«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

КҮЗГІ ОРАҚ ҚЫЗҒАН ШАҚ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданын­да болды. Облыс әкімі орақ науқанының барысымен, тауарлы-сүт ферма­сының құрылысымен және жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде аудандағы 312 мың гектар егіс алқа­бының 35 пайызынан өнім жиналған. Жоғары технологияларға иек артқан шаруалар мол өнім алып отыр. Мұнда алқаптарды химиялық өңдеу, зиянкестермен күрес, сұрып жаңарту және ми­нералды тыңайтқыштар енгізу көрсеткіштері …

КҮЗГІ ОРАҚ ҚЫЗҒАН ШАҚ Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫ ҚАЙТКЕНДЕ АРТАДЫ?

Елімізде халықтың 60 пайызының қаржы­лық сауаты төмен. Осының салдары болар, жеті миллионнан астам адам – несиенің «қамытын» киген. Қаржы саласы сарапшы­ларының айтуынша, елімізде ақша ұстауда әйелдерге қарағанда ер-азаматтар ұқып­тылық танытады екен. Көп жағдайда 18-29 аралығындағы жастар мен 60-75 жастағы қариялар қаржылық қиындыққа көп кезі­гетін көрінеді. Елде қарызға белшесінен батқандардың көптігі сон­дай, бұл мәселе мемлекет деңгейінде …

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫ ҚАЙТКЕНДЕ АРТАДЫ? Read More »

ЕТ БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

Отандық өндірушілер ел азаматтарының етке деген сұранысының 87,6 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ал өнімнің 12,4 пайызы шеттен келеді. Әр он келі еттің тоғызы өз жайлауымызда өскен төрт түліктікі болса да баға ырыққа бағынбай барады. Әсіресе сиыр мен қой етінің құны аспандап кеткен. Осыған байланысты ел Үкіметі етті экспортқа шығаруға уақытша шектеу енгізді. Ресми деректерге сүйенсек, …

ЕТ БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР Read More »

ТАРИХИ ЖЕҢІС

Ливерпульде өткен әлем чемпиона­тында қазақстандық былғары қолғап шеберлері көк Туымызды биікке кө­теріп, ел қоржынына жеті алтын, бір күміс, екі қола жүлде салды. Осылайша Қазақстан жалпы есепте бірінші орын­ға көтеріліп, чемпиондар кестесінде топ бастады. 51 келі салмақта Алуа Балқыбекова, 50 келіде Санжар Ташкенбай, 55 келіде Махмуд Сабырхан, 65 келіге дейінгі салмақта Аида Абикеева, 70 келіге дейінгі …

ТАРИХИ ЖЕҢІС Read More »

ӘУЕЖАЙДАҒЫ ӨЗГЕШЕ ӘЛЕМ

Жер бетіндегі ең жедел көлік түрі – ұшақ. Әуе кемесі арқылы санаулы сағаттарда мыңдаған шақырымды бағындырып, қала мен қаланың, ел мен елдің арасын жалғауға болады. Көк аспандағы ақ бұлтты қанатымен қаққа жарып ұшатын алып ұшақтың әуеге көтерілуі мен қонуы үшін тұтас бір ұжым аянбай еңбек етеді. Мұнда бәрінен де жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан талап та …

ӘУЕЖАЙДАҒЫ ӨЗГЕШЕ ӘЛЕМ Read More »

ТАМАҚ МӘЗІРІ ТАЛАПҚА САЙ МА?

Бұл сауал мектеп асханаларын жалға алып отырған кәсіпкерлерді жете ойландыра қоймайтын секілді. Оған облыстық кәсіпкерлер палатасында мектептерге тамақта­нудың жаңа стандартын енгізу мә­селелері сөз болған жиында көз жеткізгендей болдық. Зерттеулер көрсеткендей, елімізде 6 мен 9 жас аралығындағы балалар арасында семіздікке шал­дығу көрсеткіші 20,6 пайызға жет­кен. Сегіз жастағы оқушыларда ар­тық салмақ өткен жылмен (18,7 па­йыз) салыстырғанда 24,2 …

ТАМАҚ МӘЗІРІ ТАЛАПҚА САЙ МА? Read More »

