«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

ҚАЛАНЫ ЖАҢҒЫРТАТЫН ЖОБАЛАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының тұрғындарымен кездесті. Қалалық Мәдениет үйінде өткен жиында өңір басшысы тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуде қала ин-фрақұрылымын дамыту, жолдарды жөндеу, баспанамен қамту, су тасқынының алдын алу, қоғамдық көлік мәселелері мен әлеуметтік нысандардың құрылысы талқыланды. Облыс орталығын дамыту жоспарына сәйкес, өткен жылы басталған жұмыстар биыл да жалғаспақ. …

ҚАЛАНЫ ЖАҢҒЫРТАТЫН ЖОБАЛАР Read More »

ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ,ТӘННІҢ ШИПАСЫ

Ертең, бірінші наурызда 2025 жылдың оразасы келіп жетеді. Исі мұсылман жұртшылығы осы айда Құдайдың разылығын көздеп, таң сәрісімен тұрып аузын бекітіп, күн ұясына батысымен аузын ашып, қуанып, мәз-мейрам болады. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек мен үшін. Оның сыйын (сауабын) өзім ғана беремін…», – деп оразаның қадірі мен қасиетін баяндаған. Ораза кімдерге парыз? Рамазан …

ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ,ТӘННІҢ ШИПАСЫ Read More »

ТӨРДЕН ОРЫН БЕРДІК ПЕ?

Әр әзілдің астарында ащы шындық жатыр. Біздің қоғамда мұғалімдерге қатысты түрлі әзіл айтылады. Ал тереңінен ойласақ, күлетін жайт емес екен. Қазақ үшін мұғалім кім еді? Көзі ашық, көкірегі ояу тұлға-тұғын. Мұғалімдерге құрмет көрсетер кезде  ойлылардың айтқан асыл сөздерін жиып-теріп, төрден орын береміз де, келесі күні жолын кесіп жүре беретін қоғамбыз. Іштей  қоғамның дамуында білім саласының, …

ТӨРДЕН ОРЫН БЕРДІК ПЕ? Read More »

Жерлесіміздің жарқын жеңісі

Солтүстікқазақстандық балуан Мейіржан Берекетов қазақ күресінен Үндістанда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды. Дүбірлі додаға 20-дан астам елден 200-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Делидегі жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақта белдескен Мейіржан Берекетов қарсыластарын қоғадай жапырып, финалда грузин балуанын жеңді. Осылайша жерлесіміз Қазақстан қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдені салды. Жеңімпазды …

Жерлесіміздің жарқын жеңісі Read More »

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ: Қызылжарда қандай жобалар жүзеге асырылуда?

2022 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай «Қазақстан халқына» қоры құрылып, аз уақыттың ішінде ірі компаниялар, монополистер мен кәсіпкерлер және жекелеген азаматтардан әжептәуір қаржы жиналды. Көп өтпей қордың құрылтайшылары бекітіліп, жоспары жасалып, әр сала бойынша жобалар жүзеге асырыла бастады. «Бұл қор қоғамды ұйыстырудың тағы бір құралы болатынына, азаматтардың бойындағы әлеуметтік әділдік сезімін нығайтатынына …

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ: Қызылжарда қандай жобалар жүзеге асырылуда? Read More »

БЕТАШАРДЫ БҰРМАЛАМАЙЫҚ!

Қазақ – салт-дәстүрге, ырым мен тыйымға бай халық. Соның бірі – беташар. Ғасырлар бойы қалыптасып, бала келіннің дана келінге айналуына үлкен септігі тиетін беташардың ғибраты мол, тәрбиесі ұшан-теңіз. Өткен жылы өнегелі салтымыз ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді. Алайда уақыт алға жылжыған сайын халқымыздың ертеден келе жатқан бұл дәстүрінің мазмұн-мағынасы бұрмаланып, жасалу әдебі көмескіленіп …

БЕТАШАРДЫ БҰРМАЛАМАЙЫҚ! Read More »

ТАСҚЫН ҚАУПІ: аудандардың дайындығы қалай?

