ЕКІ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, 4 адам қаза болды
6 желтоқсан күні “Жезқазған-Петропавл” автожолының 809 шақырымында “Москвич-412” және “Toyota-Avensis” көліктері бетпе-бет соғылды. Бұл соқтығыстың салдарынан “Москвич-412” автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болса, біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. “Toyota-Avensis” көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары да түрлі дене жарақаттарын алып, олар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, “Москвич” автокөлігінің жүргізушісі …