СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА МӘЖБҮР
Ақжар ауданындағы Кіші-Қараой мектебінің қабырғасы көгеріп, едені шіріп, опырылып жатыр. Тозығы жеткен оқу ұясында 72 бала білім алады. Сонымен қатар, шағын орталыққа 15 ұл-қыз барады. Апаттық жағдайда оқитын балалардың ата-аналары оқушылардың денсаулығына алаңдап, дабыл қағуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.