«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ

Ауылдық округ әкімдері есеп беріп болды. Кездесулерде тұрғындар өздерін толғантқан мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, атқарылған іс-шаралармен қоса алда атқарылатын жұмыстармен де тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Түйіні күрмеулі проблемалар тиісті билік орындарының назарына  ұсынылып, орындалуы хабардар етіліп отыратын болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, есепті кездесулер жекелеген азаматтар тарапынан да қоғамдық белсенділік пен бақылау тетіктерін ширатып, …

ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ Read More »

ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР УАҚЫТЫ

Кез келген мемлекеттің дамуы тұрақтылық пен келісімге, тыныштық пен тұтастыққа негізделеді. «Қаңтар қасіреті» біртұтас ел болып ұйысудың, ауызбірліктің, өзара түсіністіктің қаншалықты маңызды екенін айғақтап берді. Сүттей ұйыған бірлікке сызат, жарықшақ түссе, оны елемеудің, ескермеудің  ақыры  адам айтқысыз ауыр қасіреттерге, қантөгістерге, небір лаңкестік  әрекеттерге соқтыратынын  көзбен көріп, жүрекпен сезіп отырмыз.

АПАТ САНЫ АЗАЙҒАН

Облысқа жұмыс сапарымен төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев келді. Ол Оқушылар сарайында ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, Төтенше жағдайлар министрлігінің туын жергілікті департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамил Камаловқа табыс етті.

БІЗ БАРШАҒА АШЫҚПЫЗ

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес үш жылдық мерзімге сайланған қоғамдық кеңестердің өкілеттік мерзімі аяқталып, аталмыш заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде жаңа құрам жасақталды. Біздің облысымызда да облыстық мәслихаттың шешімімен 21 адамнан тұратын қоғам белсенділерінің басын қосқан құрылым өз жұмысын бастап кетті. Біз бүгін жаңа құрамның алдында тұрған міндеттер, жалпы қоғамдық кеңестің қызметіне қойылатын …

БІЗ БАРШАҒА АШЫҚПЫЗ Read More »

ЖАҒДАЙМЕН ЖАҚЫНЫРАҚ ТАНЫСПАҚ

Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары тұрғындармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік мәселелерімен жіті танысуда. Облыс әкімі Құмар Аққсақалов Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерлік Тайжанов пен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Дмитрий Колодамен жүздесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды.

ЖАҢА КОРПУС ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ТАРТУҒА СЕП БОЛМАҚ

Солтүстік Қазақстан облысына келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусы құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ КЕЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода жергілікті мәслихат депуттарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚАЗАҚСТАНДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ

Ел аумағында тұрғындар мен бизнес саласына қатысты карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді. Енді Қазақстан азаматтарына елге кірер кезде ПТР-сынамасын тапсыру міндетті емес, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СЫРҚАТТАНҒАН 5 АЙЛЫҚ СӘБИ ПЕТРОПАВЛДАН НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ КЛИНИКАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Кеше ішіне сұйықтық жиналып, ісініп кеткен Ксюша есімді қыздың ата-анасы Нұр-Сұлтандағы дәрігерлер қабылдамаудан бас тартып жатыр деп шағымданғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Бүгінде бұл мәселе шешімін тапқандай. Облыстық денсаулық сақтау саласының мамандары науқас сәбидің елордалық клиникаға жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шығын табыстан аспауы тиіс

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығын­дарының айырмашылығы бақылауға алынады. Парламент Мәжілі­сін­де ресми табысы мен шығынында айырмашылық бар шенеунік­тер­ге шара қолдану туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұл­данды.

Жастарға клуб қажет

  Николаевка – өңірдегі іргелі ауыл­дардың бірі, тұрғындар саны 1400-ге жуық. Мұнда ісі өрге басқан шаруа­шы­лықтар баршылық. Дүкен, екі дәм­хана, астық қабылдау пункті, дәріха­на, монша, қарттар үйі жұмыс істейді. Былай қарасаң, барлық әлеуметтік жағдай жасалғандай көрінгенімен, көптен бері ауылішілік жолдың жайы қатты қинап отыр. Сайланғанына жар­ты жылдай ғана болған Николаевка ауылдық округінің әкімі Нұрбек Сапа­ровтың …

Жастарға клуб қажет Read More »

ПЕТРОПАВЛДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚАШАН АШЫЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында 480 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл ел бойынша аймақта салынып жатқан халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы медициналық мекеме, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

XIII ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА 3 СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

XIII қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасы анықталды. Бейжіңде өтетін сайыста еліміздің намысын 5 спортшы қорғамақ. Олар: солтүстікқазақстандық Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, қостанайлық Юрий Березин және Ақмола облысының өкілі Денис Петренко. Қазақстандық азаматтар спорттың 2 түрі бойынша сынға түседі: шаңғы жарысы және биатлон, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ПЕТРОПАВЛДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ КЕНТІНДЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР БОЙ КӨТЕРЕДІ

Бұл жайында облыстық кәсіпкерлік палатасындағы жиында өңірдегі құрылыс компаниясы басшыларымен кездескен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеев мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

“СӘБИ” ҚОРЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ТАРТУЫ

Облыстық балалар ауруханасында жаңартылған балалар шұғыл хирургиясы бөлімшесі ашылды. “Сәби” қайырымдылық қорының қолдауымен 335 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, ота жасайтын заманауи қондырғылар сатып алынды. Соңғы үлгіде жабдықталған жаңа бөлімшенің ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен “Сәби” қорының президенті Әсел Тасмағамбетова қатысты.

АУЫЛДЫ ҚИНАЙТЫНЫ — САПАСЫЗ АУЫЗСУ

“Nur Otan” партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Артур Платонов, облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта Шал ақын ауданының тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған жиын өтті.