«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРДІ

  Алдағы уақытта Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөлде жаңа емхана ашылады. Осы ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ел игілігіне берілуі тиіс нысанда атқарылған жұмыстарды тексерді. «Жаңа нысанды шалғайдағы аудан тұрғындары көптен күтті. Осы күнге дейін емхана жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимаратта орналасты, медициналық қызмет көрсетуге қолайсыз еді. Заманауи қондырғылар – цифрлық …

ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРДІ Read More »

ТҰРҒЫНЫ АЗ АУЫЛДАР ТАРАТЫЛДЫ

 Облыстық мәслихаттың кезекті ХХ сессиясы өтіп, онда облыстың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітіліп, тағы бірнеше мәселе дауысқа салынды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев пен бірқатар басқарма басшылары қатысты. Алғашқы сұрақ бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасап, үш жылда өңір бюджетінің қай салаларға қандай көлемде жұмсалатынын айтты. – Келер жылы бюджеттік субвенция …

ТҰРҒЫНЫ АЗ АУЫЛДАР ТАРАТЫЛДЫ Read More »

ҚҰЛДЫРАҒАН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

 «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайынғы ұлттық баяндамасын жариялады. Баяндаманы жа­саушылар Қазақстан жастарының денсаулық пен де­малыс, білім мен ғылым, әлеуметтік-экономикалық ахуал, құндылық пен қызығушылықтар, қоғамдық-саяси процестер сияқты өз өмірінің негізгі аспектілерін қабылдауы мен бағалауын сараптаған.  Әлеуметтанулық зерттеу аумағы еліміздің бар өңірін – Астана, Алматы, Шымкент қалаларын, 17 облыс орталығын, сонымен бірге ауылдық елді мекендерді қамтыды. Зерттеуге …

ҚҰЛДЫРАҒАН ҚҰНДЫЛЫҚТАР Read More »

ІЛКІМДІ ІСТЕР ЛЕГІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Кызылжар ауданына барды. Көктемде бастан өткерген қиын жағдайға қарамастан ауданда маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Налобино, Вагулино және Белое ауылдарының ішкі жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. Бескөлде 5 қабатты тұрғын үй мен хоккей кортының шатыры салынуда. Облыста салынған 38 медициналық нысанның сегізі осы ауданда орналасқан. «Жыл аяқталуға …

ІЛКІМДІ ІСТЕР ЛЕГІ Read More »

ҒЫЛЫМСЫЗ АГРОСАЛА АЛҒА БАСПАЙДЫ

 М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Ғылым қорының» ұйытқы бо­луымен Солтүстік және Орталық Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын ғылыми-техникалық дамыту тақырыбында хакатон өтті. Шараға салалық министрлік өкілдері, отандық, шетелдік ғалымдар мен тауар өндірушілер қатысты. Шараны ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар үшін аталған саланы дамытудың маңызы зор екенін атап өтті. …

ҒЫЛЫМСЫЗ АГРОСАЛА АЛҒА БАСПАЙДЫ Read More »

SKO Hub – МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

«Қызылжар» креатив орталығында Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық IT технопаркі Astana Hub-тың 18-ші фи­лиалы – SKO Hub ашылды. Іс-шараға об­лыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев қатысты. SKO Hub – мүмкіндіктер мекені, мұнда жастар өз идеяларын жүзеге асырып, мүдделес адамдармен танысып, стартаптарын табысты жобаға айналдыра алады. Өңірлік даму кеңсесінің директоры Аида Дусованың ай- туынша, SKO Hub-ты …

SKO Hub – МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ Read More »

БЕЙБІТШІЛІК – ЕҢ АСЫЛ БАЙЛЫҚ

Бірегей әлеуметтік институт санала­тын Қазақстан халқы Ассамблеясы бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан 120-дан астам этникалық топ­тар арасында бірлік пен достықты, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайта отырып, әр алуан мәдениеттер, діндер мен дәстүрлер тоғысында ортақ диалог пен ынтымақтастықтың, жарқын жасампаздықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бүгінгідей жаһандық сын- қатерлер жағдайында және қоғамның тұрақтылығы үздіксіз дамудың негізгі үрдісіне …

