ПЕТРОПАВЛДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ГАРАЖДАР АЛЫНАДЫ
Жыл басынан бері мамандар Петропавлдағы аулаларда заңсыз орнатылған 38 гаражды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері мамандар Петропавлдағы аулаларда заңсыз орнатылған 38 гаражды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқушылар сарайында Қазақстанның халық жазушылары Ғабит Мүсіреповтің 120, Сафуан Шаймерденовтің 100, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлылар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық полицейлер «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде қыздың атынан жалған парақша ашып, жас жігіттерді алдап, қарызға ақша сұраған 16 жастағы ұл баланы қолға түсірді. Пысықай алдымен жәбірленушілермен танысып, хат алмасып жүрген. Кейін берешекке ақша сұрап отырған. Алайда қарызын қайтаруға асықпаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойған тиісті қаулы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Наурыз айында мамандар республикалық маңызы бар автожолдарда 17 тексеріс жүргізіп, бірнеше кемшілікті анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавлда балаларға ойын алаңдары орнатылатын аулалардың тізімі жасалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ер адам наурыздың 5-нен 6-сына қараған түні Есіл ауданындағы Покровка ауылының маңында жоғалып кеткен болатын. Мамандар оны 9 күн іздеп, денесін тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
(Әңгіме) Шешем – ет пісірудің және оны сүрлеудің нағыз шебері. Әйтеуір біздің үйге қонақ болып аттанатындардың тарапынан “соғым етіңіз дәмді екен, қалай сүрледіңіз, қандай құпиясы бар?” деп шешеме қарата мақтау айтылып жататыны есімде.
Тағдырымның тамшылары Жүйрік жылдар жарысқан ғасырларға, Ақ парағы уақыттың ашылғанда. Қарғалар ізіменен өрнектейді, Сәби гүлі қауызынан ашылғанда. Ақ пен қара айқасы басылған ба!? Күн сәулесі үйір ғой жасыл қанға. Түнде менің жүрегім тұтқындалып, Күнде менің түседі басым дауға. Ғұмырымды ұрттаған уақыттар-ай, Ұшып өткен басымнан бақыт талай. Торғай үн топқа түсіп шырылдаса, Таңдайым …
2021 жылғы 24 маусымда Кәсіпкерлік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік санаттары, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі туралы жаңашылдықтар бар. 79-1-бапқа сәйкес, азаматтар мен қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететін кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі әлеуметтік кәсіпкерлік болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездескенде еліміздегі қазіргі қалыптасқан ахуалға тоқталып, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығын арттыру қажеттігін айтқан болатын. “Бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр. Мұның стратегиялық мәні бар”, – дей келіп, қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейтінін, …
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 5 күн ішінде іздеуде жүрген 10 адамды тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кеше Қазақстанда 54 адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Халықтың қадірін, қасиетін, мыңжылдық дәстүрі мен тәжірибесін, көркемдік, пәлсафалық, әлеуметтік көзқарасын, қаһармандық рухын, ата кәсібін, тілін, діни, даналық қағидаттарын, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, әдебін, жөн-жосықтарын, өнерін, ой-арманын, мінезін жете түсініп, мұздай қаруланбайынша, кемел, көреген, бекзат, намысты көшбасшы атану – қиынның қиыны. Ұлттың қорғаны мен мерейі, рухының сақшысы мен кепілі – шынайы лидер халықтың керегін тауып береді, қымбат …
Ел басқару, тұлға атану, көш бастау немесе “Ғадәлет пен мархамат — көп азығы” Read More »
Жыл сайын 15 наурызда әлемнің көптеген елдерінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні атап өтіледі. Биыл “Consumers International” дүниежүзілік тұтынушылар ұйымы цифрлық қаржылық қызметтер сегментіндегі тұтынушылар құқықтарына баса назар аударуды ұсынды. Сондықтан биыл дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін “Әділетті цифрлық қаржылық қызметтер” ұранымен өткізу туралы шешім қабылданды.
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! Алаш ақыны Мағжан Жұмабаев жастардың болашағынан мол үміт күткен. Сол жастар ақынның сенімін ақтады ма десе, “иә” деп жауап беремін де, бүгінгі күнге келгенде сәл кібіртіктеп қаламын. Олай болатын себебі, Екінші дүниежүзілік соғыста қазақтың өрімдей ұлдары жаумен қиын-кескі шайқастарда теңдессіз ерлік көрсетті. Ел экономикасын көтеру …
Биыл Ұлттық ұлан академиясының құрылғанына 25 жыл толады. Академия ашылғаннан бері төрт мыңға жуық офицер даярлап шығарды, қазіргі уақытта сардарлар Қазақстанның Ұлттық ұланында, Қарулы Күштерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Ішкі істер органдарында, сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстанның күштік құрылымдарында сап бастап, жоғары лауазымды қызметтер атқаруда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттайды деген сөзді естіген жұртшылық сенбі, жексенбі күндері жаппай сауда нүктелеріне қарай ағылды. Салдарынан ығы-жығы кезек пайда болды. Мәселен, мен бас сұққан супермаркеттің сатушылары қант пен тұздың түгесілгенін хабарлап, күріш, жарма, макарон өнімдерін шектеп сатуға кіріскендерін жеткізді.
“Amanat” партиясының “Болашақ” филиалының мүшелері республикалық саяси ұйымның кезектен тыс ХХІІ съезінде партия Төрағасы қойған басым міндеттерді талқылады.