«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Бірыңғай есеп беру күні

Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:00-де Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының “Бірыңғай есеп беру күні” өтеді. Шараға облыс кәсіпкерлері шақырылады. Бірыңғай есеп беру күні мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы жаңашылдықтарды, заң талаптарын түсіндіруді көздейді. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер қабылдау, қауіпсіз қызметті …

Бірыңғай есеп беру күні Read More »

Балаңыздың телефонын тексересіз бе?

Соңғы уақытта мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау деректері көбейіп отыр.  Осыған байланысты 23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өтеді. Жиналыста ата-аналардың бала өміріндегі, сондай-ақ онлайн кеңістіктегі қауіпсіз­дігіне қатысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалады. Ба­ланың мінез-құлқын бақылау, әлеуметтік желілердегі бел­сенділік мониторингі, құрдас­тарымен қарым-қатынасты  үйлестіруге қатысты ұсыныс­тар беріледі. Бала қауіпсіздігі ата-ана, пе­дагог, әрбір ересек адам …

Балаңыздың телефонын тексересіз бе? Read More »

Абайдың сөзі – білімнің көзі

Қызылжар Абай орта мектебін­де қазақ тілі мен әдебиеті пәнде­рінің мұғалімдеріне арналған “Мәңгілік елдің ұлы – Абай” атты облыстық семинар өтті. Семинарға өңір аудандары мен Петропавл қаласының жоғары білікті педагогтары қатысты.  Жиын барысында Абай Құнан­байұлының мұрасын ұлттық руха­ният пен білім беру жүйесінің ма­ңызды мәселесі ретінде көтеріп, оны жүзеге асырудың тетіктері қа­растырылды. Мектеп директоры Алмагүл Ермағамбетова білім …

Абайдың сөзі – білімнің көзі Read More »

СЫЗА БІЛГЕН ОҚУШЫ ОЙЛАНА ДА АЛАДЫ

Сызба деп нәрсенің кескіні және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты атайды. Сондықтан сызба – ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және т.б. жасау үшін, кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдар, газ, мұнай, электр энергиясын жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың “Сызба – техника тілі” …

СЫЗА БІЛГЕН ОҚУШЫ ОЙЛАНА ДА АЛАДЫ Read More »

Ғылыми байланыс

19-20 қыркүйек күндері Қы­тайдың Шэньси провинция­сы­ның Ян лин қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері ауыл шаруашылығы универ­ситеттері ректорларының  фо­ру­мы өтті. Форум жұмысы ауыл ша­руашылығы ғылымының кешен­ді дамуына және ШЫҰ елде­ріндегі ғылыми-техникалық про­греске бірлесіп жәр­демдесуге бағытталған. Ау­қымды шараға цифрландыру жағдайында аграрлық білім бе­рудің жаңа сын-қатерлері мен перспекти­ва­ларын талқылау үшін 9 елдің 30 университеті мен ғылыми институттарының 80-нен …

Ғылыми байланыс Read More »

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӨМІРІНІҢ БІР КЕЗЕҢІ

Мұхтар Әуезовтің өмірбая­нында толық ашылмай,  тиянақ тап­пай жүрген кезеңнің бірі – 1922 жыл және оның Орынбор­дан Тәш­кенге қай уақытта, не се­беппен кел­гені. Өзі жазған өмір­баянында: “ҚазОАК (КазЦИК) тө­ралқасы мүшесі ретіндегі үл­кен лауазымды қызметтен 1922 жы­лы пар­тия органдары мен үкімет­тің рұқсатынсыз кеттім…” деп жа­зады. Алдымен осы қызметке қа­лай, қашан кел­гендігі туралы де­ректерді қарайық. Қа­зақстанның орталық архивіндегі …

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӨМІРІНІҢ БІР КЕЗЕҢІ Read More »

ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙ ШЫҒА АЛАМЫЗ БА?

