағала Агро” жа­уап­­кер­шілігі шектеулі серіктес­ті­гі қыр­ды да, қырманды да қы­зу ең­бек дү­бі­ріне бөлеп, меха­ни­затор-ком­­байн­­шы­лар­дың тә­жі­­ри­бесі мен зама­науи техника­лардың көмегін бі­регей ұштас­тырудың қалып­тасқан әдісіне сүйенген.   Дәнді, дәнді-бұршақты, май­лы дақылдар өсірумен айналы­сатын серіктестік …

ҚЫРДА ДА, ҚЫРМАНДА ДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК Read More »

КҮРЕСКЕР АҚЫН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, ақын-революционер Баймағамбет Ізтөлиннің туғанына 125 жыл толуына арналған “Жалындап жанған жас өмір” атты еске алу шарасы өтті. Алғашқылардың бірі болып сөз алған облысымыздың құр­метті азаматы, Баймағамбет Із­тө­­линнің жерлесі Серікбай Құ­сайынов күрескер ақынның өмі­рі мен қызметі, шығармашылы­ғы ту­ралы баяндады. Қазақстан Жур­налистер одағының мүшесі Ма­рал Зейнел-Ғабиқызы әкесі, бел­­­гілі жазушы Зейнел-Ғаби …

КҮРЕСКЕР АҚЫН Read More »

Тағылымды кездесу

И.Шухов атындағы орта­лық қалалық кітапханада Халықаралық қарттар күні қарсаңында өңірімізге белгілі еңбек ардагерле­рім­ен кездесулер ұйымдас­ты­­рылды. “Sana” әдеби-музыкалық клубы аясындағы “Өңірде із қал­дырған есімдер” шарасына об­лысымыз­дың құрметті азаматы, белгілі спортшы Жамбыл Тасеме­нов пен өлкетанушы Сағындық Салмұрзин құрметті қонақ ретінде шақырылды. Библиоэфир барысында олар өне­гелі өмір жолдарынан сыр шерт­ті. Түрлі сауалдарға жауап беріп, қо­ғамдағы өзекті мәселелерді ортаға …

Тағылымды кездесу Read More »

Орман – елдің дәулеті

Орман – елдің табиғи байлығының маңызды бөлігі. Республика аумағының үлкен бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Орманды алқаптар ел аумағының шамамен 4 пайызын ғана құрайды. Дегенмен ормандар экологиялық, экономикалық, және әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды. Олар климатты реттеуге, топырақ эрозиясынан қорғауға, биоалуантүрлілікті сақтауға көмектеседі. Қызылжардың ну орманы ел­дегі ерекше табиғи экожүйелер­дің бірі саналады. Өңіріміздегі қа­лың орманның негізгі …

Орман – елдің дәулеті Read More »

“Сарыарқаға” жол берді

Шайбалы хоккейден ел бі­рін­шілігінің кезекті ойынын “Құ­лагер” клубы өз айдынын­да өт­кізді. Осы жолы жерлесте­ріміз қарағандылық “Сарыар­қа” ко­мандасымен кездесіп, қос матч­та да жеңіс қарсылас­та­рымызға бұйырды. Петропавлдағы Спорт са­райында өткен бірінші кездесуде­ қарағандылық клуб 1:2 есе­б­імен жерлестерімізді тізе бүк­тірді. Қарымта ойында солтүстікқазақстандық хоккейшілер есе қайтаруға тырысты. Өкі­нішке қарай, бұл жолы да же­ңіс “Сарыарқа” командасының ен­шісіне жазылды. Қонақтар …

“Сарыарқаға” жол берді Read More »

Жауапсыз мұғалімдер

27 қыркүйек күні Ақжар аудан­дық полиция басқармасына Тал­шық ауылындағы мектепте бала­лардың есінен танғаны, бөлмеден улы иіс шығып жатқаны туралы ха­барлама түскен. Тергеу тобының мү­шелері мен учаскелік инспектор оқу­шыларды, техникалық қызметкер­лер мен мұғалімдерді ғимараттан эвакуациялаған, содан кейін кабинеттерді тексеруге кіріскен. Тексеру барысында мектеп­тің екі мұғалімінің бұрыш спрейіне қа­рап тұрғаны, біреуінің спрейді шаш­қаны, улы газдың ауаға тара­ғаны …