ӨҢІРДІ ӨРКЕНДЕТЕР АУҚЫМДЫ ЖОБА

Солтүстік өңір өндіріс әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобалардың жүзеге асуымен еліміздің индустриялық картасында ерекше орын алады. Осындай стратегиялық маңызы жоғары бастамалардың бірі – «Сырымбет» қалайы кен орнын игеру. Жобаны іске асыруды «Solidcore Resources» компаниясы қолға алып отыр. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шетелдік компанияның бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесу өткізді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – …

ӨҢІРДІ ӨРКЕНДЕТЕР АУҚЫМДЫ ЖОБА Read More »

КЕЛЕЛІ МІНДЕТТЕР, АЙҚЫН МАҚСАТТАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын келелі міндеттер талқыланып, айқын мақсаттар белгіленді. Алқалы жиынға департамент, басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты. Жиынды кіріспе сөзбен ашқан Ғауез Торсанұлы Жолдауда …

КЕЛЕЛІ МІНДЕТТЕР, АЙҚЫН МАҚСАТТАР Read More »

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЦИФРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР АРҚЫЛЫ ШЕШУ»

Құрметті депутаттар! Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды. Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды. Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру қажет. Жалпы, Парламент …

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЦИФРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР АРҚЫЛЫ ШЕШУ» Read More »

АРАҚТАН БАС ТАРТҚАН АУЫЛДАРДА ҚЫЛМЫС САП ТЫЙЫЛҒАН

Облысымызда «ащы судан» түбегейлі бас тартқан елді мекен­дер қатары артып ке­леді. Мұндай ауыл­дардағы дүкендерде ішімдік атаулы сатыл­майды. Той-томалақ­та дастарқанға арақ-шарап қойылмайды. Жалпы біздің өңірде арақтан бас тартқан жиырмаға жуық ауыл бар. Солардың бірқа­тарына жеке-жеке тоқталуды жөн көрдік. Айтуар Ішімдіктің зардабы ұшан-теңіз. Ең ауыр деген қылмыстардың дені арақты шамадан көп ішкен адамдардың қолы­мен жасалатыны жалған емес. …

АРАҚТАН БАС ТАРТҚАН АУЫЛДАРДА ҚЫЛМЫС САП ТЫЙЫЛҒАН Read More »

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДА КІДІРІС ЖОҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Qyzyljar» АЭА-да орналасқан №3 субаймақта болып, инженерлік инфрақұрылым тарту барысымен танысты. Ғауез Торсанұлының қатысуымен өткен жиында инженерлік коммуникацияларды дер кезінде іске қосу, инвесторлар үшін қо­лайлы жағдай жасау, қолданыстағы және жоспарланған жобаларға барынша басым­дық беру мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда негізгі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы аяқталған. Құны 1,3 млрд. теңге болатын су құбыры тартылыпты. …

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДА КІДІРІС ЖОҚ Read More »

БҰРАЛҚЫ ИТТЕРДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНАМЫЗ?

Жуырда әлеуметтік желіде бұралқы ит­тердің ауыл тұрғындарының қорасына түсіп, құстарын қырып кеткені жайында ақпарат тарады. Бұл мәселе Қызылжар ау­данындағы Бескөл ауылы жұртшылығы­ның бас ауруына айналған. Зардап шеккен­дердің бірі – Лейла Әлиева. Ол жыл сайын ерте көктемде 200 қаз бен 100-ге тарта үй­ректің балапанын сатып алады. Тауықтары тағы бар. Құстарды жаз бойы баптап, өсіріп, қыста жақсы …

БҰРАЛҚЫ ИТТЕРДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНАМЫЗ? Read More »

АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛАДЫ

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа қадамы ретінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ғылыми Аграрлық орталық құрылмақ. Қазақ-қытай іскерлік ке­ңесі аясында өткен маңызды шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросының тұрақ­ты комитетінің мүшесі Дин Сюэсян қатысты. Іс-шара ба­рысында университет пен Қытайдың «Айцзю» корпора­циясы арасында …

АГРАРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛАДЫ Read More »

«ШЕКАРАДАҒЫ АУЫЛДАРДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП»

Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл ауылдық округі шекарада орналасқан. Жол шалғай. Содан да болар, мұндағы қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдары – Қулыкөл, Қаратал, Береке елді мекенінің тыныс-тіршілігі жайлы көп айты­ла бермейді. Елдің шетінде жатқан үш ауылдағы аху­ал жайлы округ әкімі Бақытжан Кендірбаевпен әңгімелестік. – Бақытжан Кеңесұлы, сіз сайланған әкімсіз бе, әлде тағайындалдыңыз ба? – 2023 жылы 22 мамырда …

