ТАРИХҚА ТЫҢ КӨЗҚАРАС
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өңірімізде өткен тарих пәні мұғалімдерінің тұңғыш съезінде делегаттар “Қазақстан тарихы” пәні бойынша мектеп бағдарламасында бұрын болған және осы жастағы оқушылардың түсінігіне қолжетімді тақырыптарды қайтару, “Қазақстан тарихы” және “Дүниежүзі тарихы” пәндерінің оқу бағдарламасы мазмұнын жаңарту мәселелеріне қатысты өз ойларын білдірген болатын.