Батпақты көл бақылауда
Соңғы күндері ауа райы жылынып, қыстай жауған қар күрт ери бастады. Көшелер суға толып, кішігірім көлшіктерден тұрғындардың аяқ алып жүруі қиындап кетті. Облыста тасқынның алдын алу шаралары тыңғылықты жүргізілгені белгілі. Биыл Мамлютка қаласында да бұл жұмыс жоспарлы жүзеге асуда. Еріген қар суынан сақтану үшін Мамлют ауданының әкімдігі өткен жылдары екі электр су сорғыш қондырғы орнатқан. …