“Tikelei bailanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев газет оқырмандарын толғандырған сауалдарға жауап берді. Әлім ТӨЛЕБАЕВ, Қызылжар ауданының тұрғыны: – Жасыратыны жоқ, ин­женерлік желі­лер­ді жоспарлы түрде ауыс­тыру, заманауи жабдықтар орнату жайы сын көтермейді десе де болады. Ол жөнінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов қысқы жы­лы­ту маусы­мына әзірлік жұ­мыстарына …

ҚЫСТАН ҚЫСЫЛМАЙ ШЫҒА АЛАМЫЗ БА? Read More »

Тозығы жеткен желілер тұрғындарды әуре-сарсаңға салмауға тиіс

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хам­бе­товтің төрағалығымен өт­кен әкімдік отырысында үш мә­селе – облыстың 8 айдағы әлеу­меттік-экономикалық даму қоры­тын­дылары, автожолдарды қыс­қы күтіп ұстауға дайындық бары­сы және электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету жайы талқылан­ды. Жиында жауапты ве­домство басшылары баянда­ма жасады. Өңірде биыл өсімдік шаруа­шы­лығының қарқыны 11 пайызға төмендеген. Оған егін жинау нау­қанының созылуы себеп. Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 4 …

Тозығы жеткен желілер тұрғындарды әуре-сарсаңға салмауға тиіс Read More »

ДАҢҒАЙЫР ДИҚАН

Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға зор үлес қосып отырған “Зенченко және К” командиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко 60 жасқа толды. Мерейтой иесін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  құттықтады. Президенттің Алғыс хатын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов  арнайы барып табыстады. Әке жолын қуған Геннадий Зен­ченко – табысты кәсіпкер ға­на емес, сонымен қатар ауыл­дың …

ДАҢҒАЙЫР ДИҚАН Read More »

Тарихи таңдау

Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мү­шелері “AMANAT” партиясының белсенділерімен кезде­сіп, АЭС салу идеясының мән-мақса­тын, ел экономикасын ілгерілету­дегі ше­шуші рөлін түсіндірді. Олар ре­ферендумға белсенділікпен қа­тыса отырып, дұрыс таңдау жасау әрбір саналы азаматтың борышы екенін айтты. “АЭС-ке қатысты мәселеде әр­қилы ұстанымның болуы заңды.  Біз­дің міндетіміз – оның артықшылы­ғын айтып қана қоймай, қазақстандық­тардың өмір сапасын  …

Тарихи таңдау Read More »

ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының халыққа арнаған “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды. “Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында кәсіпкер­лік­тің дамуы мен оны …

ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ Read More »

ТАМАҒЫ ТІЛ ҮЙІРЕДІ

Еліміздегі еңбек күшін реттеу үшін “Оңтүстіктен – Солтүстікке” қоныс аудару бағдарламасының жүзеге асып жатқанына да бірнеше жыл болды. Осы уақыт ішінде жұмыс күші көп өңірлерден қаншама адам теріскейге бет түзеді. Бүгінде жергілікті тұрғындармен тонның ішкі бауындай араласып кеткен жандарды көргенде көңіл жадырайды. Аталмыш бағдарлама аясында Шымкент қаласынан көшіп келген Қымбат Еркінова жайлы мекеннен өз орнын …

ТАМАҒЫ ТІЛ ҮЙІРЕДІ Read More »

Заңсыз тексеріс

Облыс прокуратурасы мем­лекеттік кірістер органда­рының қызметін талдау ба­ры­сында кәсіпкерлердің құ­қықтарының бұзылғанын анық­тады. Мәселен, Петропавл қаласы мен Есіл, Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар аудандарына қа­расты құрылымның лауазымды тұл­ғалары Кәсіпкерлік кодексінің та­лап­тарын өрескел бұза отарып, биз­нес субъектілеріне салықтық тексе­рулер жүргізген. Прокурорлық қада­ғалау актісі бойынша аталған салық органдарының басшылары тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкім­шілік жауапкершілікке тартылды. Қа­зіргі …

