«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЕТЕК АЛЫП ТҰР

Облысымызға жұмыс сапа­рымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері келді. Олар Петропавл қаласындағы бірқатар әлеуметтік және меди­циналық мекемелерді аралады. Комиссия мүшелері табан ті­реген алғашқы мекеме – №1 қала­лық емхана. Емдеу мекемесінде өткен кездесуде жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында­ғы ерте жүктіліктің алдын алу мә­селелері …

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЕТЕК АЛЫП ТҰР Read More »

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСКЕН ШАҚ

Өңірде күзгі орақ науқаны, жаңа оқу жы­лына дайындық жұмыстары қызу жүріп жа­тыр. Облыстық әкімдікте өткен кеңесте егін жинау жұмыстарының барысы мен ауыл шаруашылығы техникасының әзірлігі, сон­дай-ақ білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жан-жақты талқылан­ды. Биыл өңірімізде жалпы аумағы 4,3 млн. гектар алқаптан дәнді дақыл жинау жоспар­ланған. Мамандардың айтуынша, егіс ал­қаптарын әртараптандыру мақсатында күн­бағыс, зығыр, …

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСКЕН ШАҚ Read More »

БАЙ БОЛАМЫН ДЕП БАРЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАР

Қор нарығы – тәуекелі мен қаупі көп қаржылық алаң. Бұл салада табысқа жету үшін адамға білім мен білік, дағды мен тәжірибе керек. Бағасы сәт сайын құбылатын құнды қағаздар, акциялар мен облигациялардың құнын алдын ала болжап білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті тәжірибелі жандардың өзі бұл салада қателікке ұрынып, құнды қағаздар нарығында ақша жоғалтып жатады. …

БАЙ БОЛАМЫН ДЕП БАРЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАР Read More »

«ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ» – 68 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Оқушылар сарайында педагогтардың облыстық тамыз кеңесі өтті. Оған өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды. Жиында өткен оқу жылының негізгі жетістіктері сараланып, алдағы басым бағыттар айқындалды.  Алқалы басқосуға еліміздің әр өңірінен тәжірибелі ұстаздар, салалық сарапшылар мен білікті мамандар ша­қырылып, білім беру жүйесін жетілдіруге арналған тың жобалар мен …

«ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ» – 68 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Read More »

ҚАТЕРЛІ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП

Біздің өңіріміз онкологиялық аурулардың таралуы бойынша республикада Қарағандыдан кейінгі екінші орында тұр. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында өңірде 913 жаңа жағдай тіркелген. Бүгінде облыста 11 588 адам диспансерлік есепке алынған. Облыстық онкологиялық орталық ди­ректоры Олег Дудяктың айтуынша, ең көп таралған ауру түрлері өкпе, колоректальды және сүт безі обыры. Биылғы жарты жылда 109 адам өкпенің қатерлі …

ҚАТЕРЛІ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП Read More »

КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ТҮСІМІ ЖАҚСЫ

Өңірде күздік дақылдарды жинау толығымен аяқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сәйкес, жалпы ауданы 3,1 мың гектар алқаптан 9,2 мың тонна өнім алынып, орташа түсім 29,3 центнерді құраған. Бұл көрсеткішке Шал ақын, Айыртау, Қызылжар және Мамлют аудандарының диқандары елеулі үлес қосты. Күздік бидай 1,6 мың гек­тардан жиналып, 5,8 мың тон­на өнім берді, әр гектардан …

КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ТҮСІМІ ЖАҚСЫ Read More »

АДАМ САУДАСЫ – АЗҒЫНДЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ

Елімізде адам саудасы тыйылар емес. Биылдың өзінде мұндай жантүршігерлік жайтқа қатысты 78 жағдай тіркелген. Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда адам саудасына байланысты 150-ге жуық қылмыс орын алып, 50-ге тарта жәбірленуші жапа шегеді екен. Дүниежүзіндегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер, ал осы санның үштен бірі балалар көрінеді. Адам құқығын аяққа тап­тайтын ғаламдық індетке …

АДАМ САУДАСЫ – АЗҒЫНДЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ Read More »

ҚЫЛҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҚҰДІРЕТ

Өнертанушылар арасында «Сурет – көзбен көретін поэзия, поэзия – сөзбен жазылған сурет» деген сөз бар. Өкінішке қарай, көрме залдарындағы құлаштай картиналарға тамсанатындар көп болғанымен, олардың айтар ойын, мән-мағынасын түсінетіндер аз. Десе де өңірде аталған өнер түрін дамыту үшін ірі жобалар жүзеге асып келеді. Облыс орталығында ашылған «Botai» арт-галереясы – соның бір дәлелі. Мәдениет ошағында әлемнің …

ҚЫЛҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҚҰДІРЕТ Read More »

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Облыста АИ-95 маркалы бензин кей жанар-жағармай бекеттерінде арнайы карта және талонмен сатылып жатыр. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бұл – уақытша тапшылық. Жақында өңірге сұйық отын жеткілікті деңгейде әкелініп, жағдай қалыпқа түседі. Ал Петропавлдағы «Эталон Авто» желісінің үш бекетінде бензин тек талон және арнайы картамен ғана саудалануда. Мұндай жағдай «Trassa» желісінің бекеттерінде де …

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ Read More »

ЖАЙҚАЛҒАН ЕГІН ЖАУЫН АСТЫНДА ҚАЛМАСА ИГІ

Былтырғы күзгі жиын-терім науқаны жергілікті диқандарды біраз әбігерге салғаны белгілі. Қыркүйекте толассыз жауған жауын-шашын орташа көпжылдық көрсеткіштен едәуір асып, астықтың бір бөлігі шіріп кетті. Шаруалардың бір жылғы еңбегі зая кетіп, олардың қосымша шығынға ұшырағаны тағы бар. Биылғы жағдай қандай? Облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасының деректері­не сүйенсек, биыл өңірдегі 3 023,2 мың гектар жерге дәнді да­қылдар егілген. …

ЖАЙҚАЛҒАН ЕГІН ЖАУЫН АСТЫНДА ҚАЛМАСА ИГІ Read More »

БОТАЙДАН БҮГІНГЕ ДЕЙІН

Еуразия даласы – мұз дәуірінен кейін жылқылар аман қалған жалғыз құрлық. Кейінгі неолит пен энеолит дәуіріндегі су мен температуралық жағдайдың өзгеруі дала экосистемасының дамып, онда тұяқты жануарлардың еркін жайылуына қолайлы жағдай туғызды. Equus caballus жылқы тегінің филогениясында Ботай жылқылары мен Ботай мәдениеті ерекше орын алады. Бұл туралы деректерді ықшамдағанның өзінде бір мақаланың көлеміне сыйғызу мүмкін …

БОТАЙДАН БҮГІНГЕ ДЕЙІН Read More »

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ

Қызылжарда Мағжан орталығы ашылды. Салтанатты шараға өңірімізге жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, есімдері елімізге белгілі ғалымдар мен қаламгерлер қатысып, қазақтың бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен жыр пайғамбарының ғұмыры жайлы сөз сабақтап, жылы лебіздерін білдірді. Петропавлдағы сәулет ес­керткіші саналатын бұрынғы Қалыңдық үйіне жөндеу жүргізіліп, ол жерде ұлт ақынының …

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ Read More »

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ

Облысымызға жұмыс сапары аясында Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев Айыртау ауданындағы Ботай қонысына барды. Өңірдегі туризм саласының  даму барысымен танысып,  «Ботай – ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозиумының қатысушыларымен кездесті. Суретшілер, археологтар және тарихқа құмар жастармен болған кездесуде Ботай мәдениетін әлемге таныту, туристер тарту жайы кеңінен сөз болды. Симпозиумға әлемнің бірнеше елінен келген қылқалам шеберлері Айыртау …

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ Read More »

АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ

 Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы ел бойынша кең көлемде аталып өтті. Хәкімнің туған өңіріндегі руханият тойының дүбірі барша қазақ даласына жетіп, әр өңірде танымдық-әдеби шаралар ұйымдастырылды. Қызылжарлықтар да бірнеше күн бойы рухани кештердің куәсі болып, Абай бұлағынан сусындады. Ойшылдың туған күнінде еліміздің әр өңірінде ақын ес­керткіштеріне гүл шоғын қою рәсімі өтті. …

АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ Read More »

МЕКЕНЖАЙЫ ЖОҚ БАЛА

 Қасымның тұрақты мекенжайын сұрай қалсаңыз, одан нақты жауаптың орнына, ақтала жөнелгенін еститін едіңіз. «Ұшарын жел, қонарын сай» біледі дейтін адам осындай-ақ болар. Өзі дүние жиып, бір жерге орнығып тұрып көрмеген адам. Үй алып, өз отауының отын тұтатуды ойламайтын да сияқты. Оның сыртында мінез-құлқының көпке оғаш көрінетін тұстары жетіп артылады. Әділжан МЕРЕЙҰЛЫ, 43 жаста. Отыздан асса …

МЕКЕНЖАЙЫ ЖОҚ БАЛА Read More »

«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚИТЫН БАЛАЛАР ӘЛІ ДЕ АЗ»

Облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеті – өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметін реттеу, білім сапасын бағалау және қамтамасыз ету. Департамент басшысы Гүлнар Таласбаевамен өңірдегі білім сапасы, кадр тапшылығы, мектептердің жабылуы және педагог мәртебесі жөнінде әңгімелестік.  – Гүлнар Темірболатқызы, білім сапасы қалай бағаланады, негізгі критерийлер қандай? – Білім беру сапасы ғима­раттың жағдайына қарап неме­се …

«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚИТЫН БАЛАЛАР ӘЛІ ДЕ АЗ» Read More »

 ЖҮЛДЕГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов республикалық командалық айтыста жүлделі орын иеленген өңір командасымен кездесіп, елеулі жеңісімен құттықтады. С. Мұқанов атындағы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен ша­раға мәдениет саласының ардагерлері, аға буын өкілдері мен айтыс ақындары қатысты. – Мегажобада солтүстікқазақстандықтар жүлделі үшінші орын иеленіп, ел мерейін асырды. Біржан Есжан «Үздік дәстүрлі әнші» аталымында жеңімпаз атанды. Ал академик-жазушы …

 ЖҮЛДЕГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ Read More »

АУДАНДАРДАҒЫ СУБАЙМАҚ

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың төрағалығымен Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штабтың) отырысы ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік даму институттарының – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Солтүстік» ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, сондай-ақ облыс прокуратурасының өкілдері қатысты. Кеңес осы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы инвестиция тарту жұмыстарының …

АУДАНДАРДАҒЫ СУБАЙМАҚ Read More »

БЕЙНЕ ҚАДАҒАЛАУ – ҚЫЛМЫСТЫҢ АЗАЮЫНА СЕП

 Қадағалау органдары құқықтық мәдениетті қалыптастыра отырып, қадағалау шараларын жүзеге асыру барысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының көмегіне жүгіну тәжірибесін кеңінен қолдана бастады. Биыл бұл жаңашылдық қала мектептеріне енгізіліп, облыс прокуроры Қайрат Әбдіхановтың ұсынысымен алты білім ошағына «PROTECTOR AI» жасанды интеллектісі бар бейнебақылау жүйесі орнатылды. Енді камера суретке түсіріп қана қоймайды, бұдан бөлек, оқушылардың мінез-құлқы талданып, жағымсыз …

БЕЙНЕ ҚАДАҒАЛАУ – ҚЫЛМЫСТЫҢ АЗАЮЫНА СЕП Read More »

СЕГІЗ МЕКТЕП ЖАБЫЛАДЫ

 Биыл облыстағы 35 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде. Олардың қатарында 2 балабақша, 26 мектеп және бірнеше колледж бен қосымша білім беру ұйымы бар. 59 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, биыл нысандарды жөндеуге 4,2 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда барлық жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Бұл орайда он бір …

СЕГІЗ МЕКТЕП ЖАБЫЛАДЫ Read More »