Жауапсыз мұғалімдер Read More »

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Қазіргі қоғам дамуында және  азаматтардың жеке өмірінде  мемлекеттік қызмет саласы маңызды рөл атқарады. Облыстық әділет департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері  өз құзыреті шегінде өндіріп алушының өтініші бойынша  атқарушылық іс жүргізу, жеке сот орындаушысының лицензия алу, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді аттестациядан өткізу, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан  нотариустарының шығыс ресми құжаттарына апостиль қоюға өтініштер …

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Read More »

Еңбек адамының орны – төр

Қазақстанда еңбек күні 2013 жылдан бастап қыркүйек айы­ның соңғы жексенбісінде кеңінен аталып өтіледі. Ондағы мақсат­- жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы шеңберінде еңбек өнімділігіне ынталандыру, жас буынды масылдық пиғылдан арылту, еңбек адамдарына ла­йықты құрмет көрсету, отбасы­лық әулеттердің көпжылдық дәс­түрлерін, ұрпақтар арасындағы жарасымды сабақтастықты, ру­хани құндылықтарды насихат­тау, қарапайым жұмысшы ма­мандығының мәртебесін көтеру. Президент “Бұл – мемлеке­ті­міздің …

Еңбек адамының орны – төр Read More »

АЭС ЖАЙЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Қазақстандықтардың атом энергетикасы және АЭС құрылысы мәселелері бойынша ең көп қойылатын сұрақтарына назар аударсақ. 1. Кейбір елдер АЭС-тан бас тартып, оларды тоқтата­тып жатыр, ал біз неге АЭС салуды қолдаймыз? Оның бірнеше себебі бар. Алғашқысы – парниктік газ қал­дықтарын азайту. АЭС көмір­қышқыл газы мен басқа да пар­никтік газ қалдықтарын шығар­майды, бұл климаттың өзгеруі­мен күресуге ықпал етеді. …

АЭС ЖАЙЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР Read More »

Тариф тұтынуға қарай бекітіледі

Өңірлік коммуникациялар қыз­­метінде ұйымдасты­рыл­ған брифингтің тақырыбы “Таби­ғи монополиялар саласын­дағы заң­нама жаңалықтары” деп атал­ды. Табиғи монополияларды рет­теу комитетінің облыс бойынша департаменті заңнама­ның сақта­луын бақылау және талап арыз жұ­мысы бөлімінің басшысы Вя­чеслав Лукинов бұ­қаралық ақпа­рат құралдары өкілдеріне заңна­ма талаптарын түсіндіріп берді. Табиғи монополиялар тура­лы заңнаманы жетілдіру мақса­тында биылғы жылдың екінші жартыжылдығында “Табиғи мо­нополиялар туралы” Заңға жылу энергетикасы, …

Тариф тұтынуға қарай бекітіледі Read More »

Қарттарға қамқорлық

Облыста 5 мыңнан ас­там жалғызілікті зейнет­кер тұрады. Оның басым бөлігі – көмекке мұқтаж. Қарттар айлығында тұр­мыс жағдайы нашар, мүге­дектігі бар егде жастағы адамдар ерекше назарға алынбақ. Облыстық ардагерлер кеңе­сінің мәліметінше,  өңірде тұрып жатқан 102 456 зейнеткер­дің 44 мыңға жуығы Петропавл қа­ласының тұрғыны. 556 баста­уыш ардагерлер ұйымы жұмыс іс­тейді, сондай-ақ 14 өңірлік ар­дагерлер кеңесі бар. Мерекеге …

Қарттарға қамқорлық Read More »

Тәжірибелі темір жонушы

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамы өңірдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі саналады. Зауыт алпыс жылдан астам уақыттан бері күрделі құрал-жабдықтар шығарып, бірнеше маңызды саланы керек- жарақпен қамтып отыр. Мұндағы темірден көз ілеспес жылдамдықпен қалаған дүниені жасап беретін соңғы үлгідегі білдектердің жұмысына сағаттап қарай беруге болады. Зауытта мұнай-газ, энергетика және темір жол салаларына арналған …

Тәжірибелі темір жонушы Read More »

