«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

ЗАҢҒА БАҒЫНУ – БҰЛЖЫМАС МІНДЕТ

Адам құқығын қорғау саласында еліміз едәуір алға басқаны жайлы “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” Жолдауында айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды. Үкімет бекіткен кешенді жоспар Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін …

ЗАҢҒА БАҒЫНУ – БҰЛЖЫМАС МІНДЕТ Read More »

ІЗГІЛІК ПЕН ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Облыстық әкімдік ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өтті. Мерекелік кешке қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов аяулы жандарға ақ тілегін арнап, әйелдер – тіршіліктің тұтқасы, өмірдің нәрі мен сәні екенін айтты.

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕКИНДЕГІ ПАРАЛИМПИАДАДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Қазақстан құрамасынан Паралимпиада ойындарындағы биатлон жарысына  (10 шақырым)   қатысып жатқан жалғыз спортшы Александр Герлиц қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

АЛТЫН ҚҰРСАҚ

“Әйел бір қолымен бесікті тербет­се, екінші қолымен әлемді тербетеді” деген аталы сөз бар. Кешегі тоқырау жылдарында тәлімді ұрпақ өсіріп қана қоймай, оларды ел игілігі жо­лында еңбек етуге тәрбиелеп, ата дәстүрді құрметтеуге үйреткен ана­лардың еңбегі қашанда елеулі. Ха­лықаралық әйелдер мерекесі қарса­ңында шаңырақтың шаттығы, отба­сы­ның киесі, он үш баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана, “Алтын алқа” иегері …

АЛТЫН ҚҰРСАҚ Read More »

НАУҚАСТЫҢ САУЫҚҚАНЫН КӨРУ – БАҚЫТ

Өз басын қатерге тіге отырып, өзгенің өміріне араша түсетін мамандықтар санаулы, ішіндегі ең асылы әрі абыройлысы – дәрігер. Бойында өз ісіне деген сүйіспеншілік, ал жүрегінде мейірім жоқ жанның бұл мамандықты алып жүруі неғайбыл. Облыстық көпбейінді аурухананың терапевт дәрігері Ботагөз Сүлейменованың денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүргеніне 40 жылға жуықтады. Соңғы екі жыл күн-түн демей әлемді …

НАУҚАСТЫҢ САУЫҚҚАНЫН КӨРУ – БАҚЫТ Read More »

Замандастарына үлгі

Өмір болған соң аяғын аңдамай басып, істі болып, темір тордың ар жағынан бірақ шығып жататындар аз емес. Ондайда кейбіреулерінің салы суға кетіп, өмірден баз кешеді. Осындайда тығырықтан шығудың амалын айтып, ақыл қосатын адам аса қажет.

БАЛАЛЫ ҮЙ — БАЗАР

Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Сулышоқ ауылында 17 баласы бар отбасы тұрады. Асхат Нүсіпов пен Гүлнұр Ахаева өздерінің жеті баласынан бөлек, жетімдіктің тауқыметін тартқан он жеткіншекті бауырына басқан. Балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіруде.

Шуақ боп шашылғандар

Облыс орталығындағы “Royal palace” мейрамханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай “Әйелдер күштерінің альянсы” және “Солтүстік Қазақстандағы іскер әйелдер альянсы” “Мейірімділік пен сұлулық әлемді қорғайды” деген атаумен шара өткізді. Онда облысымыздағы өмірдің түрлі саласында жемісті қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер марапатталды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ ӘКІМДЕРДІ БАҒАЛАУ РЕЙТИНГІНДЕ 7-ШІ ОРЫНҒА ЖАЙҒАСТЫ

TopPress.kz ақпарат порталы облыс әкімдерін бағалау рейтингісінің қорытындысын жариялады. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов 71% көрсеткішпен 7-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ: БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ – САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ОРЫНДАУ

Бүгін облыстық әкімдікте «AMANAT» партиясы активінің жиыны өтті. Саяси ұйым өкілдері 1 наурызда өткен кезектен тыс 22 съезде айтылған мәселелердің шешімін қарастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«КӨКТЕМ-2022»: ҚҰТҚАРУШЫЛАР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАН БАЛАЛАР МЕН ҚАРИЯЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ «КӨШІРДІ»

Қызылжар ауданында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі өтті. Оған 200 құтқарушы мен 40 арнайы техника тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

БИЫЛ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИҚАНДАР ТҰҚЫМ САПАСЫН ТЕКСЕРУГЕ БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫДАН ҚАҒЫЛДЫ

Биыл солтүстікқазақстандық диқандар тұқым сапасын тексеруге бөлінетін қаржыдан қағылды. Жыл сайын тұқым сапасын тексеру үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінетін. Биыл шаруалар өз қалталарынан төлейтін болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ФЕРМЕРЛЕРДІ ҚЫРАҒЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, ОҢАЙ ОЛЖАҒА ҚЫЗЫҚПАУҒА ШАҚЫРДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жүргізген агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласындағы кешенді талдау қорытындысы мәлім болды. Оның нәтижесінде 11 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ШАРШЫ МЕТРІ 160 ТЕҢГЕ

Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылы 738 тұрғын үй ипотекаға беріледі. Көпбалалы және толыққанды емес отбасылар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандар «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспаналы бола алады. Алғашқы жарна 10%-ды құрайды, жылдық мөлшерлеме — 2 %, несие 20 жылға беріледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ЕЛІМІЗДЕ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЖАҢАША ОҚЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Петропавлда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен республикалық съезд ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен 300-ге жуық білікті педагог қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.