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға іссапары кезінде көктемгі су тасқынына дайындық бойынша кеңес өткізді.  Өңір басшысы алдымен мамандандырылған техниканың табиғаттың айтып келмес апатына қарсы әзірлігімен танысты. Аудан әкімі Руслан Аңбаев су басуға бейім учаскелер және ықтимал апаттың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы баяндады. Ауданда барлығы 60 елді мекен бар …

ТАСҚЫН ҚАУПІ: аудандардың дайындығы қалай? Read More »

АУЫЛДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ АЛАҢДАТАДЫ

Өңірде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген 12 музей бар. Соның төртеуі – еліміздің белгілі ақын-жазушыларына арналған мемориалдық мұражайлар. Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың, көркем сөздің зергері Ғабит Мүсіреповтің, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың және жазушы-журналист Иван Шуховтың музейлері қоғам қайраткерлері туып-өскен ауылдарында. Сырттан келген қонақтар өңірдің ғана емес, елдің мақтанышына айналған тұлғалардың …

АУЫЛДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ АЛАҢДАТАДЫ Read More »

«УАҚЫТША ОТБАСЫНДАҒЫ» ТӘРБИЕ ИНТЕРНАТТАҒЫДАН ТИІМДІ

Еліміздегі білім беру жүйесіндегі теңсіздік мәселесі әлі де өзекті. Ауылдық жерлерде тұратын балалар үшін сапалы білім алу мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі. Көптеген елді мекендерде орта мектеп жоқ, балалар аудан орталықтарына қатынап оқуға немесе интернатта тұруға мәжбүр. Интернаттардың жұмысы жолға қойылғанымен, ондағы балалар өздерін үйдегідей сезіне алмайды. Ал ауылдан қалаға көшу көптеген отбасы үшін қаржылық және әлеуметтік …

«УАҚЫТША ОТБАСЫНДАҒЫ» ТӘРБИЕ ИНТЕРНАТТАҒЫДАН ТИІМДІ Read More »

ҮКІМЕТ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келгенін газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Сапар барысында коммуналдық-энергетикалық сектор инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасымен және тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты. Петропавл №2 жылу-электр орталығында болып, жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Үкімет басшысына «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу жайы айтылды. …

ҮКІМЕТ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ Read More »

ҚЫСТЫҢ ҚАРЫ – ЖЕРДІҢ НӘРІ

Егін бітік шығуы үшін топырақтағы ылғал қорының мол болғаны маңызды. Ол үшін қыстай қар тоқтату керек. Мамандар осы бағыттағы жұмыстарды дер кезінде жүргізбесе алқап бетін жасырған жұқа қардан өсімдікке пайда аз. Қар тоқтату – өңір диқандары үшін дәстүрге айналған көпжылдық тәжірибе.  Биыл шаруалар 3 млн. гектар алқапта қар тоқтатуды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін тиісті жұмыстардың …

ҚЫСТЫҢ ҚАРЫ – ЖЕРДІҢ НӘРІ Read More »

ЗАРЕЧНЫЙ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨШІРІЛЕДІ

Петропавлдағы жыл сайын көктемде су астында қалатын Заречный кентінің тұрғындары басқа жерге көшірілетін болды. Жергілікті билік Есіл өзенінің жағасында орналасқан елді мекенде тұру қауіпті және тасқынның салдарымен күресу тиімсіз деген шешімге келді. Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулованың айтуынша, былтырғы су тасқыны кезінде Заречный кентінде 440 үй болған. Су кеткеннен кейін 189-ы тұруға жарамсыз …

ЗАРЕЧНЫЙ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨШІРІЛЕДІ Read More »

ШӨП ШҮЙГІН БОЛСА, МАЛ КҮЙЛІ

Өңірде мал шаруашылығы жылдан-жылға өркендеп келеді. Алдағы уақытта қызылжарлық шаруалар елімізде көш бастауды жоспарлап отыр. Етті, сүтті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысуға ниеттілердің саны артуда. Төрт түлік өсіріп, мыңғырған мал айдаймын дейтіндерге мемлекет тарапынан қолдау қарастырылған. Алайда табысына қарай аталған істің машақаты да аз емес. Мыңдаған түлікке қарайтын маман табудан бастап, оларға жайлы орын дайындап, талапқа …

ШӨП ШҮЙГІН БОЛСА, МАЛ КҮЙЛІ Read More »

ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ӨССЕ НЕ БОЛМАҚ?

Қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып, бір-біріне кереғар, ұшқары, асығыс пікірлер тудырып, ортақ мәмілеге келе алмай жатқан негізгі мәселе – қосылған құн салығы (ҚҚС). Бүгінде Қазақстанда ҚҚС мөлшері 12 пайыз. Еліміз бойынша жалпы салықтың төрттен бірі қосылған құн салығы есебінен жиналады. Биліктегілердің айтуынша, бұл тым аз. Қосылған құн салығының жалпы ішкі өнімдегі үлесі – 20, республикалық …

ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ ӨССЕ НЕ БОЛМАҚ? Read More »

ОБЛЫСТА ЖАЛҒЫЗ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ДӘРІХАНА БАР

Жылжымалы дәріхана ұғымы алғаш рет XX ғасырдың басында пайда болды. Мұндай бастаманың негізін қалаушылар – Еуропа мен АҚШ-тағы медициналық қызметкерлер мен фармацевтер. Олар шалғайдағы елді мекендерге дәрі-дәрмек жеткізудің маңыздылығын түсініп, арнайы фармацевтикалық көліктерді қолдана бастаған. Алғашқы мобильді дәріханалар негізінен соғыс уақытында және дағдарыс кезеңдерінде де халыққа медициналық көмек көрсету үшін қолданылған. Кейін бұл тәжірибе дамып, …

ОБЛЫСТА ЖАЛҒЫЗ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ДӘРІХАНА БАР Read More »

ТАРТЫМДЫ ЖОБАЛАР

Жергілікті нарықта жаңа технологияларды қолданып, озық жобаларды жүзеге асыруға бағдарланған «Eurasian Milk» ЖШС өндірісті жаңғыртудың арқасында сапалы сүт өнімдерін тұтынушыларға ұсынып келеді. Әсіресе, ірімшік пен сарымайға сұраныс жоғары. Қазір мұнда 200-ден астам адам еңбек етеді. Енді қоюлатылған сүт өндіретін жаңа желі іске қосылмақ. Оған салынған инвестиция мөлшері – 50 миллион доллар, алдағы уақытта бұл көрсеткіш …

ТАРТЫМДЫ ЖОБАЛАР Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл өтсе де, тыл еңбеккерлерінің ұрпақтары аталары мен әжелерінің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан ерлік істерін бір сәт те естен шығарған емес, әркез мақтан етеді. Тылдағы қанды қырғыннан кем болмаған жылдар әлі күнге дейін сананы сансыратып, жанарға жас үйіртеді. Ешқашан ұмытылмайтын, жадыдан өшпейтін маңызды күндерді жадыда жаңғырта отырып, аға ұрпақтың қаһармандық …

ҚЫЗЫЛЖАР ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ Read More »

ҚОҚЫСТЫ ӨҢДЕП, ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ШЫҒАРАМЫЗ

«Радуга» көпсалалы сауда-өндірістік компания ретінде танымал, Қазақстан нарығында 30 жылдан астам тұрақты түрде жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтады, оның өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Тек былтырдың өзінде ғана жалпы тауар айналымы 22,3 млрд. теңгеге жетті, төленген салық көлемі 2,6 млрд.теңгеге жуықтады. Бастапқыда лак-сыр бояғыштар шығаруға маманданса, кейін жүгері таяқшасы, тез пісетін тағамдардан бастап күнделікті тұрмысқа …

ҚОҚЫСТЫ ӨҢДЕП, ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ШЫҒАРАМЫЗ Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСТАН КЕТКІСІ, АЛ ЖАСТАР КЕЛГІСІ ЖОҚ

 Зейнет жасы — әр адамның өміріндегі маңызды белес. Осы бір белеске көтерілуді ұзақ жыл еңбек етіп, егде тартқан әрбір жан армандайды. Зейнет жасына жеткендердің сүйіншілеп той жасап, думандатып жататыны да сондықтан. Еңбектен қол үзбей, қызметін жалғастыра беруге ниеттілер де көп. Соңғы жылдары елімізде ондай зейнеткерлердің саны артып келеді. Тіпті 80-85 жасқа келсе де жұмысын тастамағандар …

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЖҰМЫСТАН КЕТКІСІ, АЛ ЖАСТАР КЕЛГІСІ ЖОҚ Read More »

Қазіргі отағасының отбасындағы орны қандай?

Бала тәрбиесіне кім жауапты? Бүгінгі баланың бойында кімнің тәрбиесі басым? Алғашқысына бір деммен ата-ана деп жауап беруге болады. Ал екінші сұраққа келгенде күмілжитінімізді жасырмай-ақ қояйық. Бала тәрбиесіне ата-ана жауапты екені айдан анық. Бірақ таразының қос басы тең болғанда ғана отбасылық тәрбие түйінделеді. Бізде осы жағы кемшін. Көп жағдайда бала ананың қанатының астында. Талай буынға тура …

Қазіргі отағасының отбасындағы орны қандай? Read More »