БЕЙБІТШІЛІК – ЕҢ АСЫЛ БАЙЛЫҚ Read More »

«ХАЛАЛ» ШҰЖЫҚҚА ШОШҚА ЕТІ ҚОСЫЛҒАН

Өнім сапасы — тұтынушыларды алаңдататын басты мәселелердің бірі. Сатып алынған өнімнің сапаға сай келмей, тұтынушының көңілінен шықпай жататын кездері аз емес. Аталған мәселе тек бақылаушы органдарды ғана емес түрлі ұйымдарды да алаңдатып отыр. Соңғы уақытта арнайы мекемелерден бөлек жекелеген ұйымдардың да мони­торинг жүргізуіне жол ашылуы осының дәлелі. Қоғамдық бақылаудың күшеюі, өндірушілер мен сатушылардың жауапкершілігінің артуына …

«ХАЛАЛ» ШҰЖЫҚҚА ШОШҚА ЕТІ ҚОСЫЛҒАН Read More »

“АРХЕОЛОГТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛА ОРНЫН ҚАЗУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ”

Жуырда өңірімізге жұмыс сапарымен К.А.Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры, жерлесіміз Марал Хабдулина келіп-кетті. Ол Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп пен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің білім алушыларымен кездесіп, өркениеті өрістеген, қойнауы сырға толы қазақ жерінің археологиялық байлықтарымен таныстырды. Тарих ғылымдарының кандидатымен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Марал Қалымжанқызы, ғылымның айналасында жүр­ген …

“АРХЕОЛОГТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛА ОРНЫН ҚАЗУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ” Read More »

Көктемгі егісті қаржыландыру басталды

Елімізде Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілектерін ескере отырып, осы жылдың 29 қарашасынан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру басталды. “Президенттің тапсыр­ма­сын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс жә­не егін жинау жұмыстарына 700 млрд. теңгеге дейін ба­ғыт­талады, оның 560 млрд. теңгесі капиталдың нарық­тық көздерінен тартылатын болады. Бүгіннен бастап “Аг­рарлық несие корпора­ция­сы” …

Көктемгі егісті қаржыландыру басталды Read More »

Сәтті инвестициялық жобалар

Петропавлда облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың қатысуымен жаңа жобалар бойынша инвестициялық тур ұйымдастырылды. Өңірде қазіргі уақытта жалпы сомасы 755,5 млрд. теңгенің 46 жобасы жүзеге асып жатыр. Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында қолға алынған бұл жобалардың 16-сы биыл іске қосылмақ. Тартылған инвестиция – 35,9 млрд. теңге. Бұл жобалар өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа жұмыс …

Сәтті инвестициялық жобалар Read More »

ТІРЕК МЕКТЕПТЕР – АУЫЛДЫҢ ТІРЕГІ

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары маңызды әлеуметтік нысандарды аралаумен жалғасты. Кездесулерде Президент тапсырмаларының іске асырылуы, Үкіметте қабылданған шешімдер мен өзекті мәселелер талқыланды. Мектеп пен балабақшадағы кез­десумен қатар вице-премьер жоға­ры құрылыс-экономикалық кол­лед­жінде дуалды оқыту жүйесімен танысты. Колледжде сантехникалық, дәнекерлеу, ағаш өңдеу, тас өңдеу және аспаз мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Вице-премьер колледждің зама­науи …

ТІРЕК МЕКТЕПТЕР – АУЫЛДЫҢ ТІРЕГІ Read More »

Байыпты байланыстар бағдары

Ресейдің Уфа қаласында Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Шараға екі елдің басшысы бейнебайланыс режімінде қатысты. Пленарлық отырыста облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, аймақаралық ынтымақ­тастықтың маңызды тұстарын атап өтті. Форум аясында Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалым­жан Қойшыбаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және басқа да облыс әкімдері Башқұртстан Рес­публикасын басқару орталығы …