«ШЕКАРАДАҒЫ АУЫЛДАРДА ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП» Read More »

ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРДАСЫ

Білім күні қарсаңында облыс орталығындағы «Береке» шағынауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Заманауи білім ордасы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған өңірдегі екінші нысан. 600 орынға шақталған мектеп қазірдің өзінде 700-ден астам оқушыны қабылдап үлгерген. Өңір басшысы балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің жарқын …

ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРДАСЫ Read More »

МЕҢГЕСЕРДЕН ШЫҚҚАН БАЛУАН ҚЫЗ

Бағзы заманнан ерлермен қатар қыздар да ел мен жер қорғауда аянып қалмады. Сұрапыл соғыс жылдары аруларымыз батырлығымен көзге түссе, бейбіт күнде спорттық алаңдарда барын салып, Қазақстан туын көкте желбіретіп жүр. Бокста теріскейлік ару Наталья Богданова ешкімге дес бермесе, бозкілемде тағы бір жарық жұлдыз пайда болды. Оның есімі Анна Стратан. Анна Мамлют ауданына қа­расты Меңгесер ауылында …

МЕҢГЕСЕРДЕН ШЫҚҚАН БАЛУАН ҚЫЗ Read More »

«ҰСТАЗ ӘР БАЛАНЫ ЖҮРЕКПЕН ЖАҚСЫ КӨРУІ КЕРЕК»

Жуырда елордада өткен педагогтардың республикалық тамыз конференциясында жерлесіміз, Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімі Шолпан Әблемова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болғанын жазғанбыз. Саналы ғұмырының 44 жылын шәкірт тәрбиесіне арнаған білікті мұғаліммен жақында сұхбаттасудың сәті түсті. – Шолпан Бақытқызы, сізге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын Президентіміздің өзі тапсырды. Қандай сезімде болдыңыз? – Менің ойымша, …

«ҰСТАЗ ӘР БАЛАНЫ ЖҮРЕКПЕН ЖАҚСЫ КӨРУІ КЕРЕК» Read More »

ӘР ҚИМЫЛДА – ЖҮРЕК ҮНІ

Қызылжарлық «Sensitive» би театры Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының сахнасында өнер көрсетті. Нақтырақ өнерпаздар Тянь-цзинь қаласында Шанхай ынтымақ­тастық ұйымы саммиті аясында ұйымдастырылған «ШЫҰ кездесуі – жүректің үні» атты халықара­лық мәдени іс-шарада Қазақстанды таныстырды. «Sensitive» би театры – Қазақстандағы есту қабілеті бұзылған әртістер өнер көрсететін жалғыз ан­самбль. Қытай сахнасында бишілер­мен қатар ерекше балалардан құрал­ған «Кішкентай дельфиндер» хоры …

ӘР ҚИМЫЛДА – ЖҮРЕК ҮНІ Read More »

ХАЛЫҚҚА ҚАМҚОР ҚОР

Өңірімізде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мамандарының қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қордың қолдауымен салынған әлеуметтік нысандарды аралады.  2022 жылдан бастап қор тарапынан облысқа 17,8 млрд. теңгеден астам қар­жы бөлініп, бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асқан. Олардың дені білім беру саласына тиесілі. Журналистер ат басын бұрған ал­ғашқы мекеме – Қызылжар ауданында­ғы №2 …

ХАЛЫҚҚА ҚАМҚОР ҚОР Read More »

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ

Биыл Қазақстан халқы ел тарихындағы атаулы мереке – Конституцияның 30 жылдығын атап өтеді. Ата Заң – мемлекеттіліктің символы ғана емес, адамның өмірін, құқығы мен еркіндігін қорғайтын нақты құрал. Азаматтардың мемлекетке деген сенімі конституциялық кепілдік негізінде қалыптасады. Біздің ойымызша, конституциялық кепілдіктер өздігінен жұмыс істемейді. Ол нақты, ұйымдасқан, кәсіби әрекетті қажет етеді.  Конституция – ел тәуелсіз-дігінің, мемлекеттігінің …

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ ТІРЕГІ Read More »