Заңсыз тексеріс Read More »

ИНКЛЮЗИВТІ ҚЫЗМЕТ

Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етуде. Бұрын мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері перзенттерін емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Қабылдау өтініш берушінің жеке қатысуын …

ИНКЛЮЗИВТІ ҚЫЗМЕТ Read More »

Хореографиялық қойылым

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” атты хореографиялық қойылым көрсетілді. Шарада филармонияның “Туған жер” ансамблінің бишілері өз өнерлерін көрсетті. Бұл қойылымның ерекшелігі – өнерпаздар оқиғаны, кейіпкерлердің ішкі сезімдерін би арқылы жеткізді. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” пластикалық спектаклінің режиссерлері – Самат Жұмажанов пен Максим Тонков. Қос ғашықтың сезімін, қойылымның сюжетін, кейіпкерлердің …

Хореографиялық қойылым Read More »

ӨМІРГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ ІҢГӘЛАҒАН!

Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Қазіргі таңда сәбилер дәрігерлердің жіті бақылауында. – Әйелдің негізгі міндеті ана атану ғой. Мен бұл бақытты сәтті ұзақ күттім. Аяғым ауыр екенін білген күннен бастап ерекше күтінуге, дұрыс тамақтануға, дәрігерлерге дер кезінде қаралуға дағдыландым.  Мамандар үшем екенін айтқанда қатты таңғалдым, – дейді Елизавета, Ангелина, Маргарита есімді қыздардың анасы Юлия …

ӨМІРГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ ІҢГӘЛАҒАН! Read More »

Танымдық шара

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітахана қызметкерлері М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейі оқушыларына белгілі ақын, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Ескен Елубаевтың шығармашылығына арналған “Балалардың сүйікті досы” атты әдеби шара ұйымдастырды. “Сиқырлы қазан” ертегілер клубы аясында өткен әдеби кеште оқушылар қаламгердің өмірі және шығармашылығымен кеңінен танысты. Ескен Елубаев 1942 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Отар стансасында дүниеге келген. …

Танымдық шара Read More »

МАС ЖҮРГІЗУШІ — ҚЫЛМЫСКЕР

Полицейлер төрт күн бойы облыс аумағында “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл шараға республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, елді мекендерде 140-тан астам автопатруль жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда ауыл арасындағы жол бойында шлемсіз мотоциклшіні тоқтатқан.  Құжаттарын тексеру барысында 41 жастағы ер адамның көлікті жүргізуші куәлігінсіз тізгіндегені анықталды. Құқық бұзушы 20 …

МАС ЖҮРГІЗУШІ — ҚЫЛМЫСКЕР Read More »

Мұз айдынындағы тартыс

Хоккейден ел біріншілігінің 2-ші турында жергілікті “Құлагер” клубы өз  айдынында өзбекстандық “Хумо” командасын қабылдады. Бірінші кездесуде жеңіс жерлестерімізге бұйырса, қарымта ойын қонақтардың еншісіне жазылды. Өткен жылғы ел кубогының жеңімпазы “Хумо” командасының теріскейге жеңіс үшін келгені белгілі. Дегенмен жерлестеріміз өзбекстандық клубқа азулы қарсылық көрсете білді. Матчта соғылған бір шайбаның арқасында “Құлагер” басым түсті. Жалғыз нәтижелі соққының …

Мұз айдынындағы тартыс Read More »

ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ ЖОЛЫ

Оқушылар сарайында белгілі ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, жерлесіміз Аманжол Қошановтың туғанына 90 жыл толуына орай “Академик Аманжол Қошанов және Қазақстанның экономикалық ғылымы” атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Шараға қоғам қайраткерлері, елімізге белгілі ғалымдар, академиктің әріптестері, жергілікті зиялы қауым өкілдері, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары, жастар мен ғалымның туған-туыстары қатысты. Жиында облыс әкімінің орын­басары Жүсіп …

ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ ЖОЛЫ Read More »