Байыпты байланыстар бағдары Read More »

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӨСІМ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облысымыздың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстары – 27,3, оның ішінде тұрғын үй құрылысы 22,9, ауыл шаруашылығы тауарын өндіру 30,2, инвестиция көлемі 9,4 пайызға артқан. Жалпы экономиялық өсім 16,5 пайызды құрап отыр. Облыстық экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қалижанов өз …

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӨСІМ Read More »

Тіршіліктің тірегі — ана

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің кезекті отырысында отбасыларды қолдау мен дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу институтын нығайтуға байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Отырысты облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов ашты. Ол аналар кеңесінің әлеуметтік келісімді нығайтудағы және отбасыларды қолдаудағы маңыздылығын атап өтті. Шара барысында бірқатар қыз-келіншек ұлтаралық келісімді, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. …

Тіршіліктің тірегі — ана Read More »

СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫС

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Пет­ро­павл қаласы мен Қызылжар ауданы бойынша қорғанысы нығайтылып, кеңейті­ліп жатқан 8 бөгеттің құрылысын тексерді. Бұл жұмыстарға 158 техника тарты­лып, 1,5 миллион тонна инертті материал жет­кі­зіл­ген. Сөйтіп, бөгеттердің биіктігі ай­тар­лықтай ұлғайтылған. Прибрежное мен Теп­лич­ное ауылдарында жұмыс аяқ­талып, облыс орталығында жалғасуда. Мамандардың айтуынша, жан-жақты жүр­гізілген ғылыми талдамалар биылғы тас­­қын кезіндегі судың ең жоғары …

СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫС Read More »

Ең ірі салық төлеуші

Қыркүйек айында Петропавлда алкогольді сусындар шығаратын зауыт  қайта іске қосылғаны белгілі. Жобаны жүзеге асыруға 13 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорында болып, өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі саналатын зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорынға заманауи еуропалық қондырғылар орнатылған, процесті автоматтандырудың арқасында өнімділік бірнеше есеге дейін ұлғайыпты. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап …

Ең ірі салық төлеуші Read More »

“Қордан бөлген ақшасы қолда кеткен…”

Баяғыда біреудің үйі өртеніп жатса, екінші біреу сол өртке қойының басын үйтіп жатыр дейді. “Аңқау елге арамза молда” болып, халықтың қайғысының үстінен пайда тауып жүргендер қазіргі қоғамда да бар. Онсыз да алаяқтарға алданып, тістей-тістей бармағы қажалған аңқау жұрттың бар сенгені қайырымдылық қорлары еді. Бірақ бүгінгі заманды жайлаған пайдакүнемдік бұл саланың да ішіне еніп үлгеріпті. Экран …

“Қордан бөлген ақшасы қолда кеткен…” Read More »

Жауынгерлерге – жайлы ғимарат

Өңірімізге жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабеков келді. Ол облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің жағдайымен танысып,  сарбаздардың тамақтанатын ас бөлмелерін тексерді. Сондай-ақ жауынгерлердің жатын орындары мен қолданатын қару-жарақтарының сапасы назарға алынды. Ішкі істер министрінің орын­ба­сары әскери бөлімнің жеке құ­рамымен кездесу өткізді. Кезде­су барысында …

Жауынгерлерге – жайлы ғимарат Read More »

Аралағаштықтарды алаңдатқан ахуал

Егемендіктің елең-алаң шағында тапшылық пен жоқшылыққа еріксіз тап болған талай елді мекен тұрғындары тұрмысқа жайлы жер іздеп, үдере көшкені, облыс, аудан орталықтарын, ірі кенттерді сағалағаны белгілі.  Бұл кезеңді  тәуелсіз мемлекет ретінде ірге көтерген Қазақстанның уақытша қиындығы, ұлттық рухани жаңғыруға бет алған қадамы, қалыптасу жолы деп түсінгендердің бірі – аралағаштықтар қиындыққа қарсы тұра алатын тас-түйін бекемдігінен, …

Аралағаштықтарды алаңдатқан ахуал Read More »