Тасқын және жедел желі: жұмыс тоқтамайды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны салдарын жою жұмыстарын аяқтау мәселесі қаралды. Отырыста тиісті министрліктердің басшылары мен бірқатар өңірдің әкімі баяндама жасап, күн тәртібіндегі тақырып бойынша түсініктеме берді. Əр мекеменің міндеті нақтыланды Үкімет басшысы еліміздің 12 өңірі зардап шеккен биылғы су тасқынының ауқымы туралы айтты. “Жағдайды Мемлекет басшысы өзінің жеке бақылауында ұстап …

Тасқын және жедел желі: жұмыс тоқтамайды Read More »

ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада архив саласындағы ынтымақтастық жө­ніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V-ші отыры­сы өтті. Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Мә­дениет және ақпарат министрлігінің, Ресей Феде­рациясының Федералды архив агенттігінің өкілдері, екі елдің тарихшы ғалымдары мен мұрағатшылары қа­тысты. Шарада “Голод в Казахстане и России. 1927-1934 г.г.” құжаттар жинағының тұсауы кесілді. Отырысты Солтүстік Қазақ­стан мемлекеттік архивінің ди­ректоры, тарих ғылымдары­ның …

ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ Read More »

Күре жолдарға күрделі жөндеу қажет

Өңірде республикалық ма­ңы­зы бар жолдардың 131 ша­қырымына күрделі жөндеу қа­жет. Бұл биыл жол желісіне жүргізілген ауқымды диагнос­тика барысында анықталды. “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” республи­ка­лық мемлекеттік кәсіпорны об­лыстық филиалы баспасөз қыз­метінің мәліметінше, облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 1,4 мың кило­метрі диагностикалық тексе­рістен өткен. Жоспарлы жұмыс барысында кепілді мерзімі бітпеген учаскелер де тексерілді. “Диагностика жүргізуге жылжымалы …

Күре жолдарға күрделі жөндеу қажет Read More »

ӘКІМ ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУЫ ТИІС!

Облыс орталығында бар­­лық деңгейдегі әкім­дер­дің қатысуымен кеңес өт­ті. Жиынға өңір бас­шы­сы Ғауез Нұрмұхамбе­тов, ау­дандық, ауылдық ок­руг­тердің әкімдері және құ­қық қорқау органдарының қыз­мет­кер­л­ері қатысты. Жи­на­лыс­ты ашқан Ғауез Тор­санұлы тұрғындардың хал-ахуалын білу, кез кел­ген жағ­дайда жедел әре­кет ету барлық деңгейдегі әкімдер­дің басты міндеті еке­нін атап өтті. Сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы іс-қимыл агент­тігі облыстық департаментінің бас­шысы Ас­хат Жақыпбеков өңірдегі …

ӘКІМ ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУЫ ТИІС! Read More »

Ислам — ең үздік актер

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры  жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай Павлодар қаласында ұйымдастырылған “Ертіс-Баян” республикалық театрлар фестивалінде өнер көрсетті. Аталмыш фестивальде театр әртісі Ислам Жақсылық “Ең үздік ер адам бейнесі” аталымын жеңіп алды.  Жерлестеріміз фестивальде “Шинель” спектаклін сахналады. Қойылымның режиссері – Баатр Колаев. Актер Ислам Жақсылық Акакий Акакиевичтің рөлін сомдап, үздіктердің қатарынан …

Ислам — ең үздік актер Read More »

“Тастамашы, ана!”

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Бірге оқимыз” жобасы аясында башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің “Тастамашы, ана!” кітабына шолу жасалды. Айгиз Баймұхаметов – жас жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Уфа қаласында тұратын жазушы бұл кітабында ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Автор өзі тәрбиеленген балалар үйіндегі ұл-қыздардың …

“Тастамашы, ана!” Read More »

“Мен алдармын, алдармын…”

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен “Алдар көсе” музыкалық ертегісі қойылды. Кеш барысында “Әдемі-ау” қазақ би ансамблі өнер көрсетті. Дәстүрлі әнші Ғалымжан Нұрпейісов “Саған, халқым-ай” әнін орындады. – Біз бұл ертегіні көрермен назарына осыдан бірнеше жыл бұрын ұсынған едік.  Ол кезде кемшін тұстары аз болмады.  Осы жолы өңдеп, …

“Мен алдармын, алдармын…” Read More »